сайыс
ozgetil.kz

Сәбит Дөнентаев

Сәбит Дөнентаев (1894—1933) Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жаза бастады.
1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш-қала деп атайды. Семинария зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинарияны Шәкен Айманов да оқып бітіреді.
Кеңес үкіметі орындаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген.
Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді.
1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған.
Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан.
Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар облысының Құркөл ауылында туған. Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 жылы мамырыдың 23 қайтыс болған.
Шығармашылығы. Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.
1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.
1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.
Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар.  Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)