Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан Президенті табыс әкелетін стартаптар құруға шақырды

Қазақстанға мол табыс әкелетін стартаптарды құрып, оларды іске қосу қажет. Бұл туралы цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Екінші жағынан цифрландыруға біз прагматикалық көзқарас тұрғысынан қарауға тиіспіз. Бұл  түбегейлі басымдық алу мүмкіндігі - өнімділік, капиталдандыру, кірістер. Мәселен, біз General Electric-пен бірге электровоздар өндірісін іске қосқанымызды мақтан етеміз. Оның өнімділігі 1 жұмысшыға 100 мың долларды құрайды. Біз «Міне керемет!» дейміз. Бұған жақындау келетін басқа сала жоқ. Ең үздік компаниялар  ENRC мен «Қазақмыс» саналады. Олардың өнімділігі 40-50 мың доллар. Біз мұны да жақсы деп бағалаймыз. Бірақ, бұл дұрыстап қарасақ онша емес. Оларда 50-100 мың адам жұмыс істейді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің пайымынша, цифрландыру жағдайды түбегейлі өзгертетін болады.

«50-60 мың доллар. Бұл, мәселен Facebook-тен 45 есе аз. Қалғандары жайында не айтуға болады? Біздің ең алдыңғы қатарлы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркіміз 2016 жылы 20 млрд теңге табыс тапты. Біз мұны жақсы дедік. Алайда ол Ethereum табысынан 38 есе аз. Мен мұның барлығын өзімді сынау үшін айтып отырғаным жоқ. Толықтай алғанда қандай мақсаттарға ұмтылуымыз керектігін айтып отырмын. Осындай стартаптарды Қазақстанда құрып, оларды іске қосу керек. Біз экономика табысының артуы мен өсіміне қол жеткізуге тиіспіз», - деді Қазақстан Президенті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

феруза

сиздерден отинерим мектепке балаларга киимге кобирек акша болсе екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз