Өлең, жыр, ақындар

Оғаш әдет-ғұрыптар

Жер бетінің түпкір-түкпірінде бір-бірінен ерекшеленетін сан-түрлі әдет-ғұрыптар бар. Бұл әдет-ғұрыптардың кейбірлері күлкілі, кейбірлері қызық, ал кейбірлері жаға ұстатардай оғаш болып келеді.

Бұлардың біршамасы төмендегідей:

● Исландия: Астанасы Рейкьявикте 1924 жылдан ит бағуға тыйым салынған, 2006 жылдан бұл тыйым жартылай алынған.

● Моритания: Бұл өлкеде семіз әйелдер әдемі саналады және құрметтеледі. Тұрмыс құру шағына жеткен бойжеткеннің салмағы ең аз дегенде 60 кг, ең көбі 100 кг болуға мәжбүр.    

● Солтүстік Корея: Еркектердің 27, ал әйелдердің 25 жастан бұрын үйленулеріне тыйым салынады. Мұның себебі отан алдындағы әскери міндеттерін орындауға мәжбүр болуы.

● Солтүстік полюс: Эскимолар қартайған шағында іске жарамсыз екендіктерін ойлап жақындарынан өзін өлтіруін сұрайды. Бұл өзіне қол жұмсаудың бір түрі болып табылады. Күні келгенде қартайған отағасы жақындарының көмегімен тірідей жерге көміледі.

● Бразилия: Амазон аймағында өмір сүретін «SatereMawe» тайпасы өкілдерінің ұл балалары үшін ауыр азапқа пара-пар әдет-ғұрыптары бар. Ұл бала қолына тоқылған қолғап киіп, ғұжынаған оқ құмырсқаларының ішіне қолын салып 10 минут тұруы қажет.

● Танзания және Кения: Танзания және Кенияда өмір сүретін «Масаи» тайпасының өкілдері бір-біріне түкіру арқылы сәлемдеседі.

● Үндістан: Асқа келген қонақ тамақтан кейін кекірмесе, тамақты ұнатпаған болып қабылданады.

● Тайланд: Тек қана патша отбасына тән адамдар білетін өзгеше тіл қолданады — «Рачасап». Мұның себебі өздерін басқа адамдар түсінбеуі үшін екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Алуа

Бізде де оғаш əдеттер бар ғой, мысалы сəлем салу дегендей, басқа елге оғаш тіпті жабайылық болып көрінер.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз