Физика заңдарының үстемдігі жүрмейтін 14 мүсін

Бүкіл әлем бойынша, тіпті ғаламторда тамаша мүсіндерді байқауға болады. Өнер бір қарқында тоқтап қалмайды. Әр күн сайын әлемде жаңа жобалар мен адам баласы таңданарлық туындылар дүниеге келіп жатады. Көздің жауын алатын жауһарлар көңіліңе қуаныш сыйлайтыны да анық. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға физика заңдарының үстемдігі жүрмейтіндей болып көрінетін қызықты арт-инсталляциялық жобалармен таныстырамыз.

«Ғажайыптар елі», Канада

© Neil Howard

Сыртай қарағанда бас кейіпінде болған 12 метрлік сым темірлі қаңқаны көресіз, ал іш жағынан бүкіл әлемді. Бұл мүсіннің авторы испандық мүсінші Хайме Пленса.

 

«Карма», АҚШ

© Alyx Dellamonica

Кәріс мүсінші До-Хо Су туындысы Нью-Йорктегі Олбрат-Нокс көркем галереясының алдында орналасқан. Бұл мүсіннің биіктігі бар болғаны 7 метр, бірақ ол шексіз болып көрінеді.

 

«Соңғы кеш», АҚШ

© Gord McKenna

Риолит елес қаласындағы Альберт Шукальскийдің мүсіні. Мүсіннің жасалуына Леонардо да Винчи фрескасы негіз болған. Атақты ажал аңғарының аясындағы бұл мүсіндер, әсіресе түнде ішкі жағынан арнайы прожекторлармен жарық түсірілгендегі көрінісі сырға толы болып көрінеді.

 

«Гауһарлар», Австралия

© russellstreet

Жаңа Зеландиялық шебер Нил Доусонның ауада қалықтайтын мүсіндерінің маңайынан өтіп кету мүмкін емес. Өйткені әуеде қалқып түрғандай болып көрінеді. Ал бұл әсер білінер-білінбес трос арқылы жасалады.

 

Тепе-теңдіктегі пішін, Дубай

© Deutsche Bank

Бұл тепе-теңдіктегі ғажайып қола тіптен физика заңдарына бағынбайды. Поляк шебері Ежи Кендзердің мүсінінің өз салмағы мен жел соққысынан қалай айналып кетпей тұрғандығы – барлығына дерлік жұмбақ күйде.

 

Скрипкашыға ескерткіш, Голландия

© Paul Arps

Амстердамда қалалық басқарма мен Музыкалық театр орналасқан атақты «Стоперадағы» мәрмәр еденді де скрипкашының ескерткішін орнату үшін ғана аямай бұзды. Туындының авторы белгісіз. Қалалық басқарма мүсінге және авторына «мән бермеуді» жөн санайды.

 

Жылдамдық фестиваліндегі «Порше», Ұлыбритания

© Bruno Postle

Джерри Джуда автокөліктерден таңғажайып мүсіндер жасайды. Олар шексіз әлемге жол тартқандай болып көрінеді. Жылсайын өтетін Гудвудтегі «Жылдамдық»  фестивалінде ол әлемнің ең танымал брендтермен жұмыс жасап үлгерді.

 

«Азаю және шығу», Австралия

© Matthew Perkins

Сиднейде орнатылған Дэвид МакКракеннің аспанға қарай бағытталған баспалдағының өз құпиясы бар. Әрбір келесі баспалдақ алдыңғысынан кіші. Сондықтан да оған қарағанда ол, шексіз болып көрінеді.

 

«Уақыт шарасыздығы»

© Adam Martinakis /3d visual

Грек суретшісі және мүсінші Адам Мартинакис футуристік виртуалды өнер жанрында сандық арт мүсіндер жасайды. Оларды тек ғаламторда немесе принтте ғана көруге болады. Бұл заманауи өнердегі сезімді жеткізудің жаңа жолы десе де болады.

 

«Піл үшін тартылыс күшінің ерекшелігі»

© Jean-Pierre Dalbéra

Даниэль Фриманның саяхатшы мүсіні Париждік Фонтенбло қамалында да болып үлгерді. Мүсін автордың "жерден 18 мың км қашықтықта піл өз тұмсығына тұрып тепе-теңдік сақтайды" деген теориясына арналып туындаған.

 

«Желаяқ», Греция

© G Da

Афинадағы гректік «Дромеас». Қай қырынан қарасаңыз да ол қозғалыста секілді. Тым көп қара жасыл әйнек сынықтарынан құралған ерекше мүсіннің авторы – Костас Варотсос.

 

Су асты мүсіндері, Мексика

© Scuba Catalog

Әлемнің әр түкпірінде орналасқан су асты саябақтардың авторы мүсінші Джейсон Тейлор. Жәдігерлермен қалыпты селфи жасау үшін аквалангпен қамдануға тура келеді.

 

«Инволюция»

Сандық өнердің тағы бір өкілі – Чад Найт. Өзінің виртуалды мүсіндеріне ол шынайылыққа жақындата пейзаж қосады. Ал бұларды тіптен таңғажайып жасағандықтан, фантастикалық образдарға жан біткендей көрінеді.

 

«Али және Нино», Грузия

Тамара Квеситадзені бұл динамикалық мүсіндерді жасауғақос ғашықтың оқиғасы шабыттандырған. Мәңгілік қозғалыстағы мүсіндер – бастапқыда бір-біріне бетпе бет келіп бірігіп кетеді, ал содан кейін шарасыз айырылысады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Аружан

Ең соңғы мүсіннің өзі де идеясы да əдемі

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)