Өлең, жыр, ақындар

Үрей патшасы – Альфред Хичкок

Әлемдік киноматография тарихында әйгілі ағылшын және америкалық режисер Альфред Хичкок үрейлі фильм жасаудың шебері ретінде қалды. Ол үрейге толы шытырман оқиғалы фильмдер жасаған. Оларды триллер немесе саспенс деп атады. Хичкок көрермендердің психикасына ықпал ете алып, оларды өзіне бағындырған. Ол барлығын есептегенде 55 толық метражды фильм шығарып, олардың көбісі әлемдік кино өнерінің классикасына айналды. Оны америкалық кино акедемияның "Оскар" сыйлығымен бірнеше мәрте марапаттаған.

Альфред жастық шағында әсерленгіш, тіпті қамкөңіл болған. Бірақ кеңпейіл әрі жұмбақ жан болып көрінген. Хичкок өзінің табиғи болмысын ешқашан жасырған емес, тек тұспалдап істеген. Жұмбақ әрі белгісіз образы оның балалық қорқынышынан арылмағандығымен түсіндіріледі. Болмашы нәрсеге жазықты болғаны үшін әкесі баласын полицияға апарып, полицейлерді баласын камераға отырғыздыртуға көндіреді. Ол онда бірнеше сағатын өткізеді. Бұл баланың бойында автокөліктер мен полицейлерден үрейленетін комплекстің пайда болуы үшін жеткілікті уақыт еді. Босатылғаннан соң, полицейлерден үрейленуі өмір бойы жалғасты.

Оның ата-анасы католиктер болды. Әкесі Лондонда дүкен ұстап, азық-түлік тауарларын сатты. Альфред иезуит (католик-монах ұйымының мүшелері) колледжінде оқыды, сосын инженер-штурмандық (кемелерді, ұшақтарды басқаратын маман) мектепте білім алды. 1915 жылдан бастап телеграф компаниясында жұмыс істейді.  Өнерге әуестеніп, Лондон университетінде суретшілер туралы дәріс тыңдап, оқу орнын бітіреді. Келешекте инженер болу, оны қызықтырмады. Ол киноматографияға берілді. Фильмдерді құмарлана көріп, болашақта картиналарды өзі түсіруді армандады.

1920 жылы Хичкок Голливуд компанияларының бірінің Лондондағы филиалында дизайнер болып жұмыс істей бастады. Ал 1923 жылдан бастап өзін режиссер ретінде сынап көреді. Оның алғашқы авторлық шығармалары «Рахат бағы» (1925), содан кейін «Тау қыраны» (1926). Бірақ Хичкоктың үшінші "Тұрғын" фильмінде оның бұдан арғы шығармашылығының ерекшелігі көрінді. Фильм қоғамға ерекше әсер қалдырып әрі сынға да ұшырады. Мамандар көрерменді киноның аяқталуына дейін ұстай алатын режиссердің туылғанын атап өтті. Бұл бағалау Хичкокқа болашақта қандай жанрды таңдауға болады деген сұрағына жауап болды. Хичкок саспенс пен триллердің шебері болды.  1934 жылдан бастап, ол жыл сайын жаңа таспаға: «тым көп білетін адам», «39 қадам», «жасырын агент», «жас және жазықсыз» фильмдерін шығарды.  Есте қаларлық деталі: дерлік әрбір фильмде ол бірнеше секундқа созылатын кішкентай рөлде ойнап, өзін-өзі түсірген.

Хичкок 1939 жылы Голливудқа шақырылған кезде, 23 картинаның авторы болды. Келесі жылы ол «Ребекка» детективтік субтекстімен фильм-мелодрамасын жасады. Бұл әйелі жұмбақ жағдайда қайтыс болған, сәнді сарайдың бай иесіне үйленген жас қыздың тағдыры туралы Дафна Дюмордың әйгілі романының экрандалуы еді. Фильм жаңа нұсқасының ойлап табылуы ұсынылып, халықтың көңілінен шығып, көрермендерді соңғы минутына дейін ұстады. Картина Оскарға лайық болды. Актерлер Лоуренс Оливье мен Джоан Фонтейн рөлдерін жақсы алып шықты. Бүгінгі күні де бұл фильмді қызығушылықпен көреді.

Хичкок бұдан кейін,  өзінің фильмдеріне сюжеті күтпеген жерден бұрылыс жасайтын сценарий іздеді. Ол экранда өзінің кейіпкерлері, оқиғалар жайлы толығырақ әңгімелеп, көрермендерді іс-әрекетке қатыстырып, оларда симпатия(жанашырлық) мен антипатия сезімдерін оятуға тырысты. "Ауладағы терезе" фильмінде (1954) аяғы сынған журналист, сағыныштан бар уақытын терезе алдында өткізеді. Ол көрші пәтердегі  тұрғындардың жүріс-тұрысының өзгеше бола бастағанын байқайды. Оның бұл бақылауы ақыр аяғында, өзін-өзі өлтіруіне алып келеді. Осы фильмнен кейін Альфред Хичкок ең беделді және әйгілі кинорежиссерлардың бірі болды.

Оның келесі «Психо» (I960) фильмі, үрей жанрындағы шедевр ретінде мойындалды. "Құстар" (1963) көрермендерді қарғаның жүріс-тұрысымен, триллер және саспенспен біруақытта қорқытады: ол шынайы өмір мен фантастика негізінде жасалынды. Екі картинада Хичкокқа миллиондаған қаламақы(гонорар) алып келді.

Әр түрлі елдердегі көптеген режиссерлер Хичкокқа еліктеп, соған ұқсағысы келді. Патшайым Елизавета режиссердің АҚШ азаматы болғанына қарамастан, рыцарь дәрежесіне көтерді.

Бүкіл әлемдік үрей патшасы Лос-Анджелестегі үйінде бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Оның соңғы сөздері қызына айтылды: «Мен жарықтың өшкенін сезудемін. Әйтеуір, мен енді шынымен дем алып, ұйықтай алатын болдым...»

Хичкок  фильмдеріне сюжетті мұқият таңдаған. Ол «Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» деп айтқан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Аманғали

«Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» деп біздің режиссерлерімізге айту керек! Мағынасы жоқ, сюжеті қызық емес.... кино түсіреді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз