Өлең, жыр, ақындар

Семейде пара алмақ болған мектеп директоры сотталды

Семей қаласының №2 сотында тұрақты тіркеусіз баланы білім ордасына қабылдағаны үшін пара алмақ болған мектеп директорына қатысты үкім шықты, Семей қаласының №2 сотын баспасөз қызметі деп хабарлайды .

Директорға қатысты сот ісі бүгін соңына жетті. Сот материалдарына сәйкес, қаладағы №7 орта мектептің директорына семейлік тұрғын өтініш білдіріп, өзінің танысының балалаларын тұрақты тіркеусіз мектепке қабылдауды сұраған. Білім ордасының басшысы оқушыларды қабылдайтынын, алайда бұл қызметтің тегін болмайтынын ескерткен.  Өтініш білдірушілерден алдымен көліктің дөңгелегін сұраған. Алайда аз уақыт өткеннен кейін директор құны 63 500 теңгелік видеотіркеуіш сатып алып беруді бұйырған. Нақты қылмыс барысында, яғни параны алу кезінде мектеп басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері қолға түсірді.

Мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-бөлігі бойынша жауап беруіне тура келді. Сот үкімі бойынша, 63 500 теңгелік «сыйлық» елу еселеніп, директорға 3 миллион 170 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге, сотталушының мүлкі тәркіленіп, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар