Қоғамдық орындарда Wi-Fi-ды қолданбау керектігінің 8 себебі

Кофеханаларда, саябақтарда, көлікте - қоғамдық Wi-Fi қолдануды әдетке айналдырғанымыз әлдеқашан және онсыз енді өз өмірімізді елестете де алмаймыз. Алайда, бос желілердің қауіп төндіре алатыны және бізге білдірмей зиян тигізетіні жайлы көп адам ойлана бермейді.

Вilim-all.kz тегін Wi-Fi желілерінде қандай қауіп жасырынғанын, сондай-ақ мәліметтеріңіздің аман қалуы үшін не істеу керектігін анықтап, біліп беруді ұйғарды.

1. Тыңшы-делдалдар

© Depositphotos

Wi-Fi қауіпсіздік қатерінің ең жиі кездесетін түрлерінің бірі - делдал шабуылдары немесе MiM (Man in the Middle - ортадағы/арадағы адам). Бұл теxнологияның көмегімен қастық ойлаушы адамдар сіздің ақпаратыңызды қағып алып, оны білдірмей ауыстырып қоюы немесе тағы біреулерге жеткізіп беруі мүмкін. Сіз қоғамдық желіні қолданып отырғанда,  тыңшы келеді деп сезіктенбейсіз де. 

2. Клондар шабуылы

© Depositphotos

Хакерлік айлаларының тағы бір кең тараған түрі - клондалған сайтқа қайта адрестеу әрекеті. Хакерлер адресті білдірмей ауыстырып жіберіп, сізді еш күдік тудырмайтын сайтқа алдап түсіреді. Сайт адресінің ауыстырылып қойылғанын байқамай, сіз зиянкестерге логин және құпиясөз түріндегі жеке ақпаратыңызды оңай беріп қоясыз. 

3. Құпиясөздерді ұрлаушылар

© Depositphotos

Көбіміз түрлі сайттарға тіркелген кезде барлығына бірдей электрондық адрес қолдануды әдетке айналдырдық, әрі жаңа құпиясөз ойлап табуды да сирек жүзеге асырамыз. Бұл айтарлықтай ыңғайлы, алайда біз үшін ғана емес, сондай-ақ xакерлер үшін де. Бізбен бірге ортақ Wi-Fi желісін пайдалана отырып, олар біз кіріп-шыққан сайттардағы құпиясөзімізд оңай біліп қоя алады. 

4. Эпидемия

© Depositphotos

Зиян келтіруші бағдарламалардан қорғау қамтамасыз етілмеген кофеханада сіз Wi-Fi-ға қосылдыңыз деп ойлап көрейік. Мұндай жағдайда вирус жұққан бір құрылғы тұтас эпидемияға әкеп соқтыруы мүмкін - вирустар бір пайдаланушыдан басқасына тез тарайды, әрі олардан құтылу да оңай емес.

5. Компромат

© Depositphotos

Сіздің мәліметтеріңізді ұрлаудан басқа, xакерлер сізге білдірмей компромат тастауы да мүмкін және сіз жариялаған ақпаратты сол әшкерелеуші материалмен алмастыра алады. Өзін “этикалық xакер” деп атайтын Вутер Слотбумның айтуынша, зиянкес, мысалға, сіздің смартфоныңызға ұятсыз-зиян мәліметтер жүктеп, сіздің атыңыздан оны жариялай да алады. Мұның аса ауыр қылмыс екенін айтудың қажеті бар ма?

6. Қарақшы-желілер

© Depositphotos

Сіз кофеханадағы, әуежайлар мен ойын-сауық орталықтарындағы қолжетімді Wi-Fi желілеріне сенім артасыз ғой? Онда қырағы болыңыз: (тіпті сіз отырған сенімді мекеменің атымен болса да) ресми желілер түрінде нағыз xакерлік жалған желілер жасырынуы мүмкін. Олардың көздегені - сізді өз торына түсіріп, мәліметтеріңізді біліп алу. 

7. Сол баяғы сығалау

© Depositphotos

Кейбір алаяқтар мәліметтерді ұрлау үшін бағдарлама ойлап табам деп бас қатырмайды. Олар бар болғаны сізден алшақ емес жерге отырып, телефоныңызға немесе ноутбугыңызға қарайлап, көз қырын салады. Миллиондаған адамдар киберқорғау туралы ойлап жүргенде, ұсақ-түйек ұрылар жай ғана сіздің құпиясөздеріңді және банктік карталарыңыздың ПИН-кодтарын сығалап тұрады. Сондықтан, кофеханаларда артыңызда қабырға болатындай отырсаңыз артық болмас, әрі банктік операцияларды іске асырмаңыз. 

8. Зиянкес мобильдік қосымшалар

© Depositphotos

Көптеген мекемелер өз клиенттеріне арнайы мобильдік қосымшаны жүктеп, жеңілдік алуды ұсынады. Алайда, желінің қорғалмағандығын ескерсек, қосымшамен бірге өз телефоныңызға вирус жүктеп алуыңыз немесе xакерлерге мәліметтеріңізді қағып алудың жаңа мүмкіндігін беріп қоюыңыз мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғай аласыз:

•    Қоғамдық орындарда VPN (Virtual Private Network) - виртуалды жеке желіні пайдаланыңыз.

•    Өз антивирустық бағдарламаларыңызды жаңартып отыруды ұмытпаңыз.

•    FreeInternet немесе FreeWiFi сияқты күдікті атаулары бар желілерге сенім артпаңыз.

•    Wi-Fi-ға автоматты қосылу қызметін өшіріңіз - қосылуды тек қолмен іске асырған жөн.

•    Қандай сайттарға кіріп-шығатыныңызды ескеріп отырыңыз: қоғамдық қолжетімді Wi-Fi-ға қосылған жағдайда банк сайттарына және әлеуметтік желілерге кірмеңіз.

•    Көпшілікке қолжетімді орындарда ғаламтор арқылы сауда-саттық жүргізбеңіз және банктік аударымдарды іске асырмаңыз.

•    Ашық қоғамдық желілерде құпия ақпарат бермеңіз. 

•    Поштадағы немесе сіз сеніңкіремейтін веб-сайттардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз.

•    Жан-жағыңызға қарайлап тұрыңыз: айналаңызда тым көп адам болып жатса, банктік реквизиттер мен құпиясөздерді енгізбеңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)