Мемлекет басшысына латын қарпіне негізделген жаңа әліпби жобасы ұсынылды

Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

– Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте, Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екеніне тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.

– Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов баяндады.

Елбасы жиынға қатысушылардың есебі мен пікірлерін тыңдап, айрықша мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

– Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.

– Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.

akorda.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (25)

Дарига

Бұларға түріктің әріптері неге ұнамай түр? Басындағы үтірін бөлек жазып отырамыз ба? Бірақ алдынғысынан сәл тәуір, тағы біраз ойлансын

Руслан

Маган унады. Колдаймын.Тезирек отип кетейик

Әділ

Жарайсыңдар даму бар, бірақ тағы жөндеу керек

Ардақ

U - у болу керек, Ұ емес.

Жасұлан Аршабаев

Бензин мен Атамбаевтан назарды аудару емес пекен? Əліпби де нашар!

Аноним

у арипин бузып отырсыздар, у мен ұ әрпін алмастырмаңыздар.....

Kali

У-w, болса қалай?басқасы жаксы сяқты!!!

Асқар

Ч.. Әрпи неге керек

Мейрамгүл

Бұл да YN`G`AI`SYZ!

Жулдыз

Оте жаксы латын тилине кошу керек
Biraq baldardin mii ashidi

Темур

Буны үйренем дегенше біраз уақыт өтеді.

Әділ

Saebiz ден мынау дұрыс )))

Алтаева Ш

Ұ, ү және ы әріптерін қайта қарастырса екен.

Жұлдыз

Түріктің əріптері ыңғайлы. Соларды қолданыңыздар. Апострофтармен əріпті белгілеу қолайсыз. Мүлдем бас тартсаңыздар тіптен жақсы болар еді.

Назира

Латын әліпбиіне өту, тәуелсіз Қазақстанның руxани жаңғыру жолында жасайтын айқын қадамдарының бірі болвп табылады. Бүгінде латын әліпбиіне қатысты қоғам пікірі екіге бөлінген. Көпшілігі "латын әліпбиін" "латын тілімен" шатастырып, сөзіміз өзгеріп, ештеңе оқи алмай қаламыз ба деген қорқыныш бар. Алайда, латын әліпбиіне көшудің қорқынышы жоқ, тек таңбалану өзгереді. Өз мәдени мұрамыз, сөздеріміз барлығы толығымен сақталады. Соңғы ұсынылып отырған, латынша таңбаланатын қазақ әліпбиі елімізге келетін ең ұтымды, " әліпби" деп ойлаймын.

Ғалымжан

Асыққан етегіне сүрінеді демекші, асығудың керегі жоқ, ойланып толғанып, дұрысын таңдау керек, Бұл әліпбиде де кемішіліктер бар.

Бекмұрза

Ə жəне Ө әріптері өзі бойынша қалса болмай ма?

Кауанова Шырын

Жалпы латын әліпбиіне көшу жайлы Жастар саясаты мен Жастар пікірсайысында қалалық және республикалық деңгейде де айтылып, талқыланған тақырып! Жастар жағы қарсы емес неліктен себебі біз технологияларға өте жақынбыз! Хат алмасуда бұрыннан латын әріптерін қолданамыз!! Латын әліпбиіне қарсы емеспін! Латын әрпіне енгізілген жоғарыға қойылатын сызықтар ынғайсыздық тудырады. Бұл технологияда, күнделікті өмірде жазуда уақытқа кедергі келтіреді. Тек қана сызықты әріптер ауыстырылса деген ойдамын! Іске сәт!

Алма

Мына әліпбиді жасап жатқандардың басы істемейді, нашар!

Саттар

ӘÇĞÖŞÜÑ осы дұрыс!

Бақтыбек

Бір қызығы, ТЖ-лар ана нашар әліпбині мақтап еді, мына нашар әліпбині де мақтап жатыр, олар ойлауды білмейтін көрінеді, тек жалауды ғана. Қысқасы бұдан былай биліктегілер бірдемені мақтап түрса сенбеу керек екен.

Олжас

Өз басым латын әліпбиіне көшуге әлі үрке қараймын. Десе де, нақты шешім қабылданғаннан кейін оның жүзеге асуына, әсіресе жастар болып атсалысуға міндеттіміз.
Жаңа әліпбидің қазақ жастарының жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз сенемін.

Салтанат

Жақсы жағы да бар,біраз ел боп ат салысу керек.Бірақ өте орынды.

Индира

Қазақ тілінің латын әліппесіне көшуін барынша қалайтынның бірі менмін. Өткенде министрліктің, тіл комитетінің қызметкерлеріне ресми релиз шыққанша ештеңе жазбаймын деп айтып едім. Ал, бүгін шыққан екен, демек осыған 5 тиынымды қосып, інілік сөзімді айтсам ешкім ренжімес, енді.

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Астана қаласында Тіл комитетінің жабық отырысы өтті. Барған кезде, оның жабық форматқа өтетінін айтқан министрліктің мамандары тіпті, Хабар арнасын түсірткізбей қайтарып жібергендерін айтты. Бірақ, мен өзімнің блоггер емес, IT саласының маманы екендігімді айтып, жабық отырысқа кіруге мүмкіндік алдым. Әлбетте, әлеуметтік желіге ресми релиз шыққанша ештеңе жазбауға сөз бердім. Конференс залға кіріп, бір бұрышқа жайғастым. Жабық отырысқа келіп отырғандардың 90 пайызы жастары +60 ақсақалдар еді. Еліміздегі тіл біліміне үлес қосқан көптеген ғалым аталардың жиналған отырысында, өзім ғана ешкімге кедергі келтірмей отырдым. Бір кезде отырыс та басталды. Жаңағы жерде айтылып басталған әңгімелердің сарынына хуеть еттім жай ғана. Арасында жөні түзу әңгіме айтқандар болмады емес. Бірақ, біразы тыңдалмады да. Жүйелі айтылмады да. Бір кезде отырған ақсақалдар бір-бірін мақтап жөнелмесі бар ма?!
- Бұл Пәленше ағамыз Кеңес Үкіметі кезінен бері қазақтың маңдайына біткен бірден бір фонетик ғалым ғой. Ол кісі бұл мәселеде қателесуі тіптен мүмкін емес! - деп қойып қалды.
- Бұл әліппемізді жас ұрпақ кемі 300 жыл қолданатын болады! - деді оптимизмге толы екінші ақсақал.
Ощм, ол жердегі әңгімелердің примерно легі осындай болды. Бір сәтте ол жердегі жиналып, латын нұсқаны қолдағалы отырған кісілердің көбісі жалпыхалықтық аурадан мүлдем хабарлары жоқтай көрінді. Бірнәрсе анық еді. Ол жердегі біздің болашақ латын нұсқамызды таңдауға келген кісілердің жартысынан көбісі әлі күнге дейін тіпті компьютер қолданбайтын, әліге дейін қолмен жазатын кісілер екенін түсіндім. Ол кісілердің ары кеткен 10-20 жылдары қалған болар. Ендеше, өздері қабылдағалы отырған латынды болашақта қолданатындарына да күмәндандым, ощм.
Сонымен, отырыстың 15 минутында төрде отырған төраға қайта-қайта қыздарға көзімен нұқып, мені кездесуден шығарып тастауды бұйырып отырды. Үш рет қасыма келген қыз әртүрлі сылтау айтып мені шығарып жіберуге тырысты. Үшіншісінде, өзім әлгі жерге айтылып жатқан абсурдтарды тыңдауға құлағым зорланған күйі кездесуден шығып кеттім. Керісінше, бұл мәселені болашақта белсенді қолданатын ғылымдағы жастармен ақылдаса отырып жасаудың орнына әліге дейін баяғы "хомосоветикус" танымымен ойланып, шешім қабылдап жатқан ел ағаларына өкпем қара қазандай болды, шыны керек.

Уа, Ағалар! Тағы да қайталап айтамын! Жастар сіздердің нұсқаларыңызды қолданбайды! Өйткені, оны өздеріңіз де қолданбайсыздар! Технологияның иісі мұрындарыңызға бармай тұрып, латынның елдің технологиясының дамуына үлесі туралы сөз айту сіздер тараптан барып тұрған қып-қызыл абсурд дүние! Президентке бүгінгі нұсқаны таныстырудың өзі ұят деп білемін! Сенбесеңіздер, осы нұсқаларыңызбен қазақша екі сөйлем жазып көріңіздерші! Клавиатура ауыстыра беріп, қол ауырып кетеді. Сіздер оны білмейсіздер. Өйткені, телефонда жазатындарыңызға күмәнім бар. Ақылға келіп, жастардың ақылдарын да тыңдап, санасуға шақырамын! Онсыз да жағдайларыңыз саЕбиз һәм аЕбиш болып жатыр. Қазақ үшін жасаған еңбектеріңіз аз емес. Ендеше сонша еңбектің нүктесін әдемі қойып, абыроймен зейнетке кеткілеріңіз келсе, дәл осы латын мәселесін жастардың, жас ғалымдардың өзіне қалдырыңыздар! Өйткені, болашақ қазақ латын әліппесінің иесі біз, жастар! Өзімізге не керегін жақсы білеміз! "Кеңесіп пішілген тон келте болмас" дейді. Жабық отырыста кеңесіп жатқандарыңыз дұрыс-ақ. Бірақ, бұл тілде тек сіздер сөйлеп һәм жазып жатқан жоқсыздар. Сондықтан, аға буын өз-өздерімен кеңесе бермей, осыны қолданар барша белсенді буынмен тең кеңескені құба-құп болар еді.

Michael Sherimbek фейсбук парақшасынан.

Бекмырза

Ешкім ренжімесін, негізі жоғарыдағы шалдарды пенсияға жіберіп, жастардың санын көбейту керек. Барлық шалды емес, 80-90 пайызын, тек сапалыларын қалдыру керек, оның орнына сапалы білікті жас мамандардың санын көбейту керек(Әр түрлі жастағыларды). Соның өзі елімізге көп өзгеріс алып келері сөзсіз. Өйткені заман өте жылдам ауысуда, оған шалдар ілесе алмайды. Олар басын ауыртпай демалу керек, оларға жағдай жасап беру керек болыды. 15-20 жыл бұрын әлем басқа еді, тіпті 5 - 7 жыл бұрынғы әлеммен бүгінгі әлемді салыстыра алмайсың! Айырмашылығы жермен көктей.

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)