Өлең, жыр, ақындар

Білім министрлігі қандай мұғалімдердің еңбекақысы өсетінін түсіндірді

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша бюджет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, еңбек ақы төлемдері туралы ережеге өзгерістер енгізді. Тиісінше, ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің базалық еңбек ақысына қосымша төлем жасалады.

"В1-Intermediate, B2-Upper-Intermediate немесе  C1-C2-Advanced деңгейлеріне сәйкес APTIS, IELTS, TOEFL жүйелері бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар және тілдік деңгейі  пәндерді ағылшын тілінде оқытуға  мүмкіндік беретін диплом қосымшасы бар, физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ жүргізетін  мемлекеттік білім беру мекемелері мұғалімдерінің базалық еңбек ақысына 200% көлемде қосымша  төленеді", — делінеді бұйрықта.

Қосымша төлемақы 2017 жылы 1 қыркүйектен бастап төленеді.

Қазақстанның мектептерінде 2017 жылы 1 қыркүйектен бастап бірқатар пәндерді ағылшын тілінде жүргізу қолға алынды. Тәжірибе нәтижесі бойынша ағылшын тілінде сабақ берудің соңғы кестесі бекітіледі. Республикада пәндік мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputnik Казахстан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Болат

Байқұс ұстаздарымызды қинамай 2000-3000 доллар айлық беру керек, әрине сапалы ұстаздарға

Амина

Көтерсін

Оны мектеп басшысы мен шешем кімге берем кімге бер

Оны мектеп басшысы мен шешем кімге берем кімге бермеймін деп отырған жоқпа бір мектептерде?

Айнұр

МҰҒАЛІМ ӘЙТПЕСЕ ҚАЙДАН АҚША ЖАСАСАМ ЕКЕН ДЕП АЛАҢДАП НЕ АНДА, НЕ МҰНДА ЖОҚ.Ақшаға тәуелді болмаса мектептерде білім сапасы артар еді

Мария

Байғұс ағылшын тілі мұғалімдері. Өз пəнін жетік білумен қоймай, енді басқа пəн спецификасын да жетік біліп, оны ағылшынша түсіндіру керек. Қазіргі ағылшын тілі пəнінің мұғалімдері өте керемет білімді деп айта алмаймын, əсіресе ауылдық жердегі мұғалімдерге əлі көп машықтану керек. Одан да оларды шет елге практикаға жібермей ме, ағылшындарды өз көзімен көрсін.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар