Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі ең әдемі 5 мектеп

Вilim-all.kz әлемдегі ең әдемі 5 мектепті назарларыңызға ұсынады. Бұл мектептер өзінің тек бірегей оқыту бағдарламаларымен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай‑ақ таңғажайып әдемі көрініске де ие.

 

Болашақ журналистерді оқытатын Өрестад гимназиясы

Ørestad Gymnasium

Орналасқан жері: Копенгаген, Дания

Скандинавияда 2007 жылы ең әдемі мектеп ретінде танылған ғимаратта жоғары сынып оқушыларын ЖОО‑на түсуге, айта кететін болсақ, БАҚ, қарым‑қатынас және мәдениет салаларына мамандандырылған бағытқа дайындайды. Өрестад гимназиясы ұлттық білім беру реформасы жүргізілуінің арқасында пайда болды. Ғимараттың жобасымен өзінің футуристік жобаларымен әлемге әйгілі даттық 3XN Architecs компаниясы айналысты.

Гимназияның төрт деңгейлі ғимараты openspace қағидасы бойынша қаланды, яғни мұнда болашақ медиаменеджерлер мен журналистер жұмыс істеуге әрі әріптестерімен ашық кеңістікте өзара қарым‑қатынас жасауға үйренеді. Ғимараттың ортасында, деңгейлерді өзара байланыстыратын, айналмалы баспалдақ өтеді. Ал, оның айналасында коворкинг (серіктестік, бірлесіп жұмыс істеу) аймақтар және қап тәріздес жұмсақ отырғыштары бар демалуға арналған алаңдар орналасқан, сондай‑ақ ғимарат сымсыз интернет желісімен жабдықталған.

 

Денсаулығы нашар балаларға арналған мектеп

Marcel Sembat High School

Орналасқан жері: Соттевиль‑ле‑Руан, Франция

Жұмсақ климат пен таза ауа: мұндай жағдайда оқулықтардан бас көтермеу жеңілірек болады, ал қоршаған ортаға деген жауапкершілік және тіршілік иелеріне деген махаббат бойға өздігінен сіңеді.

Мектептің ерекшелігі оның жобасында – сабақ өтуге арналған таза ауадағы көгалдандырылған үлкен кеңістік, ал оның шатыры түгелімен гүлзарға оранған. Әйтсе де, мектеп бағдарламасының «экологиялық» бағыттан айырмашылығы жоқ, Marcel Sembat High School мектебі еco-friendly белгісімен барлық оқыту мекемелерінің тізімінен табылады. Мектеп құрылысы 30 жылдары басталып, 90 жылдары аяқталған, әр түрлі уақыттарда тұрғызылған алты ғимараттан тұрады. Мектеп аумағының жанындағы үлкен саябақта шеберлік сыныптары өткізіліп отырады.

 

Экологиялық мәселелер жөнінде алаңдаушылық танытатындарға арналған мектеп

Green School

Орналасқан жері: Бали, Индонезия

Аталмыш мекеме, яғни Джон мен Синти Харди атты сәулетшілердің туындысы ‑ Питер Пэннің үйі мен қымбат қонақ үй арасындағы ұқсастық деңгейінде. Олар мектепті 8 гектар жерді қамтитын аумақта балаларды «оқытуға мәжбүрлемеуіміз керек» деген оймен тұрғызды. Мұнда балиліктердің дәстүрі бойынша, сыртқы қабырғасы «бамбуктен жасалған үйшіктер» қолданыстан тыс және мұнда оқушылар бүкіл уақыт бойы өздері зерттейтін табиғаттың аясында болады. Мектеп бағдарламасында оқушылардың эстетикалық қабылдауын дамытуға көбірек көңіл бөлінген, өйткені оқу уақытының басым бөлігі музыкамен, шығармашылықпен айналысуға және қоршаған ортадағы табиғатпен қарым‑қатынас жасауға арналады. Сондай‑ақ оқушыларға қағаз дайындау, өсімдіктерге күтім жасау сияқты аталмыш аралдың дәстүрлі қолөнер түрлері үйретіледі.

