сайыс
ozgetil.kz

Скандий, иттрий, лантаноидтар және актиноидтар

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Орындаған: Тұ-43 топ студенті Елубай Гулмира Мұхтарқызы
Жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

Периодтық жүйенің үшінші тобында, алтыншы топшада “сирек және элементтер”(лантаноидтар) орналасады. Сирек және элементтерге – лантаннан (57) лютецийге (71) дейін 14 элемент жатады.

Бұл элементтер иттрийдің (V период) және скандийдің (IVпериод) аналогтары, сонтықтан кейде скандий топшасының элементтері деп аталады.

Скандийдің 1879 жылы Нильсен ашты (Швеция, Скандинавия), бұл элементті  Д.И.Менделеев 1869 жылы болжап айтты, оны “эка-бор” деп атады.

Элементтер электрондық құрылысына байланысты тұрақты үш валентті.

Элементтердің химиялық қасиеттері бір-біріне өте жақын. Бұл қасиеттердің жақындығы электрондық құрылысына байланысты. Элементтердің зарядтары және электрондарының саны өскен сайын электрондар сырттан үшінші электрондық қабатына 4f орналасады. Сондықтан бұл элементтер табиғатта бірге кездеседі, оларды бөлек қосылыстар түрінде және бір–бірінен бөлу күрделі мәселе.

Элементтердің ашылу тарихы өте қызықты және күрделі.

Торийді 1828 жылы Берцелиус Норвегиядағы минералда ашты. Скандинав құдайы Тор құрметіне жаңа элементті “торий” деп атады, ал минералды-торит деді.

30-жылдары Нильс Бор теориялық есептер бойынша лантаноидтарға ұқсас, сонымен қатар бір топ элементтер туралы пікір айтты. Бұл топ элементтер лантанның аналогы актинийден басталған соң оларды «актиноидтар» деп атады. Сонымен актиноидтарға келесі элементтер жатады; актиний, торий, протактиний, уран, нептуний, плутоний, америций, кюрий, берклий, калифорний, эйнштейний, фермий, менделевий, нобелий, лоуренсий.

Сонымен актиноидтар лантаноидтардың аналогы, осыған байланысты актиноидтардың  арасында торий церийдің аналогы болып табылады.

Сирек-жер элементтердің (СЖЭ) ашылуы және бөлінуі

Жыл

Кім бөлді

Қай заттардан

Элементтердің аталуы және аталу себебі

1794

Гадолин

Иттербий деген жердегі (Швеция) минералдан; соңында минерал гадолинит деп аталады.

Оксидтердің қоспасы. 1797 жылы Экеберг бұл қоспаны “Иттрий жерлері” деп атады

1803

Клапрот, онымен бірге Берцелиус

Бастнед (Швеция) деген рудникте ”қара тастан”

“Церит жерлері” 1801 жылы  жаңа ашылған планета Церера қүрметіне

1814

Берцелиус

Церит жерлерінен

Церий

1828

Велер

Иттрий жерлерінен

Иттрий

1839

Мозандер

Церит жерлерінен

Лантан (грекше”жасырын”)

1843

Мозандер

Иттрий жерлерінен

Тербий және эрбий ”Иттербийден”

1878

Мариньяк

Эрбийден

Иттербий

1879

Нильсен

Эрбийден

Скандий-Скандинавия құрметіне

1879

Лекок де Буабодран

Церит жерлерінен Самарский деген  минералдан бөлінген, минерал Уралда табылған

Самарий-минералға байланысты

1879

Клеве

Эрбийден

Тулий-Туле деген жердің (Скандинавия) құрметіне. Гольмий - “Гольмия” Стокгольмның ескі аты

1880

Мариньяк

“Дидиледен”, ол церит жерлерінен бөлінен

Гадолиний финн химигі Х.О.Гадолин құрметіне

1885

Ауер фон Веьсбах

“Дидиледен” (егіз) (ескі оксидтердің қоспасы)

Празеодим - көк егіз, неодим - жаңа егіз

1886

Лекок де Буабодран

Гольмийден

Диспрозий (грекше “қолайсыз”)

1896

Демарсей

Самарийден

Европий

1907

Урбен,онымен бірге Ауер фон Вельсбах

Иттербийден

Лютеций - Париж ескілікте

1947

Маринский және Гленденин

Уранның өнімдерінен

Прометей - грек мифологиясындағы Прометейдің құрметіне

Физикалық және химиялық қасиеттері

Скандий иттрий, лантан және лантаноидтардың электрондық құрылысы кестеде келтірілген.

Элементтердің электрондық құрылысынан  5d-электрондар тек қана үш лантаноидтар: лантан, гадолиний, лютецийде бар екенін көреміз.  Электрондардың орналасуына байланысты гадолиний лантаноидтардың арасында “орталық” орында тұрып, оларды екі топқа бөледі;әр топқа 6 элемент кіреді,олардың құрамында 5d электрондар жоқ. Гадолиний лантаноидтарды екі топқа бөлетінін басқа мәләметтерден көруге болады. Мысалы, үш валентті ионның радиусы элементтің реттік нөмірімен байланысты.

Скандий иттрий, лантан және лантаноидтардың электрондық құрылысы

Реттік нөмірі

Элемент

K( 1 )

L( 2 )

M( 3 )

N(4) spdf

O(5) spd

P(6) s

21

Cкандий

2

8

9

2 6

 

 

39

Иттрий

2

8

18

2 6 1

2

 

57

Лантан

2

8

18

2 6 10

2  6 1

 

58

Церий

2

8

18

2 6 10 2

2 6

2

59

Праздеодим

2

8

18

2 6 10 3

2 6

2

60

Неодим

2

8

18

2 6 10 4

2 6

2

61

Прометий

2

8

18

2 6 10 5

2 6

2

62

Самарий

2

8

18

2 6 10 6

2 6

2

63

Европий

2

8

18

2 6 10 7

2 6

2

64

Гадолиний

2

8

18

2 6 10 7

2 6 1

2

65

Тербий

2

8

18

2 6 10 9

2 6

2

66

Диспрозий

2

8

18

2 6 10 10

2 6

2

67

Гольми

2

8

18

2 6 10 11

2 6

2

68

Эрбий

2

8

18

2 6 10 12

2 6

2

69

Тулий

2

8

18

2 6 10 13

2 6

2

70

Иттербий

2

8

18

2 6 10 14

2 6

2

71

Лютеций

2

8

18

2 6 10 14

2 6 1

2

Лантаноидтардың валенттілігі негізінде үшке тең, бірақ кейбір элементтер электрондық құрылысына байланысты төрт және екі валентті болуы мүмкін.Осы ауыспалы валенттілік жоғарыда айтылған элементтердің периодтығына сәйкес келеді. Гадолиний сонымен қатар элементтерді екі топқа бөледі: әр топта жеті элемент, топтарда ең артта жүрген элементтер адолиний мен лютенций үш валентті.

Оксалаттары

Сирек жер элементтердің химиясында және технолоиясында оксалаттардың ерігіштігі де әртүрлі, оладрдың ерігіштігі кенеттен өзгеруі әсіресе аммоний оксалаттарын пайдаланғанда байқалады себебі, кейбір СЖЭ еритін комплексті қосылыстар түзеді.

Лантан оксалатының ерігіштігі бірге тең болып алынған.

Сондықтан торийді басқа СЖЭ оксалаттары түрінде бөледі. Скандий, иттрий, церий, торий және бірнеше басқа лантанойдтардың оксалаттарының судағы ерігіштігі аз, олардың ерігіштігі кристаллизациялық су молекуласының саныныа байланысты. Жалпы иттрий тобы оксалаттарының ерігіштігі церий тобынан жоғарылау.

Лантан оксалаттары минералды қышқыларда ериді, цериц оксалаты  аздап ериді, басқа СЖЭ нің ерігіштігі біртіндеп төмендейді. Осы қасиетті пайдаланып  СЖЭ бөлуге болады. Күшті қышқылдарда  құрамы күрделі қосылыстар түзеді.

Торий оксалатының еріштігі СЖЭ оксалаттарынан жоғары:

Оксалаттары

Аммоний оксалатындағы салыстырмалы ерігіштігі

 (1 г аммоний оксалаты  38 г суда) /336/

Торий

2663,0

Иттербий

105,0

Иттрий

11,0

Церий

1,8

Неодим

1,4

Парзеодим

1,7

Лантан

1,0

 

СЖЭ оксалаттарының термиялық диссоциациясы

Оксалат

Оксалаттағы су молекулаларының саны

Су жоғалтудың басталуы

Аралық ауысулар

Тотыққа ауысуы

Лантан

10

55

55-380, сусыз түрі 380-550, La2OCO2

735-800

Церий

10

50

Бірден CeO2-ге ауысу

360

Празеодим

10

40

40-420, сусыз оксалатқа ауысу

420-790

Неодим

10

50

50-445, тура солай

445-735

Самарий

10

45

45-300, тура солай

410-735

Европий

10

60

60-320, тура солай

320-620

Гадолиний

10

45

45-120,6  сулыға ауысу 120-315, сусызға ауысу

375-700

Тербий

10

45

45-100,5 сулыға ауысу

140-265,1 сулыға ауысу

265-435,сусызға ауысу

435-725

Диспрозий

10

45

45-140,4 сулыға ауысу  140-220,2  сулыға ауысу

295-415,, сусызға ауысу

415-745

Гольмий

10

40

40-200,2 сулыға ауысу 240-400,, сусызға ауысу

400-735

Эрбий

6

40

40-175,2 сулыға ауысу

205-395, сусызға ауысу

395-720

Тулий

5

55

55-195,2 сулы тотыққа ауысу

335-730

Иттербий

5

60

60-175,2 сулыға ауысу Тулий сияқты сусыз түрі жоқ

325-735

Лютенций

6

55

55-190, тура солай

315-715

Скандий

6

60

55-185,тура солай

220-635

Иттрий

9

45

45-180,2 сулыға ауысу

260-410,сусызға ауысу

410-735

 

Ферроцианидтері

СЖЭ тұздары сілті металдарының ферроцианидімен әрекеттескенде әр түрлі қосылыстар түзіледі, олардың құрамы СЖЭ, сілті металдың табиғатына және олардың концентрациясына байланысты.

СЖЭ ферроцианидтерінің ерігіштігі төмен, осы қасиетті аналитикалық жәе технологиялық мақсаттарда пайдаланылады. Мысалы: литий ферроцианидін пайдаланып, скандий мен иттрийді сирек жер элементтерден бөлуне болады, ал егер натрий ферроцианидін қолданса скандий мен иттрийден бөлуге болады. Нашар еритін калий, рубидий, цезий ферроцианидтерін пайдаланып сирке жер элементтерді амперометрлік әдіспен анықтауға болады. Бір валентті талий (сілті металдарға ұқсас) лантанмен және цериймен қос ферроцианидтер түзеді: TILa[Fe(СN6]·4H2O және TICe[Fe(СN)6]·3H2O, ерігіштіктері 10-5 моль/л.

Феррицианидтері

СЖЭ Ферри-және Ферроцианидттерінің ерігіштігі, GLN2O3 1л ерітіндіде

Лантаноид

Me Ln[Fe(СN)6]·тұз қышықылында Me =Na

Me=K

n[Fe(СN)6]суда

La

2,564

0,692

5,316

Pr

1,532

0,500

2,342

Nd

1,784

0,686

1,530

Sm

2,418

0,598

0,268

Gd

2,726

0,624

0,136

Dy

3,618

0,535

0,298

Er

3,024

0,842

0,142

Y

3,492

0,842

0,602

Феррицианидтердің жалпы формуласы Ln[Fe(СN)6]·nH2O, құрамында төрт молекула су болады. Бұл тұздардың ерігіштігі ферроцианидтермен салыстырғанда жоғарылау. Бірақ кейбір сирек жер элементтерінің ферроцианидтерінің және феррицианидтерінің ерігіштіктерінде айырмашылық бар, соны пайдаланып СЖЭ бір-бірінен бөлуге болады.

Кестеде көрсетілгендей лантан, празеодим және неодимді басқа СЖЭ бөлу үшін феррицианидтерді пайдалануға болады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ферсман А.Е. Редкие металлы. 1932, № 4-5.
2. Сажин Н.П., Меерсон Г.А. Редкие элементы в новой технике // Хим. наука и пром., 1956. Т.І, № 5.
3. Меерсон Г.А. и Зеликман А.Н. Металлургия редких металлов. Метиаллургиздат, 1954.
4. Зеликман А.Н., Самсонов Г.В., Крейн О.Е. Металлургия редких металлов. Металлургиздат, 1954.
5. Тронов В.Г. Вклад русских ученых в химию редких элементов. Изд. Знание, 1952.
6. Виноградов А.П. Геохимия редких и рассеянных химических элементов в почвах. Изд. АН СССР, 1950.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)