«Болашақ» стипендиясы: Қай мамандықтар сұранысқа ие

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ "Болашақ" халықаралық стипендиясы арқылы білім алуда үміткерлер тарапынан сұранысқа ие болып отырған мамандықтарды атады.

"Қазіргі уақытта үміткерлер тарапынан «Құқық», «Халықаралық қатынастар», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік саясат», «Білім саласындағы басқару», «Журналистика», «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Технологиялар менеджменті, инновациялық менеджмент» және т.б. мамандықтар аса сұранысқа ие", - деп жауап берді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы «Мемлекеттік қызметшілер», «Ғылыми және педагог қызметкерлер», «Инженерлік-техникалық қызметкерлер», «Мәдениет қызметкерлері», «Мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлер», «Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері» санаттары бойынша  магистр дәрежесін алуға және тағылымдамадан өту үміткерлері үшін жеңілдіктер бар. Олар үшін IELTS 5.5 деңгейіндегі көрсеткіш жеткілікті және тілдік курстардан өту мүмкіндігі қарастырылған.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)