Өлең, жыр, ақындар

Тілдік реформада асығыстыққа жол берілмеуі керек - БҒМ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім беру мекемелерінде латын графикасында қазақ тілінің әліппесін енгізудің жоспары жайында баяндады.

«Жаңа графика бекітілген жағдайда барлық білім беру мекемелерінде жаңа жазбаны енгізудің кестесін бекітуді жоспарлап отырмыз. Осының барлығын алдымен педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығымен, сондай-ақ Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен талқылаймыз. Бұл тұрғыда қажетті қадамдарды Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен келісіп аламыз. Соңғы шешім қабылдау үшін аталған мәселе мен кестені Парламент отырысына енгіземіз», - деді вице-министр парламенттік тыңдау барысында.

Осы орайда ол алдағы жұмыстарда асығыстыққа жол берілмейтінін, сондықтан барлық шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін жеткізді.

Бұл ретте кадрларды даярлау, оқулықтарды, сөздіктерді басып шығару жұмыстары ескеріледі. Кейіннен жаппай таралыммен нормативтік сөздіктерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кітаптар көпшілікке ұсынылады.

 «Ең басты әрі жауапкершілікті қажет ететін дайындық кезеңін сапалы аяқтағаннан кейін ғана жаңа жазбаны білім берудің барша мекемесіне кең ауқымда енгізуге кірісеміз. Бұл тұрғыда орыс тілінде пәнді оқытуда кириллица қалатынын атап өткім келеді. Латын қарпі тек қазақ тіліне және қазақ тілінде оқытылатын пәндерге қатысты болады», - деді Аймағамбетов.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар