Қозғалыссыз өмір салтында тұтынылатын өнімдер

Көз үшін

Қазіргі заманның технологиясы көш алға кетіп қалғанымен, компьютер алдында жұмыс істеу сіздің көзіңізге зиянын тигізеді.

Көзіңіздің көру қабілетін сақтап қалуға құрамында Омега-3, лютеин, цинк және А, В, Е дәрумендері бар өнімдер өз ықпалын тигізеді.

Олар:

- Көк шөп (салат жапырақтары, шпинат, орамжапырақ);

- Жұмыртқа;

- Цитрус өнімдері;

- Жидектер;

- Жаңғақ және пістелер;

- Балықтың майлы түрлері (албырт, тунец, скумбрия, бақтақ)

​Иммунитетті күшейту үшін

Тұйық кеңістікте көп адам бірге отыратындықтан, қазіргі кезде офис бұл – бактерия мен вирустардың кеңінен таралуына септігін тигізетін тамаша орта. Сондықтан да тұмауратып қалған бір адамның айналасындағы бірнеше адамды жұқтыратыны заңдылық. Мұны болдырмау үшін, жалпы белгілі сақтық шараларын ұстанумен қатар, келесі өнімдерді тұтынуды есіңізден шығармаңыз.

- Цитрус өнімдері;

- Қызыл бұрыш;

- Броколли орамжапырағы;

- Сарымсақ;

- Зімбір;

- Киви;

- Папайя;

 

Метаболизмді жеделдету үшін

Метаболизм неғұрлым жақсы жүргенімен, калориялар соғұрлым көбірек жұмсалады. Уақытының көп бөлігі отыру қалпында өтетіндіктен, офис қызметкерлеріне бұл өзекті мәселе болып табылады. Төменде аталған өнімдер ағзадағы зат алмасу процессін жеделдетіп, салмақты бірқалыпты ұстап тұруға өз септігін тигізеді.

- Теңіз орамжапырағы;

- Кофе;

- Шәй;

- Тағам дәмдеуіштері (зімбір, кайен бұрышы, кардамон);

- Бұршақты дақылдар;

- Майсыз ет (тауық және күркетауық еттері).

 

Ми үшін

Дұрыс тамақтану тек қана ағзаның дамуына маңызды болып қалмай, офис қызметкерлерінің басты жұмыс “құралы” болатын мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін де қажетті. Осы өнімдер мидағы сұр заттың жұмысына  жақсы ықпалын тигізіп және жас ерекшеліктерінің өзгерістерін баяулатады.

- Майлы балық (албырт, ақсерке, бақтақ);

- Қаражидек;

- Жаңғақтар мен пісте;

- Жасұныққа бай өнімдер (сұлы жармасы, тұтас дәндері бар нан, қоңыр күріш);

- Анар шырыны;

- Қара шоколад.

Ішек үшін

Америкалық зерттеулер нәтижесіне сенетін болсақ, он жыл және одан да көп отырықшы жұмыста істеген адамдардың тоқ ішек қатерлі ісік ауруына шалдығуы екі есеге артады. Аурудың алдын алуына жүйелі түрде дене жаттығуларымен (сонымен қатар жұмыс орнында да) айналысу және төмендегі өнімдерді тұтыну септігін тигізеді.

- Брокколи орамжапырағы;

- Шпинат;

- Цитрус өнімдері;

- Жидектер;

- Жасұныққа бай өнімдер (сұлы жармасы, нан, қоңыр күріш).

Ал мамандардың айтуынша қызыл ет пен өңделген етті тұтынуды (сосиска, шұжық) шектеу керек, себебі олар қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)