http://a-brands.kz/

Ақ қанат арман

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп" КММ-ның  
7 "Б" сынып оқушысы Аманбек Нұрболат
Жетекшісі: Ахметова Қарлығаш Серікқұлқызы

 

Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда, болмысты да, болмасты да  болады деп арманда, - деп ақын Мұқағали  Мақатаев ағамыз да арман жайлы жырлаған. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген.

Арман деген не?- деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде Қария:

Арман дегеніміз ақыл- ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді,жігіт жүректі болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - деп қарт жауап беріпті.Қай адамда болсын өзінің арманы болады. Сол армандарына жеткісі келеді.Арманына жету үшін алдына үлкен мақсаттар қояды. Егер, адамның арманы болмаса, ол алға ешқашан ешқашан жылжымас еді. Армансыз адам - қанатсыз құспен тең дегендей, қанатсыз құс секілді ешқашан биікке ұша алмайды. Адам баласы армандау арқылы жетістікке жетеді. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. Армансыз адам - ормансыз бұлбұл дейді қазақ халқы. Ал мен «арманы жоқтың - жаны жоқ»- деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай алады. Адамға Алланың берген ерекше қасиеті – армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың - ол әр адамның өз өрісіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман, асқақ арман, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. Адамдар бір-біріне «армандарың орындалсын» деп тілек тілейді. Адам қай армандарына қолы жетіп, қай армандарына қол жеткізетінін білмейді. Сол секілді менде қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ, бір білетінім арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орнында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Сондықтан, менің өмірлік ұстанымым «Тек алға».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)