http://a-brands.kz/

Бюджеттен бөлінген 150 млн теңгеге қандай шығармалар басылады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы сараптамалық кеңес қоғамдық маңызы бар 56 шығарманы бекітті. Келесі жылда аталған еңбектердің бәрі басылып шығады.

«Мемлекет авторларға әрбір баспа табақ үшін 150 мың теңге қаламақы төлейді. Мәселен, 20 баспа табақ болатын орташа кітапқа шамамен 3 млн теңге беріледі. Авторлардың басым бөлігі - жас жазушылар. Мэтр ағаларымыздан екі-үшеуі ғана бар. Себебі ол кісілер кезінде өз шығармаларын жариялаған. Біз болсақ, осы уақытқа дейін жарық көрмеген шығармаларға басымдық беріп отырмыз», - дейді әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев.

Оның айтуынша, қоғамдық маңызы бар шығармалар 9 бағыт бойынша іріктеледі. Соның ішінде энциклопедиялық және анықтамалық, балалар және жасөспірімдер, мәдениет және өнер, көркем-танымдық, қоғамдық, ғылыми-көпшілік және аударма әдебиеттер бар. Биылғы конкурстан өткен барлық шығармаларға бюджеттен 150 млн теңге бөлініп отыр. Әрбір кітап 5 000 данамен басылып, республика бойынша барлық кітапханаларға таратылады.

Сонымен, биылғы конкурс бойынша баспаға берілетін шығармаларға Жұлдыз Тойбектің «Кеудеме көкала үйрек келіп қонса» кітабы, Жолтай Алмашев - «Бесік ұшқан күн», Рапилбек Ниязбек - «Арғымақтар даласы», Айтуар Өтегенов - «Шерқала», Нұрлан Оразалин - «Көкжал дәуірі» - «Время волчица», Талас Омарбеков - «Қазақтың шығу тегі», Тынымбай Нұрмағамбетов - «Рухтан жерден кетеді», Ахмет Әшіров - «Баурчук Арт Текин», Ғалымжан Мельдешов - «Журналист жолға шығады», Жанат Айтмұхамбет - «Қыш тақтайдағы сына жазу», Бибігүл Иманғазина - «Тауқымет», Қуаныш Жиенбай - «Күздің жылы жаңбыры», Қуандық Түменбай - «Жасыл жанып тұрғанда», Құлбек Ергөбек - «Баянсыз», Айбат Кептербаев - «Көктемнің мөлдір тамшысы», Жанболат Аупбай - «Табиғат терезесі», Қарашаш Тоқсанбай - «Сыр-сымбат», Тельман Нурахунов - «Қанлиқ өстәң», Бамыш Бахытбек - «Сөз мәйегі», Толымбек Ыбырайым - «Тағдыр сыйы», Елен Әлімжан - «Анажар», Төрегелді Тұяқбай - «Төрт тоғыс», Ғалым Әріп - «Дыбыстар дірілі», Қапез Қожахметов - «Қаламгер әулеті», Нұржан Қуантаев - «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі», Арасанбай Естенов - «Көне кенттер күмбірі», Бейбіт Қойшыбаев - «Тарих және тұлға», Заря Жұманова - «Ақбота», Тұрсын Жұртбай - «Жолы болған жолаушы», Дәнеш Ахмет - «Бүлдірген қалың шыққан», Нұрлытай Үркімбаева - «Мен сырласамын», Болат Үсенбаев - «Күрең күз», Зияз Төлеуова - «Құлаған үйдің құпиясы», Елдос Тоқтарбай - «Жарық сәуле», Нұрғали Оразов - «Аппақ бұлт», Ақылбек Шаяхмет - «Сенім», Серікбай Байхонов - «Алтай асу», Жанат Ахмадиев - «Қазымбет қазы», Төрехан Майбас - «Мыңқыш», Жүсіпбек Қорғасбек - «Мехнат Һәм хикмет», Тұрлыбек Мамесейіт - «Месть беркута», Есмұхан Обаев - «Бәрі..бәрі...есімде», Серік Еркімбеков - «Оркестровка оперы М.Тулебаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», Абай Құлбаев - «Легенда степей», Аманкелді Мұқан - «Театрда туған толғамдар», Қуандық Шамахай - «Найзағайлы жылдар жаңғырығы», Амангелді Мырзабек - «Әлем әдебиетінің әңгімелері», Гүлфайраз Далбағай - «Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия», Ляззат Спанқұлова - «Экономикалық этюдтер», Кәмел Жүністегі - «Великий сын степи Едиге», Болат Бодаубай - «Тайна старой тетради», Дандай Ысқақұлы - «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы», Карл Байпақов, Дмитрий Воякин және Мейрам Сейтқалиев - «Жетытобе: Курганы сакской знати в долине Талас», Александр Гаркавец - «Великая Степь в античных и византийских источниках» және «Codex Cumanicus» енді.

Айта кетейік, келесі конкурс 2018 жылы ақпан айында басталады. Сол кезде республикалық ақпарат құралдары арқылы хабарландырулар беріледі.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)