Ғимараттың өзі сияқты мектеп жиһаздары көбіне бамбуктен жасалған. Мектептің жанында шағын хайуанаттар бағы бар, ондағы аңдар оқушылардың қарауында.

 

«Миллионер» оқушыларға арналған мектеп

Gstaad International School

Орналасқан жері: Монтагола, Швейцария

Ер балаларға арналған таңдаулы мектеп қабырғасы 2015 жылы бұрынғы аралас пансионның орнына қаланды. Мектеп негізін қалаушылардың ойынша, бөлек оқыту – бірқатар басымдылыққа ие, олардың ең бастысы ер балалар өздерінен даму жағынан басымырақ келетін қыз балалардың алдында жеке тұлға ретінде еркін пікір алмаса алады. Дегенмен, мұнда оқушыларды қарама‑қарсы жыныс өкілдерінен толығымен оқшауландыруға мәжбүрлемейді, музыка, мәдениеттану, қысқы спорт түрлері сияқты кейбір сабақтар оқытудың аралас түрінде де өткізіледі.

Аталмыш мектеп Монтредегі қыз балаларға арналған барлық мектептер тиесілі болған британдық білім беру тобына кіреді. Мұндағы білім беру ақысы жылына ата‑аналардың қалтасынан төленетін 90 мың франкті құрайды. Табиғаты әсем жер альпинизммен шұғылдануға, табиғи ландшафттарды тереңірек зерттеуге тартады – осы екеуіне де мектеп бағдарламасы жеткілікті дәрежеде көңіл бөледі. Мектеп ғимараты мен кампус дәстүрлі швейцариялықтарға арналған биік таулы елдімекендер стильінде тұрғызылды және де сырттай қарағанда миллионерлердің саяжайы немесе қымбат қонақ үйді еске салады.

 

Кішкентай данышпандарға арналған мектеп

Vittra Telefonplan

Орналасқан жері: Стокгольм, Швеция

Швециядағы ең үздік мектептердің бірі, білім беру нысандарымен айналысатын Rosan Bosch сәулет агенттігімен жобаланған. 2000 шаршы метрге жуық болатын мектептің ауқымды кеңістігі Лего‑саябағын еске салады. Түрлі‑түсті блоктар, ерекше қалыптағы жиһаздар, сабақ пен демалатын орындарға арналған ерекше жобаланған аймақтар және де көпфункционалды қолданысты меңзейтін нысандар – осының бәрі Швециядағы «болашақ мектептер» топтамасының айрықша белгісі ретінде ғана көрініп қоймай, бір жағынан оқушылардың кеңістікті ойлау мен сабақ оқу үдерісі неғұрлым жемістірек болуына үлесін тигізеді.

Мұндағы білім беру оқушыларды жеке ерекшеліктері мен бейімділіктеріне қарай отырып, бірнеше типті бағдарламаларға бөлуді ұйғарады. Одан басқа, мұнда ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді, тіпті бірінші сынып оқушыларының өзінде де ноутбуктері бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Doni

Астанада бос түрған пирамида және сол сияқты өтірік қызымет атқарып түрған ғимараттардан әлемнің ең ерекше, әлемнің ең әдемі School-дарын жасауға болады. Бәрібір пайдасы жоқ, бос тұр

Болат Е

Ørestad Gymnasium дегендегі Ø әрібі ОЕ немесе ЕО демей-ақ Ø депті. Дат әліпбиінде өз тілдеріне сай Æ, Ø, Å деген әріптерді қолданып қиналмай - ақ жүр ғой. Мысалы Åå әрібін даттар алдын Аа, аа деген диграфпен қоданыпты, сосын 1948 жылдары орфографиялық реформа жасағанда Åå әрібіне ауыстырыпты. Дания диграфтарсыз да әлемнен қалмай-ақ жүр. Бізге де диграфтар керке емес.

Нұрсәуле

Міне мектеп деп осыларды айт! Нағыз білім ордалары.

Шолпан

Болашақ журналистерді оқытатын гимназияға ғашық болдым

~Nurila

Super

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз