Оқу үрдісінің тәжірибесінде педагогтардың жаңа оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс–тәсілдерін және жаңа технологияларды енгізу проблемалары

This article discusses the problem of introduction in educational process  of innovative working methods and new teaching technologies. Features of teaching in the system of training of credit technology in colleges are analysed. The author reveals the effective teaching methods in the new system of teaching.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті, сапалы, білікті  маман даярлау. Осы білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадамдар көп. Дегенмен, бүгінгі күні осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттеріміздің дұрыс атқарылмауы, оқу жүйесіне енгізілуіндегі ахауылдар  оқу жүйесінде үлкен проблемаларды туындап отыр. 

Қарастырылып отырған мақаламызда қазіргі таңдағы оқу сапасындағы оқытушылардың кредиттік оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс – тәсілдердің және жаңа технологиялардың енгізу проблемаларын қарастырып, оларға жаңа көзқараспен талдау жасадық.

XXI  ғасырдың білім беру жүйесіндегі басты жаңалығы – кредиттік оқу жүйесінің енгізілуі болды. Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, интеграциялау үрдісі түрлі мемлекеттердің білім беру жүйесін халықаралық деңгейдегі сыбайластық шешімі туындады. Нәтижесінде, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?

Ең бастысы, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында ұлттық білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау болды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім жүйесінде мектептер, лицейлер, колледждер, жоғары оқу орындары және т.б. оқу мекемелері бар. Барлық оқу орындарының алдындығы тұрған басты мақсаты -  жаңа білім жүйесін енгізе отырып, оқу жүйесінің сапасын жақсарту болды. Алайда турлі оқу орнында бұл жаңа оқу жүйесін енгізу түрлі проблемаларды туындады:

- білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау жүйесінің жаңа оқу жүйесінің стандарттарынан алшақтауы;

- оқу үрдісінде жаңа әдіс – тәсілдердің тәжірибеден тыс қалып қалуы;

- оқытушы мен білім алушы арасындағы жаңа оқу технологияларының пайдаланбауы;

- оқытушы мен білім алушы алушы арасындағы интеграцияландыру сұхбаттың жоқтығы;

- оқу тәжірибесінде методологияның ақсаңдауы.

Жаңа оқу үрдісінің әлемдік интеграциясы нәтижесінде бүгінгі күні әлемдік тәжірибедегі түрлі оқу әдіс – тәсілдері оқу жүйесіне енгізілуде. Әдіс – тәсілдер көп, ал оларды дұрыс пайдаланып, қолдану жоқтың қасы. Әріптестеріміз жаңа әдіс – тәсілдерді қағаз жүзінде, ашық сабақ ретінде корсетіп шектеледі де, іс жүзінде тәжірибе алмасу болмайды. Кеңес өкіметінен сақталған оқу үрдісінің догматикалық қағидаларымыздан айырылмай келе жатқанымызда үлкен мәселе.  Бұл педагогикалық тәжірибеде педагогика, этнопедагогика ғылымдарының методологиялық мәселелерін әліде тың қарастыруды талап етіп тұр.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру оқытушылармен өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Әр оқытушының алдына қойылған мақсаты :

- жаңа идеяны іздеу;                                                                                                                        

- жаңалықтарды ұйымдастыру;

- жаңалықтарды енгізу;

- жаңалықтарды бекіту.

Білім — бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.

 Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. 

Қолднылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. А.,2004

2. Hattie, J and Yates, G (2014). Visible Learning and the Science of How We Learn [Каким образом мы относимся к обучению и науке].

3. Чекетаева Р.С. Қазақстан білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістер.// www. group-global.org

4. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010

5. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 400 с.

Оразова Айнұр Егембердіқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)