Өлең, жыр, ақындар

Жаңаша оқыту технологиясына бейімделу - заман талабы

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінде үш айлық президенттік курстан өткен мамандар есебі - 10 болса, оның үшеуі І деңгейлі (мектеп директоры - Н.Жұбаев, ДҒІЖО - Д.Оспанов, қазақ тілі маманы - Қ.Озықбай), екінші деңгейлі – 2 (математика пәні мұғалімі-А.Қасымбекова, қазақ тілі маманы - А.Жапабаева), үшінші  деңгейлі - 5 (ағылшын  тілі  пәні  маманы - А.Қарабала, қазақ тілі мамандары - Б.Төкебаев мен М.Абсаматова, бастауыш сынып мамандары - Р.Өсербай мен Қ.Қалдыбекова). Бұл пән мұғалімдері оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін меңгерумен қатар, мектеп мамандарына тәлімгерлік етуде және мектепті дамыту жұмысы аясында көшбасшылық жасауда өз  құзіреттіліктерін растаған мамандар. Бүгінгі таңда мектеп директоры Н.Жұбаевтың басшылығымен құрылған «Серпін» кәсіби қоғамдастығы  Д.Оспановтың жетекшілігімен өз тынысын жетілдіріп, дамытуда.

Мектептегі педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, әдістемелік кеңес отырыстары дәстүрлі жиыннан бүгінгі заманауи дөңгелек  үстел пікір-таласына бағытталып, жоспаралана өтілуі мектеп басшысы Н.Жұбаевтың шеберлігі мен жаңаша технологиялық жүйенің  тиімділігін іс-жүзінде айқын жүзеге асыра білуінде дәстүрге айналды.

«Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда, бірлескен жұмысты оқу мен оқыту технологиясында жүйелі жоспарлау» тақырыбындағы қоғамдастық жұмысы мектеп ұжымында өзіндік үлесін қосып келеді. Осының айғағы, ДОІЖО - Н.Баубеовтің 2016 жылдың қаңтар айында «Жаңаша оқыту үрдісі, сабақ үдерісінде» атты тақырыптағы онкүндіктік жоспарына сәйкес өтілген ашық  сабақтар топтамасы мен сәуір айында өтілген «Біз  жаңаша  оқытамыз!» тақырыбындағы айлық іс-шарасының жоғары деңгейде жүргізілуі.

Айлық іс-шарада тәлімгер және көшбасшы ұстаздар ұйымдастырған коучингтер мен тәліптердің өткізген ашық сабақтары, сонымен қатар  жас мамандардың әдіс алмаса отырып, оны сабақ барысында жүзеге асыру барысындағы жұмыс әдістерін жасқанбай, өз сабақтарына  тәжірибелі ұстаздарды қатыстыра отырып, ұсыныстар мен пікірлерін тыңдап, өмірлік шыңдалулары ұжымдағы аға буындарды сүйсіндірді.

Иә, ұстаз әрдайым жаңалық айнасы, жаңалық келбеті іспетті. Сондықтан да, алдағы оқу жылында күтіп тұрған Білім реформаларына сай, әрбір  мұғалімнің кәсіби жабдықталуы - бүгінгі күнгі ұстаздар шеберлігін тағы да бір қырынан өсуіне және даму мақсатына ықпал етері айқын.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз