Өлең, жыр, ақындар

Аю мен түлкінің достығы

Қызылорда қаласы
№101 Ә.Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейдің
3 «А» сынып оқушысы: Болат Айсұлтан Досханұлы

(ертегі)

Ертеде аю болыпты. Ол өте еңбекқор әрі шыншыл болыпты. Оның үш қонжығы бар екен. Қонжықтары да анасы секілді ақылды болыпты. Олар еңбекқорлығының арқасында жақсы өмір сүріпті. Күнде бал, балық жейді екен. Бос уақытында аю қонжықтарын ойнатып, серуенге шығады екен.

Олардың апандарының қасында түлкі тұрады екен. Түлкі қу әрі жалқау болыпты. Ол аю қонжықтарымен серуенге кеткенде, солардың тамағын жеп жүреді. Бір күні оны аю сезіп қалады. Сөйтіп түлкі кірген терезені жауып қояды. Түлкі шыға алмай кешірім сұрап, жылайды. Аю және қонжықтары түлкіні аяп, шығарады. Оған ұрлықтың жаман екенін, тамақты еңбекпен табу керек екенін айтады. Содан былай түлкі аюға еріп, балық тағы басқа қоректерін өзі табатын болыпты. Әрі қонжықтарды ойнатады екен. Еңбектеніп өзіне апан да жасап алыпты. Содан бері аю мен түлкі дос болыпты. Олардың балалары да бірге ойнап, тату тәтті өмір сүріпті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз