Өлең, жыр, ақындар

Әлемді асырап жатқан құрттай мемлекет

Нидерланды ‑ ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында инновациялық технологияны енгізуде әлемдік көшбасшы ретінде танылған.

2000 жылдан бастап голландтық фермерлерге қолданыста пестицидтерден толығымен бас тарту мүмкіндігі туды, ал 2009 жылдан бастап құс және мал шаруашылығында антибиотиктерді қолдану 60%-ға қысқарды. Ал, қазіргі таңда Нидерланды тамақ өнімдерін сыртқы елдерге шығаруда, көлемі 270 еседен асатын АҚШ‑қа көш тізгінін бере отырып, екінші орынға ие.

Жылыжайлар ауа‑райы‑бақылаулары қондырғыларымен жабдықталғандықтан да, егістікті жыл бойы үздіксіз жинап отыруға мүмкіндік береді.

Оңтүстік Голландия провинциясында орналасқан Вестландтағы жылыжай аумағы ауыл шаруашылығы жер телімінің 80%-ын қамтиды.

Гааг қаласындағы тұрғын үй шатырының үстінде орналасқан көкөніс және балық өнімдерін шығаратын ферма. Балық өнімдерінің қалдықтары тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Тауық өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты голландтық өндірушілер жануарға деген адамгершілік қарым‑қатынасты сақтай отырып, құс шығару өндірісін максималды арттыруға мүмкіндік беретін технология енгізіп, оны жасап шығарды. Аталмыш құс фабрикасында 150 000 құс бар.

Бір уақытта 150 сиырға дейін саууға болатын айналмалы қондырғы.

Қызанақтар балық өнімдері қалдықтарымен тыңайтылатын жылыжай. Нидерланды қызанақ өндіру бойынша және оны экспорттауда көшбасшы орынға ие.

Жылыжайды жарықтандыру мен жылытуда қолданылатын, табиғи газды электр жарығына айналдыратын генератор.

Қажетті су мөлшері мен қоректік заттектерді дәлме‑дәл анықтау нәтижесінде картоп фермалары екі есе көп егістік алқабын береді.

Мұражайда әлемдегі құм түрлерінің 1200 данасы жинақталған. Мұндағы әр түрлі жиынтықтар ауыл шаруашылығы саласындағы одан арғы зерттеулерде маңызды дереккөз болып табылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Арман

Керемет

Төлеш

Қазақстан, үлгі ал!

Ғалымжан

Нидерландының халық саны 17 млн. Біздей екен. Жері бізден әлде кішкентай.

Ерболат

Европалықтарды жамандай бермей үйренейік жұмыс жасауды

Гульназ

Керемет, не деген еңбекқор білімді халық. Бізде солай еңбектенсек, білім алып жаңа технологиялар енгізсек біздің елден асқан бай, білімді озық ел болмас еді. Үлгі алайық, жасайық.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз