Өскеменде энергетиктер мектептерді жаңғыртуға қомақты қаржы бөлді

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындары «Туған жер» акциясы аясында өңірдегі мектептерге қажетті демеушілік көмек көрсету акциясына қатысуда.

Өңірдің ақпарат орталығының хабарлауынша, ортақ іске өз үлестерін «Өскемен жылу желісі» АҚ мен оның ұжымы қосқан.

«Өскемен жылу желісі» АҚ бас директоры Ренат Оразбаев бастаған ұжым қызметкерлері айлық жалақыларынан білім беру ісіне қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдаған.

«Парыз» өңірлік қайырымдылық қорына кәсіпорын 1 млн-нан астам теңге бөлген.

«Туған өлкеміздің дамуына үлес қосу - біз үшін ол үлкен жетістік. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары халықаралық олимпиадалардан жүлдемен оралып, еліміздің атын шығарып жатса, біз олармен әрине, мақтанамыз. Біздің ұрпағымыз - біздің болашағымыз»,-деді желу желісі кәсіпорнының өкілдері.

Өскеменде өткен акция облыстағы меценаттардың барлығының басын қосты. Ауқымды жоба аясында мектептерді заманға сай қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету көзделіп отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)