Өлең, жыр, ақындар

Ертіс ауданында 200-ге жуық оқушы латын графикасында диктант жазды

Павлодар облысы Ертіс ауданында «Оқушылардың есімдері мен тектерін латын графикасында жазу» акциясы аясында 5-6 сыныпта оқитын 200-ге жуық оқушы латын графикасында сөздік диктант жазды.  

Бұл туралы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұргүл Сұлтанова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Балаларға латын графикасының екі нұсқасы да ұсынылды", - дейді Нұргүл Сұлтанова. - Яғни, 25 және 32 әріптен тұратын әліпби бойынша   жеңіл сөздер таңдалып алынды. Оған ұстаздар қауымы да белсенді қатысты. Акция барысында мұғалімдер мен оқушылар аты-жөндерін жазып, инстаграм және фейсбук әлеуметтік желісінде арнайы LatynGrafikaErtis хэштегімен белгіледі. Диктанттың қорытындысы бойынша баға қойылмады. Олар өзара пікір алмасу және өз қателерін түзету бойынша бір-бірімен жұмыс істеді".  

Диктант жазудан басқа, аудан мектептерінде қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы мәселені талқылау және қолдау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жаңа әліпби» көрмесі, «Латын әліпбиімен танысу» сынып сағаттары өткізілген.

Айта кетерлігі, Ертіс ауданында 2600-ден астам бала білім алатын 26 мектеп бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар