Аббревиатура

ААҚ (ААО) – ашық акционерлік қоғамы

АƏА (САР) – арнайы əкімшілік аудан

АƏДИ – адам əлеуетінің даму индексі

АƏК [РВК] – аудандық əскери комиссариат

АБЖ (АСУ) – автоматтандырылған басқару жүйесі

АБҰҒО (ННЦМР) – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

АЕК (МРП) – айлық есептік көрсеткіш

АЕЛ (ЛАГ) – Араб елдері лигасы

АЗИЯКЕҢЕС – Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары кеңесі (АӨШСК – СВМДА)

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы

АҚ (АО) – акционерлік қоғам

АҚДИБ – Адам жəне демократиялық институттар бюросы

АҚК – Адам құқықтары жөніндегі кеңес

АҚТҚ (ВИЧ). – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы (вирус иммунодефицита человека)

АҚШ (США) – Америка құрама штаттары

АӨК//АөК (АПК) – Аграрлық өнеркəсіп кешені

АӨҚО (АРФЦ) – Алматы өңірлік қаржы орталығы

АӨЫСШ (СВМДА) – Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес

АТУ (АТУ) – Алматы технологиялық университеті

АХАЖ (ЗАГС) – Азаматтардың хал актілерін жазу

АШМ (МСХ) – Ауыл шаруашылығы министрлігі

АШТӨ – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

АЭА – арнайы экономиклық аймақ.

АЭБУ(АУЭС) – Алматы энергетика жəне байланыс университеті

АЭС (АЭС) – Атом электр стансысы

АІІБ – аудандық ішкі істер бөлімшесі

АЫД – Азия ынтымақтастық диалогы

АДБ – Азия даму банкі

ӘКШ – адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолуы

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

БАƏ (ОАЭ) – Біріккен Араб Əмірліктері

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

БАМ – Байкал-Амур магистралі

БДҰ ( – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

БЖК – «Бизнестің жол картасы -2020» (бағдарламасы)

БЖСМ (ДЮСШ) – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

БКТ (ЕТТ) – бірыңғай кеден тарифі

БҚАТУ (ЗКАТУ) – Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті

БҚМУ (ЗКГУ) – Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

БҚО (ЗКО) – Батыс Қазақстан облысы

БӨП – бақылап-өткізу пункті

БҰО (НЛО) – белгісіз ұшатын объект немесе беймəлім ұшқыш объект

БСС – бөлшек сауда салығы

БСҰ (ВТО) – Бүкілəлемдік сауда ұйымы

БТЖ (БТЖ) – «Баку-Тбилиси-Жейхан» құбыры

БҰҰ (ООН) – Біріккен ұлттар ұйымы

БҰҰ БА (ГА ООН) – БҰҰ Бас Ассамблеясы

БҰҰБҚ (ДФ ООН) – Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры

БҰҰДБ (ПРООН) – БҰҰ-ның даму бағдарламасы

БҰҰ ЕҚБ – Біріккен Ұлттар ұйымының Есірткімен қылмыс жөніндегі басқармасы

БҰҰ-ЕҚЫҰ – Біріккен ұлттар ұйымы – Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы

БҰҰ ҚК (СБ ООН) – Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі

БЭФ (ВЭФ) – Бүкілəлемдік экономикалық форум

БО – бизнес орталығы

ГМ (ГМ) – генетикасы модификацияланған//гендік модифицерленген

ГМӨ (ГМО) – гендік-модификация өнімдері

ГФР (ГФР) – Германия Федеративтік Республикасы

ҒА – Ғылым Академиясы

ҒЗЖ (НИР) – Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ҒЗИ (НИИ) – Ғылыми-зерттеу институты

ҒЗО (НИЦ) – Ғылыми-зерттеу орталығы

ДБ – Дүниежүзілік банк

ДИЭФ – Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы

ДҚҚ – дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

ДАБ – дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДИК – дүниежүзілік Ислам конгресі

ДЖА – дүниежүзілік жастар ассамблеясы

ДКҰ – дүниежүзілік кеден ұйымы

ДМҰ – дүниежүзілік метеорологиялық ұйым

ДПО – дүниежүзілік пошта одағы

ЕДБ (ЕБР) – Еуразиялық даму банкі

ЕК (ЕС) – Еуропалық Кеңес

ЕК (ЕК) – Еуропалық комиссия.

ЕКПА (ПАСЕ) – Еуропа Кеңесі Парламентік Ассамблеясы

ЕҚДБ//ЕҚҚДБ (ЕБРР) – Еуропа қайта құру жəне даму банкі

ЕҰУ (ЕНУ) – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ЕО – Еуропалық одақ

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

ЖАО – жергілікті атқару органдары

ЖУРФАК – журналистика факультеті

ЖТА – жүрек-қан тамыр аурулары

ЖШС (ТОО) – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖІӨ (ВВП) – жалпы ішкі өнім

ЖАҚ – жабық акционерлік қоғам

ЖЗҚ – жинақтаушы зейнетақы қоры

ЖОО – жоғарғы оқу орындары

ЖЭО – жылу-энергетикалық орталығы

ЖЭС – жылу электр стансысы

ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы

ИДБ (ИБР) – Ислам даму банкі.

ИДО (ИДЦ) – Интернет Дата Орталығы

ИИР (ИИР) – Иран Ислам Республикасы

ИДБ – Ислам даму банкі

ИЫҰ – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы

КОКП (КПСС) – Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы

КСРО (СССР) – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

КТС – корпоративтік табыс салығы

КТУ – кәсіптік-техникалық училище

КХДР (КНДР) – Корей Халық-Демократиялық Республикасы

ҚҚС – қосымша құн салығы

ҚАЖ (УИС) – Қылмыстық атқару жүйесі

ҚазБСҚА (КазГАСА) – Қазақ Бас сəулет-құрылыс академиясы

ҚазГЗУ (КазГЮУ) – Қазақ Гуманитарлық Заң университеті

ҚазҒарыш – Қазақ ғарыш агентігі

Қаз ККА – Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясы

ҚАЗКОМ (КАЗКОМ) – Қазақ коммерциялық банкі

ҚазМҚПУ – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ҚазММУ (КГМУ) – Қазақ мемлекеттік медицина университеті

ҚазЭУ (КазЭУ) – Қазақ Экономика университеті

ҚазҰТУ (КазНТУ) – Қ.Сəтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

ҚБТУ (КБТУ) – Қазақ-Британ техникалық университеті

ҚЖО – Қазақстан Жазушылар одағы

ҚК (УК) – Қылмыстық кодекс

ҚМДБ (ДУМК) – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

ҚПО (КПО) – Қарашығанақ Петролеум Оперэйтинг

ҚМЭБИ (КИМЭП) – Қазақстан Менеджмент, Экономика жəне Болжау институты

ҚР (РК) – Қазақстан Республикасы

ҚСЗИ (КИСИ) – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

ҚТЛ – қазақ-түрік лицейлері

ҚХР (КНР) – Қытай халық республикасы

ҚХА (АНК) – Қазақстан халқы ассамблеясы

ҚызПУ (ЖенПУ) – Қыздар педагогикалық университеті

ҚАЗБАТ – қазақ батальоны

ҚазНет – Қазақ интернеті

Қазпошта – Қазақстан поштасы

ҚТО – қалалық телекоммуникациялар орталығы

ЛГБТ – лесбианкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер.

МАЭК (МАЭК) – Маңғыстау атом энергетика комбинаты

МКҰ – микрокредиттік ұйымдар

МҚК (ГКП) – Мемлекеттік қазыналық кəсіпорын

МКҚК (ГККП) – Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорын

МРТ – магнитті резонансты томография

МТС – машина-трактор станциясы

МЮ – Манчестер Юнайтед

МАИ – мемлекеттік автоинспекция

МХР – Моңғол Халық Республикасы

НУ – Назарбаев университеті

НАТО – солтүстік Атлант Шарты ұйымы

НАФТА – солтүстік-америкалық еркін сауда туралы шарт

ОҚО (ЮКО) – Оңтүстік Қазақстан облысы

ОАР – Оңтүстік Африка Республикасы

ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы

ПА – Парламенттік Ассамблея

ПƏ (АП) – Президент Əкімшілігі

ПИК – пәтер иелері кооперативі

ПАО – парламентаралық одақ

ПОЛИС – полициялық онлайн ақпараттық жүйесі

РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

РТРК – Республикалық теле-радио корпорациясы

РФ – Ресей Федерациясы

СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі

СҚО – Солтүстік Қазақстан облысы

СО – сауда орталығы

СЭС – санитарлық эпидемиологиялық стансысы

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҰӘАҚ – Ұлттық әл-ауқат қоры

ҰБТ – Ұлттық бірыңғай тестілеу

ҰЭП – Ұлттық экономикалық палата

ХВҚ – Халықаралық валюта қоры

ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы

ХФФ (IFF) – халықаралық футбол федерациясы

ХТҰ (IMO) – халықаралық теңіз ұйымы

ХШЖК – халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі

ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы

ШОБ – шағын және орта бизнес

ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы

ЭЕМ – электронды есептеуіш мәшине

ЭХ (ECT) – энергетикалық хартия


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)