Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Павлодарда 32 мектепте пәндер ағылшын тілінде жүргізілуде

Павлодар қаласының 32 мектебінде химия, физика, биология және информатика пәндері сабақтарында пилоттық режімде ағылшын тілі енгізілуде.

Бұл туралы №42 жалпы орта білім беру мектебінің 8-сыныбында көп тілде оқыту бойынша өткен ашық сабақ кезінде қалалық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Шолпан Нұрахметова мәлім етті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 «Мұнда 2-сыныптан бастап сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі», - дейді Шолпан Нұрахметова. «Ата-аналардың өздері пәнді шет тілінде жүргізу жөнінде өтініш жазған болатын. Себебі, олардың көбі болашақта балалардың таңдайтын мамандықтарын ағылшын тілімен байланыстырады».

№ 42 мектепте биология пәнінің мұғалімі Евгения Иванова жеті жылдан бері ағылшын тілінде сабақ беріп келеді. Білім беру бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қала бойынша 32 мектепте біліктілігін арттыру курстарынан өткен 94 мұғалім 2655 оқушыға ағылшын тілінен сабақ береді. № 25, № 36 мектептерде 9-сыныптар үшін информатика, физика, химия және биология бойынша 9-сыныптарға және  № 42, 25, 99, 4, 17 мектептерде 8-сыныптар үшін биология пәні бойынша ағылшын тілінде оқулықтар сатып алынған. Қазіргі таңда жаратылыстану-математика бағытындағы 146 ұстаз 2017 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсанға дейін 10 айлық курстан өтуде. Осының нәтижесінде 2017-2018 жылы ағылшын тілінде білім алатын сыныптардың саны артпақ. Алдағы уақытта көп тілде білім беретін  мектептер желісін кеңейту жоспарланған. Биыл В1 сертификатын алған сегіз мұғалімнің біреуі - биология, екеуі - информатика, төртеуі - физика және біреуі химия пәнінен сабақ бере алады. «Оқушылар үнемі облыстық, республикалық және қашықтықтағы интернет олимпиадаларға қатысады. FLEX халықаралық конкурсының жеңімпазы атанған 11-сынып бітірген Шыңғыс Кошкумбаев бір жыл АҚШ-та білім алып келді. Биылғы жылы да екі турдан өткен оқушылар байқаудың нәтижесін күтіп отыр», - дейді № 42 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Анна Шкрет. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...