Сыбайлас жемқорлықтың 50 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге қаржы бөлу кезінде жасалады

Сыбайлас жемқорлықтың 50 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге қаржы бөлу кезінде жасалады. Бұл туралы «Аймақ» өңірлік дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының президенті Айгүл Соловьева айтты.

«Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 50 пайыздан астамы мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру барысында жасалады», - деді ол «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы барысында.

Осы ретте аталған кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов  Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуына жүргізген бақылауында еліміздің Білім және ғылым министрлігіндегі аудиттен бюджеттің 43,2 млрд теңгесі тиімсіз қолданылғаны анықталғандығын еске салды. Сонымен қатар 16,9 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылық орын алған.

«Қарастырылып отырған мәселе бюджеттік тікелей байланысты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру  тек мүдделі мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен бірге құқық қорғау органдарының да жіті назарында болуы тиіс», - деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)