http://a-brands.kz/

Мажарстан қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөлді

Мажарстан Үкіметі қазақстандық студенттер үшін 200 грант бөліп отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ заң қызметі мен халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті.

«Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасында 2013 жылы қол қойылған болатын. Қазіргі уақытта келісімге өзгерістер енгізілді. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарына Мажарстан Үкіметі тарапынан 200 грант бөлінеді. Оның 90 гранты бакалавриат, 90 гранты магистратура, 20 грант докторантура бойынша бөлінбек. Оқу құны тегін. Сонымен қатар, біз жақтан барған жастар айлық шәкіртақы алады. Нақтырақ айтқанда, бакалавриат пен магистратурада шәкіртақы 130 еуро болса, докторантурада 420 еуроға дейін болады. Студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Медициналық қызмет көрсету жағы да Мажарстан Үкіметі тарапынан төленеді. Жол шығынын шәкіртақыға ие болған студенттер өзі көтереді», - дейді ол.

Ақерке Абылайхан сонымен бірге, екі ел арасында тікелей әуе рейсі болғандықтан, студенттер алмасу үрдісінде бұл өте жағымды жаңалық болып отыр.

«Гранттар бойынша 2018 жылдың 16 ақпанына дейін онлайн-тіркеу өткізілмек. Яғни, БҒМ министрлігінің сайтында қазір қажетті ақпарат тұр. Ол жерден студенттер өзіне қызықты мәліметпен таныса алады. Ол сайттағы сілтеме бойынша «Хунгариум Стипендиум» сайтында тіркелуі керек. Бұл тіркеу 14 ақпанға дейін жалғасады. Кез келген студент сол тіркеу арқылы қандай ЖОО-ны, қандай мамандықты таңдауға болатыны көрсетілген», - дейді Ақерке Абылайхан.

Мажарстанда оқу тілі - ағылшын тілін таңдаған азаматтарға ағылшын, сонымен бірге мажар тілінде оқуға болады. Барлық құжаттарды қабылдау БҒМ халықаралық бағдарламалар орталығында қабылданады. Байқау іріктеуінен өткен азаматтардың құжаттары Мажарстан тарапына жолданып, соңғы шешім сол жатқа қабылданады.

Құжатты тапсыратын азаматтардың жасы - 2018 жылдың 1 қыркүйекке дейін 18 жасқа толуы керек. Яғни, студенттің жасы 2000 жылғы 31 тамыздан кейін болуы керек. Барлық құжаттар тізімі БҒМ сайтта орналасқан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)