Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Мектепте ақша жинағандарға қатаң шара қолданылады - Алматының Білім басқармасы

Алматыда мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынған. Егер ондай факті анықталған болса, жауапты тұлғаға қатысты жұмыстан шығаруға дейінгі қатаң шара қолданылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының орынбасары Ләззат Жылқыбаева «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында өткен «Мектеп қабырғасында ақша жинау» мәселесіне арналған брифингте айтты.

Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, кейде мектепте ақша жинауға қатысты шағымдар түсіп тұрады, алайда тексере келгенде оған ата-аналардың өзі мұрындық болғаны анықталып жатады.      

«Мектепке оқулық, кеңсе тауарларына, дәптерге, тағы басқа да құралдарға  ақша жинауға қатаң тыйым салынған. Кей жағдайларда ақша жинау фактілері келіп түседі. Білім бөлімі қызметкерлері барып тексергенде, көбіне оларға ата-аналар мұрындық болғаны анықталып жатады. Мектеп қабырғасында қаржы жинауға қатаң тыйым салынған. Егер де ойын-сауық орталықтарына жағдайы жететін ата-аналар мектептен тыс уақытта жиналса, қарсылығымыз жоқ, ал сыныптағы 25 баладан мәжбүрлеп ақша жинап, ондай шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ», -  деді Ләззат Жылқыбаева.    

Оның айтуынша, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен екі жылдан бері тоқсан сайын мектеп директорлары мұғалімдер мен ата-аналар алдында есеп беріп тұрады. Жыл сайын барлық білім мекемелеріне ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынғаны туралы ескертілген хат жіберіледі.

«Білім басқармасының сайты ана-алармен байланыс орнатқан. Егер ата-аналардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Білім басқармасы тарапынан ата-аналар комитеті қызметінің тиімділігін қарастыру басқарманың күн тәртібінде тұр. Себебі, ата-аналар комитеті тікелей қызметін ұмытып, мұғалімге ақша жинау мәселесімен айналысып кетеді», - деді ол.

Айта кетейік, Алматы қаласында бүгінгі таңда 998 білім беру ұйымы қызмет атқарады, оның 443-і мемлекеттік, 555-і жеке меншік. Оларда 375 мың бала білім алуда. Алматы қаласында 2016 жылы білім саласына - 60 млрд теңгеден астам,  2017 жылы 63,3 млрд теңге бөлінді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (22)

Темур

25 жыл болды ғой! неге шешілмейді бұл мәселе!

Әділ

Алдымен мұғалімнен ақша жинауды доғару керек

Алма Ө. С.

Қанша жинама десе де, жылдың басынан бастап жинап алады

Гүлмира

Бұл тек қана Алматы қаласы бойынша ма ал басқа да қалаларда қалай сонд?

Бақберген А

Мектептен алдын биліктің басындағыларды тазалап алыңдаршы, ең көп пара алып-беретіндер солар, зияны да көп. Миллиондап алады. Балық бастан шіриді.

Ортабаев Ж

Енді муғалімдер өздері жинамайды. Ата -аналар жинайды емес пе?

Жаннур

Мектепте мугалимнен акша жинау токтамайды,мугалимдер куни деп директорга ар мугалим 2 мын,баргын келмесе де отырыска 6 мын.Сол дастур токтамай тур,жылда сол ...

Рауза

Алматы емес ,Карасаи ауданына қарасты бары жинатады,мугалымдерден жинаиды ,нур отанга жинаиды,жинамаса зарплата бермеиды деиды,мугалымдерды застовляет анаган мынаган деп жинатады,фонтка деп еще жинатады ,тук болмагандаи тексерысте ата аналар деп аитады.Егер директор жинатпаса ,ата аналардың несы бар жинап.!

Аузы күиген үрлеп ішеді.

Айтылуы бірдеи,мағанасы басқа сөздерді синоним деиміз деп баяғыда мектепте оқығанбыз.Айта айта Алтайды,Жамал апай қартайды демекші жоғарыдағылар осы жаттанды сөзінен жалықпайды екен.Жемқорлыққа жол жоқ,ақша жинау болмасын,кімде кім ақша алғанын білсек қатаң жазалаймыз деп сол жерде қалып қояды.Бұл бір тубурклез ауруы сияқты жұкпалы дерт.Мақта қыз деген ертегі секілді жоғарыдағылар районнан,район директордан,директор мұғалімдерден,мұғалім ата-аналардан жинамайды ма.Кім директор болғысы келеді ақша,доля берсе воля береді.Берген ақшаны шығару үшін ақша,мұғалімнен әрқайсысынан 20-25 мыңнан жиналады налог жинағанындай.Аула тазалаушысы 4 адамның орнын істеп алатыны 35-40 мың алады оны тексеріп жатқан жоғарыдағылардың біреуі баталмайды.Өиткені қоңсың соқыр болса қөзіңді қысып қара деп кетебереді.Текерістің барлығы әшеиін покозуха ашық айтқанда.

Арай

Мұғалімнің, бұл жерде күнəсі жоқ, себебі жоғарыдан ақша жинаңдар деген бұйрық келеді , жоғарғы дегеніміз директордан , бір ғана мысал :жай мектеп жаксы оқушыларды тəрбиелеп шығарып ,нəтижелі жан -жақты көрініп жатса , ол мектепті гимназия жасау керек болса оғанда миллиондаған ақша керек оны сол мектептің директоры бермейді ғой, өз қалтасынан , оны баяғы сол мұғалім ата -ана комитетінің арқасында басқа ата-аналарға жеткізіп отырады , сонда өзіңіз ойланыңыз ;ол мектеп шындығында өте улгілі сауатты тəрбиелі , барлық нəрсеге өз кушімен жетіп келіп отыр .сонда мектеп ары қарай гимназия болу ушін əр сынып 50-60 мыңнан жинаса 1сыныпта 100-оқушы бар,сонда 11 сыныпқа дейн 1100 оқушы болғанда бір мектептен 2 млн ақша кімнің қалтасына туседі, (əр оқушыға 2000 тг жина деген бұйрық келді)ал сынып кассасына одан басқа 3000 тг жиналды . енді оцланыңыз :бір отбасын да 3-4бала оқып жатыр

Жумабеков Бауыржан

Ассалаумағалейкүм. Алматы обл. Жамбылский рои. Посел,мынбаев та 1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНАН ФАЙЛ ҒА ПАПКАҒА ЖӘНЕ ДЕ Т.Б САТТАРГА АКША ЖИНАП БЕРИНДЕП ТАЛАП ЕТІПЖАТЫР.(((

Ортабаев Ж

Бізде де атласқа жинаңдар деп жатыр

есімімді айтсам жұмыстан кетем

бүгін 25 сәуір 2019 жыл. 26 сәуір Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов жом аудандық семинар өтеді. Осыған орай әр мұғалімнен мәжбүрлі түрде 3000 теңге жиналуда. Ал мектеп бойынша 400 мұғалім бар. 1 миллионнан астам ақшаға семинар өткіземіз. мұғалім бейшара бас көтеріп айта алмайды. себеп ,,, жұмыстан айдалады. жанайқайға кім бас көтерер екен. бұл былықтың бір шеті ғана.

Данияр

Ақшаны мемлекет бөлу керек. Бүкіл халықтан салық жинап отыр емес па? Айлықтан, бизнестен, көліктен т.б басқадан

Ақтолқын

Алматы да бізде де ремонт деп жинап жатыр атаналардан

есімімді айтсам жұмыстан кетем

"есімімді айтсам жұмыстан кетем" иә, күні кеше (25.04.2019ж.) ғана осындай атпен мақала жариялаған болатынмын. Шырылдаған шындыққа, менің жанайқайыма бей-жай қарамайтын ел жанашырлары баршылық екен. Бұл мәселе төңірегінде тексеру жұмыстары болатыны әлеуметтік желілердің бірінде жазылды. семинар ойдағыдай өтті. Өтпейше? 1200000 (бір миллион екі жүз мың) мұғалімдердің көз жасымен жиналған теңгеге семинар емес, бүкіл елге ас берседе жетеді. Семинар өтісімен жалма-жан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалбаева Бибіжамал әдістемелік бірлестік жетекшілерін жинап, тағыда мәжбүрлі түрде "ешқандай ақша жиналмады" деп қолхат жаздырып алды. Замира Танабаева есімді айдағанға жүретін, жүндегенге көнетін орыс тілі пәнінің мұғаліміне, Айтказина Айгерім атты қазақ тілі пәні мұғалімінің нұсқаулығымен (поддиктовку) фейзбук ӘЖ-не ақиқатты "жалған" деп жаздырды.
Замира Танабаева адамды алдарсың, бірақ Алланы алдай алмайсың,,,, Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа. Мен жеке басымның проблемасын көтеріп отырған жоқпын. Бүкіл 400 мұғалімнің іш дертін жариялап отырмын. "40 кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ " деген бар. Замира Танабаева жеке сізге қатысты ұстаздық жолында сүрінген ақпараттарда менде жоқ емес. Ұмытсаңыз, есіңізге салайын. Бала құқығы туралы заңды білетін шығарсыз. Әлде білмейсіз бе?! Мектеп директоры қанатының астына алып қорғаштап, сіздің жұмыстан кетуіңізге жол бермей, есесіне заңды белінен басқан оқиға әле ешкімнің есінен шыға қойған жоқ. Адвокаттың қызметін атқармаңыз. Кезі келсе жалған ақпарат беріп, барды жоққа шығарып отырғаныңыз үшін заң алдын жауап бересіз. ол кезде сізді қорғайтын адамның табылмай қалуы бек мүмкін. Өйткені менде аудио да, видео да дәлел бар. Жалғыз басты ана екеніңізді, екі бүлдіршін тәрбиелеп отырған ана екніңізді ескеріп, мен сізге жай ғана ескерттім. Айтқандай ,,,"семинар аясында ешқандай мұғалімнен 3000 теңге жиналмады" деп бауыр еті балаларыңыздың атымен ант ете аласыз ба? Ал мен осы ақпараттың рас екеніне адамның алдында да, Алланың алдында да ант етемін. Мен бұл былықтың басы ғана деп ескерттім. Қажай берсең темірде сынар, әр ай сайын жинайтын "мектеп расходы" деп айдарлап ат қойып алған 1000 теңгеге көніп келеміз. Ал мынау 3000 теңге біреу үшін ақша емес шығар, ал мен үшін бала шағамның аузынан жырылған нанмен тең.
Есімім неге құпия ? Себебі шындықты айтам деп жұмыстан "Өз еркіммен" деп өтінішті амалының жоғынан жазып кеткен әріптестерімнің кебін кигім келмейді.

Сайлаухан

Мектептеріңізге тез арада тексерту жәберу керек еекен

Мерей

Ақша жинау деген қазақтың соры болды ғой

Мерей

1200000 не деген семинар?

айлана

Шымкент каласынын билык окылдери кайда карап отыр

Нұрай

Ауруын жасырған арам өледі

Қаржау

Ақша жинауды доғару керек, 90 жылдардығы рэкетирлерге ұқсамай, бір бірімізді счетчикке отырғызып не болды? Адал жолмен ақша табуды қашан үйренеміз? Өркениетті елдерден әлі үйренеріміз көп екен.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...