Созылмалы кеселі

      (сықақ)

 

Банкоматқа тұрып

Жатып кезекке

Әдетімен жеңіл мінез жезөкше

Еркектерге қылмың –қылмың еткен-ді.

Уыздай жас әйтсе-дағы етжеңді,

Әлдебіреу бұған назар еткен-ді.

-Сіз бе соңы?

Көзін қысып, күлім етіп,

Еріндері  жыбыр етіп:

-Иә,- деген бұл-дағы.

-Жақсы,- деген анау бұған тақалып.

«Өзі сұлу, өзі алып жігіт» екен деп,

Тұрды Жайна ойға кетіп, таңқалып:

«Мұндай жанды бұрын- соңды көрмегем».

Анау болса мұны баяу тергеген.

-Қай көшеде тұрасыз?

Қайда істейсің дегендей?

Жайна болса, жауап беріп елеңдей,

Оның жайын сұраған.

-Атым- Еламан.

-Е-ла-маан,  әдемі екен есімің...

-Кезегіңіз...- дейді анау сұрағандай кешірім,

Банкоматтан саулап теңге жөнелді.

«Ақымақ қатын... ақша алып тұр көлемді,

Мұны текке жібермеймін мен енді»,-

Деген ойға бекініп.

Құлағына әлденені сыбыр етті таянып,

Тұла бойын билеп сол сәт аярлық

-Дәл сіз үшін қалмасым хақ аянып,-

Деді дағы 

Тосып тұрды.

Сырбаз жандай саналы

Ойнақшиды жылт –жылт етіп жанары.

Қолтықтасып шықты бұлар далаға,

Аш құшағы құрыстырып ананы,

Сезім құрты бойын билеп барады,

Жан –жағына тінтіне анау қарады.

Қараңғылау көше еді бұл

Жүргіншілер шамалы.

Бір тентек ой шарпып өтті сананы,

Тонап кетсем, табылса бір амалы...

Қазылған ор алдарынан тап келіп,

Қолындағы сөмкесіне шап беріп,

Жұлып алып өзін орға итеріп

Жіберді де, ғайып болды тезінен.

...Ол өлгенмен,

Түн түскенде қараңғылау көшені,

Қайтпағандар меселі

Тентірейді қайтармақ боп есені...

Барады әне көктей өрлеп көшені

Аманаты  XX - ғасырдың

XXI - созылмалы кеселі.

 

Сүлеймен Баязитов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)