Әлемнің байлығын әр адамға тең етіп бөлгенде...

Біздің ғаламшар —  шын мәнінде өз бірегейлігімен әрі әсемдігімен ерекшеленетін орын, сонымен бірге шамамен 7,5 млрд. адамның үйі болып табылады. Алайда, өкінішке орай, адамдардың әлеуметтік деңгейі бірдей емес. Егер Жер бетіндегі әр адам барлық байлықтан және адамзатпен өндірілетін барлық өнімнен теңдей үлес ала алса не болар еді?

Әлемдегі барлық адам бір-бірімен шын мәнінде тең болған жағдайдағы қызықты статистикамен танысуға шақырамыз.

Жер

© pixabay

• Құрлық ауданы — 148 429 000 ш. км.

• Әр адам басына келетін жер шамамен 19 790 ш. м.

• Монакодағы xалықтың тығыздығы — 18 679 адам/ш. км. Әлемдегі ең үлкен мемлекет Ресейдегі xалықтың тығыздығы — 8,56 адам/ш. км.

Тұщы су

© pixabay

• Жер бетінде 1 386 млн. текше км. су бар, тұщы су оның  3 %-ын ғана құрайды. Ал сол тұщы судың көп бөлігі мұздықтарда қатып тұр немесе жер асты қойнауының терең бөліктерінде шоғырланған.

• Барлық судың 0,649 %-ы ғана ішуге жарамды және қолжетімді, ал бұл адам басына шаққанда шамамен 120 млрд литр.

• Өндірістің орасан зор көптігін, ауыл шаруашылығын, ластануды және булануды ескергенде бұл тым аз. Суды босқа ысырап қылмаңыз!


Темір жолдар

© pixabay

• Әлемдегі теміржол төсемінің жалпы ұзындығы 1 370 782 км.

• Бір адам басына келетін темір жол ұзындығы 18 см-ден сәл ғана асады.

• Бұл шаманың аздығы сондай, тіпті рельс үстіне планета тұрғындарының барлығын бір мезетте сыйдырып тұрғыза алмайсың да.


Мұнай

© depositphotos  

• Мұнайдың дәлелденген әлемдік қоры 2016 жылы 1 707 млрд. баррельді құрады.

• Әрбір адам басына келетіні 36 мың литр шамасында.

• Мұнай пайдаланудың қазіргі деңгейімен есептегенде (бір күнде адам басына шамамен 2 литр), бұл қор тағы 50 жылға жетеді екен.


Жүн

© pixabay

• Жылына 1 160 млн. кг. жүн өндіріледі.

• Әр адам басына келетін жүн шамамен 155 грамм. Бар болғаны сол-ақ.


Қағаз және картон

© pixabay

• Қағаз бен картонның жылдық шығарылымы 406,5 млн. тонна деңгейінде.

• Ал бұл адам басына шаққанда 54 кг-нан сәл ғана асады!

• Бұл әр адам жыл сайын жеке кітапxанасын сүйікті авторларының екі үлкен шығармалар жинағымен толықтыра алатындай жеткілікті мөлшер.

 

Ормандар

© pixabay

• Әлемдегі ормандар ауданы 2016 жылы 3 999 млн. га жерді құрады.

• Әр адам басына шаққанда 5 300 шаршы метрден келеді екен.

• Бұл дегенің тым аз, әсіресе, алдыңғы пунктте айтылған қағаз өндірісін және бүкіл жер шарында іс жүзінде тоқтаусыз болып жатқан өрттерді еске алар болсақ. Ал орман деген — жеріміздің өкпесі ғой.   

Кофе

© pixabay

• Кофені экспорттаушы елдер 2016 жылы 9 232 140 000 кг кофе өндіріпті.

• Әр адам басына шаққанда 1,23 кг-нан шығады екен. Ал бұл кофені жақсы көретін елдер үшін өте аз.

Coca-Cola

© pixabay

• 2016 жылы компания 155 млрд. литр Coca өнімін өндірді.   

• Бұл әр адам басына санағанда 20 литрден сәл асады!

• Ал әлемде газдалған судың бұдан да басқа көптеген түрлері өндіріледі емес пе!

Сабын

© pixabay

• Жыл сайын 4 535 923 700 кг. сабын өндіріледі.

• Әр адам басына 605 грамм сабыннан келеді екен.

• Қолды әрдайым жуып тұру арқылы ғана жыл сайын 1,4 млн-нан астам өлімнің алдын алуға болады. Сондықтан, тазалықты елемей жүрмеңіз, xош иісті сабын жасасын!

Банандар

© pexels

• Әлемде жыл сайын шамамен 103 млн. тонна банан өндіріледі.  

• Адам басына шаққанда әрқайсымызға 14 кг-ға жуық банан тиеді екен. Бірақ, әрине, бұл жемістердің едәуір үлесі дамушы елдерде желінеді.

Алтын

© pexels

• Алтын өндірудің бүкіл тариxында жер қойнауынан 187 200 тонна алтын алынған.

• Әр адам басына 25 граммнан келеді екен.

• Сақтаулы қорлардың мөлшері 57 000 тоннаны құрайды, бұл әр адамға 7,6 граммнан бөліп беруге болатындай жеткілікті. Сізге де үйдегі бар әшекей бұйымдарыңыздың салмағын өлшеп көру қызық болып тұр ма?

Донор қаны

© wikimedia

• Бүкіл жер шарында бір жылда шамамен 112,5 млн. доза (450 мл) қан тапсырылады, бұл 50 625 мың литрді құрайды.

• Әр адам басына 6,75 мл-ден келеді екен. Күн сайын қан құюды қаншама адам қажет ететінін ескерер болсақ, бұл тым аз.

Полиэтилен пакеттері

© depositphotos

• Адамдар жыл сайын 5 трлн-нан астам полиэтилен пакеттерін өндіреді!

• Ал бұл адам басына 700-ге жуық пакеттен келеді деген сөз!

• Олардың көпшілігінің қызмет ету мерзімі бірнеше секундтан аспайды, ал ыдырау уақыты және экология мен жануарлар әлеміне тигізер әсері жүздеген жылдармен есептеледі. Полиэтилен пакеттері — бұл қайта өңделуі күрделі материал, әрі олар жаһандық проблемаға айналды, сондықтан көптеген мемлекеттерде оларды сату мен өндіруге толықтай немесе ішінара тыйым салу енгізілуде.

McDonald’s бургерлері

© pixabay

• Ірі америкалық корпорация McDonald’s секунд сайын 75-тен астам бургер өндіреді! Ал бұл жылына шамамен 2 365 200 000.

• Әр адам басына бургердің 1/3-ге жуық бөлігі ғана тиеді екен!

• Бірақ көңіл түсірудің қажеті жоқ — McDonald’s-ке бұл көрсеткішті орасан зор мөлшерге дейін көбейтетін өзге де фастфуд желілері көмекке келеді.

Ғарыштық қоқыс

© wikimedia

• Қазіргі уақытта ғалымдар орбитадан жалпы салмағы 7 500 тоннаға жететін бірнеше жүз мыңдаған ғарыштық қоқыс заттарын бақылауда.

• Әрқайсымызға 1 грамм ғарыштық қоқыстан тиеді екен.

Темекі

© pixabay  

• Әлемде бір жыл ішінде шамамен 5,8 трлн. темекі тартылады.

• Адам басына шаққанда 773 темекіден шығады екен. Тіпті осындай көрсеткіштің өзі қорқынышты, ал егер жыл сайын темекі тартудан миллиондаған адам өлетінін еске алсақ, одан да қорқынышты болып кетеді.

Сүт

© pixabay

• Сүттің әлемдік өндірісі 826 млн. тонна деңгейінде қалыптасқан.

• Сонда бір адам басына келетін сүт мөлшері — 110 литр.

Мысықтар

© pixabay

Мысық — кең тараған үй жануарларының бірі болып табылатынына қарамастан, жаһанды мекендейтін мысықтар саны 600 млн. Әр адам басына шаққанда шығатыны — бар болғаны 0,08 мысық... Сондықтан, үйіңізде мысығыңыз бар болса, өзіңізді баймын деп санай беріңіз де барып оны бір сипап қойыңыз :)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Али

Қазақстанның азаматтарына 20-30 соттық жер берсе орынды болар еді ❤ ☺ ✋ ✌

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)