АҚШ тарихындағы оғаш президенттер

АҚШ-тың сайлау алдындағы жарыстарынан кішкене хабары барларға, тіпті саясат пен сол елден алшақ адамдардың өздеріне президенттікке үміткерлері өте ерекше болуы мүмкін екендігі белгілі. Түп негізі халық билігі – демократияға негізделген Құрама Штаттардың басты қағидаттарының бірі – кез келген азаматтың президенттікке үміткер болу құқығы халық тарапынан тым бірбеткей қабылданған сияқты. Осы ретте өз елінің тарихында елеулі орын алған АҚШ-тың ең оғаш президенттерінің тізімін ұсынамыз.

 

Джон Тайлер

Джон Тайлер АҚШ тарихындағы өз елінің жауы деп жарияланған жалғыз президент ретінде тарихқа енді. 1861 жылғы сұрапыл азамат соғысына бастау болған Оңтүстік конфедерациясының негізін қалауға атсалысқандар қатарында болған Джон Тайлер өзінің солтүстік оппоненттері тарапынан мемлекет жауы деп жарияланған болатын.

 

Гро­вер Клив­ленд

ХІХ ғасырдың соңында қатарынан екі рет АҚШ президенті болып сайланған Гровер Кливленд қылмыскерлерді өз қолымен дарға асатынымен танымал болғандықтан, халық есінде Даршы лақабымен есте қалды. Ол Нью-Йорк қаласының бас шерифі болған кезінде ең жоғары жазаға кесілген жүздеген қылмыскерлерді дарға асуға дағдыланған екен.

 

Аб­ра­хам Лин­кольн

Есімі әлемге танымал Абрахам Линкольн бірнеше мың қара түсті құлды бостандыққа жіберуімен ғана емес, президенттік өкілеттіліктері кезінде өлтірілген АҚШ-тың төрт президентінің бірі ретінде де танымал. Тип­пе­ка­ноэ қарғысы («нөлдік жыл қарғысы») туралы аңыз да Линкольн есімімен тығыз байланысты. 1840 мен 1860 жылдар аралығында нөлге біткен жылдары президенттікке қол жеткізген ел басшыларының бәрі өздерінің президенттік мерзімдері біткенге дейін дүниеден озған.

 

Мартин Ван Бюрен

Мар­тин Ван Бю­рен ана тілі ағылшын тілі болмаған жалғыз ел басшысы ретінде АҚШ тарихына енді. Ол голландиялық отбасынан шыққандықтан, үйінде тек нидерланд тілінде ғана сөйлесетін болған. Замандастарының сөздеріне сенсек, ағылшын тілін кейін үйренген президент, өмірінің соңына дейін оны жетік меңгере алмаған көрінеді.

 

Теодор Рузвельт

Аңшылықты жақсы көрген Теодор Рузвельт болса, аңға шыққанда әрдайым журналистердің үлкен тобын өзімен бірге алып жүруімен ерекшеленген екен. Оның 1902 жылы аңшылықта кішкентай қонжықты атпағаны Was­hin­gton Evening Star газетінде жарияланған карикатурадан орын алады. Аталған сурет Нью-Йорктағы ойыншықтар дүкенінің иесі Моррис Мичтом есімді ресейлік эмигранттың көзіне түседі. Оның жұбайы Роуз карикатурадағы бейне негізінде кішкентай ойыншық қонжық жасап, оны АҚШ президентінің құрметіне «Қонжық Тедди» немесе «Ted­dy Be­ar» деп атайды. Осылайша, Теодор Рузвельт бүгінгі күні әлемге жайылған ең танымал ойыншықтардың бірінің тууына түрткі болған.

 

Франклин Рузвельт

Ал Франклин Рузвельт болса, өзінің ырымшылдығымен, әсіресе, 13 санынан қорқуымен есте қалған екен. Ол 13- ші қабатта өткізілген іс-шараларға қатыспаған, айдың 13-ші жұлдызында саяхаттамаған, оған қоса, түскі асқа 13 қонақ келген жағдайда, әрдайым өзінің хатшысын шақыртатын болған.

 

Дже­ральд Форд

Дже­ральд Форд фотомодель ретінде карьера жасау мүмкіндігі туған жалғыз АҚШ президенті ретінде тарихқа енген екен. Танымал журналдарда суреттері жарияланған Джеральд Форд американ футболын ойнаумен де ерекшеленген. Тіпті Америка футбол лигасының жетекші командалары тарапынан оған кәсіби келісім-шартқа отыру ұсыныстары да келіп түскенін атап айтуға болады. Америка футболы мен бокстан бапкер де болған Джеральд Фордтың спортқа жақын болғандығы соншалық, ол тіпті теннис және гольфпен шұғылданған көрінеді. Осы себепті замандастары оны ой-өрісі тар адам ретінде қабылдаған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Арман Ағай

Ия, Ақш президенттері бүкіл әлемге танымал. 4 Президент өлтірілген

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)