Өлең, жыр, ақындар

Қымыздық және оның пайдасы

Қымыздық (щавель) – тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, Теріскей, Жетісу Алатауларының шалғындарында, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөктерінде, субальпі және альпі шалғында өсетін 24 түрі кездеседі.

Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1,5 — 2 мм, ені 1 мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.

Қымыздық – қышқыл дәмі оның жапырақтарының құрамындағы қымыздық қышқылының калий тұзының әсерінен болады. Сонымен қатар, жапырақтарында минералды тұздар, органикалық қышқылдар (алма, лимон), ақуыздар, флавоноидтер, қанттар, каротин, дубильді заттар, кальций, калий, магний, темір, B1, В2, С, К, PP дәрумендері бар. 

Қымыздықтан көктемдік дәруменді жасыл щи, бәліштерге дәмді салма жасайды, жапырақтарын қысқа даярлайды, пюре, салат жасайды, омлетке қосады, тіпті кисельде қайнатады. Жас жапырақтардағы аздаған қымыздық мөлшерін бейтараптандыру үшін қымыздықпен жасайтын тағамдарға сүт немесе сүт өнімдерін (мысалы, кілегей) қосу керек. Сонда қымыздық қышқылы сүт өнімдерінің құрамындағы кальциймен реакцияға түсіп, ешбір зияны жоқ кальций тұзын түзеді.

Қымыздық – бұл асқорыту, бауыр мен өт қабының қызметін жақсартатын, жараны жазатын, қан кетуді тоқтатын дәруменді және емдік өсімдік. Ол қан аздықта, жүрек қан тамыр ауруларында, аллергияға қарсы құрал ретінде терідегі әртүрлі бөртпелер мен қышымаларда да пайдалы. Қымыздықтың жапырақтары мен жемістері бырыстырғыш және ауруды басатын, жапырақтары жараны жазатын, антитоксиндік, қабынуға қарсы қасиетке ие.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Фариза

жақсы болған екен !

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз