Өлең, жыр, ақындар

Павлодар облысында ҰБТ-ға дайындық басталды

Павлодар облысының мектептерінде ҰБТ-ға дайындық бойынша сынамалы тестілеу басталды, деп pavlodarnews.kz хабарлайды.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, тестілеудің мақсаты - оқушылардың пәндер бойынша білімдерін тексеру, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу кезінде көмек беру.

«Тестілеу сегіз мектепте өткізілді. Оған 35 мектептен 962 оқушы қатысты. Тесттерге үш міндетті пәндер бойынша сұрақтар енгізілді: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы. Сонымен қатар, оқушылар   математика, химия, физика, биология, шетел тілі және мектеп бағдарламасының өзге де пәндері бойынша екі пәнді таңдап алды», - дейді қалалық білім бөлімінің маманы Балжан Әділханова.

Болашақта сынамалы тестілеу жүргізу, қорытынды аттестацияға дайындау және «Алтын белгі» аттестаты мен үздік аттестатқа үміткерлерді тестілеу, мұғалімдер үшін профильді пәндер бойынша әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жалғасады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар