Өлең, жыр, ақындар

Латын әліпбиіне қатысты ұтымды ұсыныс айтатындар комиссия отырысына шақырылады

Шайсұлтан Шаяxметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық орталығының директоры Ербол Тілешовтің айтуынша, қазіргі кезде арнайы мамандар латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасына қатысты барлық ұсыныстарды қаттап жатыр.

«Бізде ақпарат және мониторинг деген бөлім бар. Сол жерде төрт-бес қызметкер барлық ұсыныстар мен ескетулерді бақылап, xалықтан түскен пікірлерді қаттап жатыр. Соның бәрін әліпбидің әлеуметтік-қоғамдық мәселесіне қатысты сұрақтар деп бөліп жатыр. Ол - бір. Екінші - жалпы тілге қатысты сұрақтар. Үшінші - тура әліпбиге қатысты сұрақтар. Сөйтіп, үш блокқа бөліп, жұмыс тобының қарауына ұсынамыз», - деді Тілешов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Ербол Ерденбекұлы латын әліпбиінің бірыңғай стандартына қатысты xалық тарапынан сан алуан пікірлердің айтылып жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Себебі бұның өзі xалықтың осы мәселеге бейқам еместігін, жаны ашығаннан кейін пікір білдіріп жатқанын көрсетсе керек. «Сондықтан бұл жерде «оң» мен «теріс» деп бөлмей, пікірдің қайсысы дұрыс, қайсысы қонымды, сол жағын қарауымыз қажет. Біз ондай азаматтарымызға рақметтен басқа айтарымыз жоқ. Керек болса, сондай азаматтарды комиссияға шақырып, тыңдауға дайынбыз», - деп атап көрсетті орталық басшысы.

Айта кетейік, кеше ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

Камила

Дұрыс мен барар едим

Ерген

Тілмаштар барыңдар құр отырмай

Асхат - Ashat (Ашат емес) - Ashat

Ербол Тілешов деген кім ол? Неге тек олар шешу керек? Бұл тек Тілешовтың тілі емес! Бір адамның ұсынғанын талқылып отырудың қажеті жоқ. Бүкіл филологтар бүкіл қазақ жүрты қатысу керек! Барлық жағдайды қарастырып көру керек! Барлық филологтар ұсынсын, дауысқа салынсын, ішінен ең үздік 5-6 талқыға салынсын. Ретелсін, өңделсін. Тағы талқыға салынсын. Ішінен ең дұрысы, ең қонымдысы таңдалып, тағы бір рет талқыға салынып, өңделіп, жұрттың назарына ұсынылсын! Мына ұсынған әліпби менің атымды Асхаттан Ашатқа айналдырып жібереді!

қазаққа екі "и" және "й" керек емес! бір ғана "и"

И

Айбек

Ч-Ç ç, Ғ-Ğ ğ, Ө-Ö ö, Ш-Ş ş, Ү-Ü ü осы керек бізге

Адай

Асхат, дұрыс айтасың қазақтың біреуіне де ұнап отқан жоқ. Туыстарым да, таныстарыма да, маған да. Әлеуметтік желіге кіріп едім барлығы бірдей қарсы. Бізге әліпбидің ең тиімсіз нұсқасы керек емес! Бір қарағаннан түсінетін нәрсе болу керек, жеңіл оңай, смартфон сияқты, балаға берсең де оқып кететіндей. аееаеаеа дегендей емес!

Дәурен

Биліктің басындағылар робот. Ешбірі өз ойын айталмайды. ТЖ-лар барынша мақтауға тырысып жатыр мына ұсқынсыз әліпбиді :-) Бір үлкен цирк! Өз ойлары жоқ, солтүстік корея! Ал қарсы дегендерді тыңдап жатқан жоқ. Бұл билік соңғы жылдары өзіне тек кері ұпайлар жинап жатыр. Ең маңыздысы бас жағы емес, соңында қалған ой. Халықтың кәзіргі ойы нашар, солай қалар мекен? Егер мына үлгіні қабылдаса 100% пайыз солай болады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар