Қазақстанда нақты ғылымдар саласы тек ағылшын тілінде сөйлейді

Қазақстанда біртіндеп қолданбалы ғылым саласының барлығы ағылшын тіліне аударылмақ.

«Бізді келешекте не күтіп тұр? Алдағы кезеңде саты-саты бойынша қолданбалы ғылым түрлерінің барлығы ағылшын тіліне аударылады. Бұл Білім және ғылым министрлігінің емес, уақыттың талабы. Барлық мемлекеттік гранттар, барлық сараптама жұмыстары ағылшын тілінде болады», - деп мәлімдеді ҚР БҒМ вице-министрі Асланбек Амрин «Ғылым мен бизнесті біріктіру құралы ретінде технологияларды коммерцияландыру» форумында.

Вице-министр ғалымдардың ағылшын тілін білуі керектігін атап өтті.

«Біз тек қана қолданбалы ғылым саласы туралы айтып отырмыз. Мәліметтерге сәйкес, қолданбалы ғылым саласындағы ғалымдардың көбі ағылшын тілін меңгерген. Өйткені бұл жаратылыстану ғылымы. Әлемдегі ғалымдар халықаралық форумдарда ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан, ерте ме, кеш пе біз де осыған келеміз. Дайын болыңыздар. Түркия, Малайзия, Германия елдерінде техникалық мамандық бойынша оқытулар мен зерттеулер ағылшынша өтеді. Біз де осы тәжірибені енгіземіз», - дейді ол.

Сонымен қатар, 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық дәрежеде жұмыс барысын кеңейтіп, қазақстандық ғалымдарды шетелге жібермек.

«Бұл не үшін жасалып отыр? Біз ғалымдарымыздың еркіндік қағидаты болғанын қалаймыз. Егер біздің ғалымдарға экспериминтальды ғылыммен айналысуы керек болса, оның сол сала зерттелетін елге баруына құқығы болып, сол тәжірибені Қазақстанға әкелуі керек. Біз бұл жұмысты келесі жылы бастаймыз. Алдын ала келіссөздерді жүргіздік. Шетелдік серіктестер тарапынан ортақ дайындық бар», - дейді вице-министр.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (2)

Назар Досболов

Жетіскен екенбіз! Қиналып қайтеміз, ондай жағдайда қазақ тілі қажетсіз болып қалады, бірден ағылшын тіліне өтесалайық онда. Кезінде араптарда ғылым, білім, өркениет дамып түрғанда, медереслерінде(ол кезде университеттің қызметін атқаратын) физика, химия, астрономия, алгебра т.б ғылымдар оқылып, тәжірибелер жасалып, ғылыми жаңалықтар ашылушы еді. Сонда жау елдердің тыңшылары биліктің жоғарғы жақтарына сенімге кіріп(түрлі жолдармен, аттарын өзгертіп, пара беріп, қулықтармен, ішкізіп т,б, әрине 2-3 жылда емес, 15-25 жылдар жүріп және 2-3 тыңшы болып емес, 100 деген тыңшылар, сыртан қарасаң, дипломат немес ғалым т,б,) медереслерден нақты ғылымдарды шығарып тастаған болатын, содан ғылымда көш бастап тұрған арап және ислам әлемі надандарға айналды, бүгінгі таңда сауатсыз, әлсіз күйде. Біз бүгіннің өзінде сауатсыз әлсізбіз, нақты ғылымдар саласы тек ағылшын тілінде сөйлегенде қазақ тілділер 2 ші сорттан 3 ші сортқа түсіп қаладық. Жоғарыдағыларда не бас жоқ, не жауға(ертең біздің елді соратын елдерге) алданып қалған надандар отқандай болып сезіледі!

қазақшыл

Оңбаған. ????
Батыс елдердің ғылымы әм техникасын дамытатыны өкімет авторитет емес Жеке кәсіпкерлер , яғни олардың жеке шаруалары және қаржылап құрған жеке коллеж институттар, болуының себебі да осы. Авторитет өкімет, республикалық болмай дикаторалық болса, елінің ана тілін немқұрайды қарап " озық " тілді Теліп жібергісі келеді; мысалы латин тілі, грик тілі, оған жол берілсе Ағылшын, неміс, франсия т.б. тілдеріне күн жоқ еді.

Қазақ тілді шаруашылар, кәсібіңмен қазақ тілін құтқарыңдар. тек сендер құтқара аласыңдар .. шаруаны қазақша, кәсіпті қазақша, бүткіл нарықты қазақшамен қозға. әсіресп қазақ тілді ғылымға жылу жина. сендер ғылымды қазақ тілде дамытпасаңдар, ешкімнің қолынан келер емес.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)