Жаңа әліпбиді білім жүйесіне енгізу тыңғылықты түрде пысықталып жүргізіледі

Білім жүйесіне латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін енгізудің әр кезеңі тыңғылықты пысықталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде ғалымдар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы орайда емле-ереже керек, бізге грамматиканы жазып, қажетті сөздіктерді шығару керек, сондай-ақ терминологияны пысықтау қажет. Жалпы, белгіленген ауқымды жұмыс жүзеге асырылғаннан кейін, біз апробация процесін бастаймыз», - деп түсіндірді Е. Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр латын қарпіне көшу үдерісі іріктелген мектептерде, студенттік ортада жүргізілетінін атап өтті. Тек осындай тыңғылықты пысықталған шаралардан кейін ғана бірінші сыныпқа дейінгі және бірінші сынып ұстаздарын даярлау басталады.

«Барлық қажетті деген жұмыстар ескерілгеннен кейін ғана латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін білім беру жүйесіне, мектептерде әрі университеттерде енгізудің кестесін талқылаймыз», - деп нақтылады министр.

Оның айтуынша, осы үлкен жұмыстың әрбір кезеңін ведомство мұғалімдермен, мектеп директорларымен, университет педагогтарымен, сарапшылармен талқылап, сәйкесінше ұсыныстар республикалық комиссияға жолданады.

«Бүгінде студенттік ортада, журналистер арасында еріктілердің кең шоғыры пайда болғанын байқап отырмыз, сондықтан апробация бұқаралық сипатқа ие болады деп ойлаймын»,-деді Е. Сағадиев.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)