Мәңгілік ел

Елім деп еміренген қаншама боздақтар арман етіп кеткен, туған жеріміз бүгінде, тәуелсіздік алып, мәңгілік елге айналған.Ұлылықтың ұйытқысы болған, дәстүрге бай қазақ елінің тамыры тереңдей түсті, десек өтірік емес. Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған,асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан  елбасымыз Н.Назарбаев жолдауында  «Мәңгілік елдің болашағы- жастардың қолында» - деген болатын. Сондықтан әрбір жалынды жас  туған жерін сүюі тиіс деп білемін. Қазақ елін дамытып, көркейтуге атсалысу кез-келген азаматтың парызы.

Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен қорғап келді. Міне, қаншама бабаларымыздың арманы болған тәуелсіздікке қол жеткіздік, қырандай еркін болып, жарқын болашаққа қанат қақтық. Еліміздің жүрегі кең, көкірегі ояу. Қазірде қазағым қонақжай халық ретінде қаншама елдің жүрегін жаулаған. Көптеген елдерге танылған қазақ елінен бәрі үлгі алады. Себебі ұлы еліміз қарыштап дамып, тыныштық пен тұрақтылыққа ие болды. Ал біз жастар осындай керемет елдің, болашақта тұтқасын ұстар азаматы мен азаматшаларымыз. Сондықтан сол атты арқалап жүруге лайықты болып, еліміздің елдігін білдіретін тіліміз бен тегімізді көзіміздің қарасындай сақтаймыз сенемін және достарымнан да соны талап етемін! 

Еліміздің тұғыры қазақ тілінен басталады. Бірақ бір өкініштісі кейбір жастар  қазақ тілін білмейді, қазақша сөйлегенді ар санайтындар да бар екен. Бұл не деген сұмдық?! Қазақтығынды осылай төмендеткендерің бе? Өзімізді-өзіміз сыйламасақ, қалай мәңгілік ел боламыз, қалай қазақ атын қорғамақпыз?!  Еліміздің салт-дәстүрін берік ұстап, бізге аманаттаған  ұлы бабамыздың мұрасын қор қылмайықшы! Тегімізді сақтап, әрқашан қазақпын  деп айтудан шаршамайық! 

Қазақ елі-әрқашан дәстүрге бай,ұлы елдердің бірі. Үлкенін құрметтеп,кішіге ізет көрсеткен,қазақ елінің мәңгілік болуы үшін аянбай еңбек етейік! Тілімізді сақтап,тегімізді биік ұстайық! Мәңгілік елім-тұғырын биіктей берсін!  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)