Өлең-жыр байқауы

Қазақтың ұлттық киімі камзол тігу

Шығыс Қазақстан Облыстық Білім Басқармасының
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дайындаған: Айтпаева Дина
Жетекшісі: Байрахимова Ардак Токаевна

Жоспар

1. Кіріспе
2. Мата таңдау
3. Модель таңдау және оның сипаттамасы
4. Модельдің суреті
6. Өлшем бірліктері
7. Тігін машинасының ақаулығы, олардың болу себептері және оларды түзетуге ұсынылатын тәсілдер
8. Қазақтық ұлттық киімдері
9. Қазақтың ұлттықкиімдерінің классификациясы
10. Камзол дайындау технологиясы
11. Бұйым етегін өңдеу
12. Қортынды
13. Пайдаланган әдебиеттер

Кіріспе

Киім-денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсеріне қорғайтын,адамның денесіне  арналған жасанды жамылғы түрі,тұтыныс бұйымы. Киім-адамның өмір сүруіне қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайытуралы мағлұмат беретін этно-мәдени үлгі. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп,эстетикалық қызметі ақарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен лыпа сияқты алғашқы киімдер адам алғаш пайда болып үңгірлер, жартас қуыстарын паналап, шөп-шалам, қамыстан лашық жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кеден басталған. Киім тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады. Тігіншіліктің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуыен тығыс байланысты. Киім қоғамның материалдық жадығаттық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден-ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. 1211000-Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібінің оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін технология мен тігін бұйымдарын дайындауды үйретеді. Теориялық және кәсіби білім беру оқушылардың техникалық ойлау қабілетін қалыптастырып, кәсіп саласында қабілетін өз бетімен жетілдіруге бағытталуы тиіс. Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу кәсібін алушылар өндірістік оқу практика процесі кезінде алған білімдерін тереңдетіп және бекітіп,өз мамандығына сай кәсіптік қызметі үшін білік пен дағдыны қалыптастастыуға міндетті. Жеке тапсырысқа сай тігін бұйымдарын дайындаудағы барлық жұмыстар түрін орындай білуді: ұлттық тігін көркемдеуді; киім жаңарту немесе қалпына келтіру жұмыстары;киімді жаңарту немесе қалпына келтіружұмыстарыкиімдік маталардың қасиеттері мен техникалық сауаттылық бұйым бөліктерін өңдеудің тәртібі тәсілдерін таңдауды мен  құрал жабдықтардың жағдайын тексеруді  осы замандық киімдердегі стилдік жан жақтылығын ұғыну керек. Киім дегеіміз бұл қорғайтын және әсемдік беретін, тұтынушының дербестігін көрсететінжабулардың жиындығы болып табылады. Киімнің дамуымен оған қойылатын талап да өсті.Қазіргі кезде сән бағытындағы өндірілген тігін бұйымдары,әр түрлі көп функционалды болып келеді. Осыған байланысты тұрмыстық  кмімге қойылатын талаптар екі топқа бөлінелі:тұтынушылық өндірістік талаптар. Киімдердің бұл көрсеткіштерге сай келуі маңызды болып саналады

Мата таңдау

Қазіргі уақытта шығарлатын маталардың түрлері өте көп, түстері сан алуан бұл өз матанды қалауынша таңтап алуға, мүмкіндік береді бірақ матаны дұрыс жарасымына қарай дұрыс таңдап алу керек, таңдап алу үшін,оның атауын,қолданылуын тағы басқада тәжірибелерін білу қажет. Мата түсі боялған беттердегідеи, мата айшықталып немесе мәнерленіп боялған түрлі-түсті жіппен, жүннен тоқылған, боялған. Сұр ақшыл, және ақ, болып бөлінеді. Бір түсті боялған маталар ашық күнгірт түс болып бөлінеді. Матаның өңін ішіне қаратып, беттестіріп бүктеу, матаны көлденеңінен түйреп қою. Тігілетін бұйымның тиісті пішімін сақтау үшін алдыңғы орта сызықты матаның үзындық жіптерінің бойымен орналастырады. Пішу барысында белдік пен аспа бауға ерекшк назар аударылып, тігіс пен бүктеуге кететін тұстар пішімді бөлшектерінде түсті қарындашпен белгіленеді. пішу-тігін бұйымын дайындау кезіндегі аса маңызды процестердің бірі. Пішу барысындағы реттілік,

1. Матаның өнің ішіне қарай беттестіріп, қосарлап, өзіңе қарай қайырып бүктеу.

2. Қиындыларды салуды ірі бөлшектерден бастау.

3. Қосарланған бөлшектерді беттестіргендегі суреттердің бірыңғай қабысуын қадағалау. Бұл ретте Жеті рет өлшеп бір рет кес деген макалды еске алу қажет. Барлық маталарды пішуден бұрын үтіктеп алады. Пішудің алдында матаны ұзына бойына, өңін ішіне қаратып,тен етіп бүктейді де арқау жібін негізгі жіпке перпендикуляр болып түсуін қадағалап, екі шетін беттестіреді. Егер мата қиығының шеттерінде қиғаштық болса, бұл бөліктер пішуге жатпайды. Матаның шеттеріндегі тор көздер мен кестелерінің орналасуы біркелкі болмаса, оны симметрияның нақ ортасымен орналастырады. Матаның ең шетін жеке бөліктерге белдік және басқалар пайдаланады. Торкөздерінің қиылысқан жерін қиюластырып, бүктелген матаны 15-20 см сайын инемен шаншып белгілеп қояды. Барлық лекалоны, соңын ішінде ең ұсақтарын да міндетті түрде бірден жасау керек.

Модель таңдау және сипаттамасы

Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасын берген кезде алдымен модельдің тұтас ауданындағы жалпы сипаттамасы беріледі, содан кейін негізгі бөлшектері жекелей сипатталады, бұйым аталуы үшін қарапайым немесе ерекше болып екіге бөлінеді. Тақия-ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда тенге, моншақ, тана болмайды.оның есесіне олар мүйіз, ат ерін, шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен тандайды, ирек, қабырға тігістерімен әдеміле ніл сырылады. Тақияны пүліштен,қыжымнаң ала астарын жібек, сытеннен тігеді. Биік төбелі  тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей.тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан киін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптен көмкереді.Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады .

Менің тіккен тақиям қазіргі заманға сай ерлерге арналғаң бас киім сипаттамасы тақия материалы манат материалдан тігілген тақия өте ынғайлы, сәнді, жеңіл жазда киюге арналған. Бұны 40-50 жас аралығындағы ер азаматтарға киюге болады.

Модель суреттері

 

Өлшем бірліктері

Өлшем бірліктерінің шартты белгілері

Өлшем бірліктерінің аты

Өлшеу әдістері

Сш

Мойынның жарты орамы

Мойын негізі мен жетінші мойын омыртқа және алдыңғы жақтағы тамақ ойындысы арқылы

Сг1

Кеуденің бірінші жарты орамы

Таспа қолтық ойығының артқы бұрыш деңгейіде, жауырын үстіндекөлденең жатады,алды омырау бездерінен жоғары

Сг2

Кеуденің екінші жарты орамы

Таспа арқада бірінші жағдайдағыдай сақталады,алдыңғы жақта омырау бездерінің ұшы арқылы өтеді

Ст

Бел сызығының жарты орамы

Бел сызығындағы жіп бойымен көлденең

Сб

Мықынның жарты орамы

Бөксенің томпақ нүктелері деңгейімен көлденең, алдыңғы жақта қарын шығыңқылығы қоса өлшенеді. Жабысып тұратын шалбар үшін қарын шығыңқылығын есептемесе де болады

Дг

Омырау бездерінің орталығы

Омырау безінің ұшы арқылы көлденең өлшенеді

Шг

Кеуде жалпақтығы

Өлшем ұзындығының жартысы жазылады.Омырау бездерінен жоғары қолтық ойығының алдыңғы нүктелерінін аралығы,өлшем ұзындығының жартысы жазылады

Шс

Арқа жалпақтығы

Жауырын арқылы қолтық ойығының артқы нүктелерінің арасы. Өлшем ұзындығының жартысы жазылады.

Шн

Иық еңсінің жалпақтығы

Мойыннан иық нүктесіне дейін

Дс

Арқа ұзындығы

Бел сызығынан жетінші мойын омыртқасын дейінгі ұзына бойылық

Дтс

Арқа бел сызығының ұзындығы

Тігінен омыртқаға паралель( одан7-8 см алшақтау) Жауырынның томпақ нүктесі арқылы мойын негізі тұсында жобаланған иық тігісінің жоғары нүктесіне дейінгі

Вг

Кеуде биіктігі

Жобаланған иық тігісінен омырау бездерінің ең жоғары нүктесіне дейін

Дтп

Алдыңғы жақтағы бел сызығының ұзындығы

Алдыңғы өлшеумен бір мезгілде белге байланған резеңкеге дейін өлшенеді

Впк

Қисық иық биіктігі

Бел сызығы мен омыртқаның түйісетін нүктесінен иық нүктесіне дейін

ИДю

Белдемше ұзындығы

Жамбас бойымен тігінен бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін

Дбр

Шалбар ұзындығы

Тігінен бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін

Ди

Бұйым ұзындығы

Омыртқа жотасымен жетінші мойын омыртқасының қалаған деңгейге дейін белі қиылған бұйымдар бел бүгісін қосып есептеу керек.( Бұйым ұзындығы екі өлшем; ДТС+Дю қосындысынан Құралуы мүмкін)

Впрз

Артқы қолтық ойығының биіктігі

Тігінен мойын негізінде жобаланған иық тігісінің жоғарғы нүктесінен қолтық ойығының арт жақтағы нүктелері деңгейінде өтетін көлденең ойыққа дейін

Др

Жең ұзындығы

Иық нүктесінен аздап бүгілген шынтақ арқылы білезікке дейін

Оп

Иық орамы

Көлденеңінен қолтық ойындысы денгейінде

Озап

Білезік орам

Саусақтың білекпен жалғасқан тұсында

Окис

Қолбасы орамы

Білектің ең жуан жерінен

Вс

Отыру биіктігі

Отырған күйінде, тігінен бір жамбас белінен орындыққа дейін

 

Тігін машинасының ақаулығы олардың болу себетері және оларды түзетуге ұсынылатын тәсілдер

Машина ақаулығының себептері

Машина ақаулығын түзету тәсілдері

1

Қисық ине. Ине ине ұстатқыштың ұясына дейін қондырылмаған. Ине ине пластинасымен рейканың тең ортасына өтпеген

Инені ауыстыру. Инені бар ұзындығымен қондыру

2

Ине нөмірінің жіп нөмеріне және тігілетін матаның қалыңдығына сәйкестелмеуі. Ине жүргізгіш өте төмен қондырылған

Ине жүргізгішті жоғары деңгейіне дейін көтеру

3

Науаша бағыттаушы ролик, жетек бөлігі, шатунның төменгі бөлігінің ақауы болуы мүмкін. Рейка немесе ине дұрыс қондырылмаған

Ине бойынша рейка саңылауын немесе рейканың саңылауы бойынша ине жағдайын реттеу

4

Ине механизм бөлшектерінің тозуы

Тозған бөлшектерді ауыстыру.Ине жүргізгіштің көтерілу сәтін анықтау,қондыру.

5

Материалдың жылжуымен ине қоғалысының сәйкестендірілмеуі

Материал жылжытқышты өз уақытында жөндеу

6

Фурнитура ұстатқыштың дұрыс қондырылмағаны

Ине жағдайын жөндеу және фурнитура ұстатқышты дұрыс қондыру

7

Фурнитураның сапасы төмен

Фурнитураны ауыстыру

8

Кесе көлденең кезінде фурнитураны немесе баспа табанды ине соғады

Ұстатқышты баспа табанды,планка жағдайына қажетті және материалды жылжыту көлеміне қажетті қондыру

9

Машинамен жұмыс істеу уақытында бұйымның ығысуы ине баспа табанның қыспалы ине серіппесінің қысу пластикасының босауы

Баспа табанның қыспалы түйін қысу пластикасын жөндеу

10

Пластинаға ине соғылады және материалды жылжыту механизм пластинасы жағдайының артқы анықтаушы бұрандасы

Бекітпені дайындау үстінде материалды ығыстыру механизмі пластинасының жағдайын жөндеу

11

Жіптартқыштың шамадан тыс қысып қалуы

Қайық жағдайын жөндеу,оның инеге өз уақытында ыңғайына жету

12

Ілмек тұмсығының инеге тиіп кету

Инеге салыстырмалы ілмек жасаушы тетікті жөндеу

13

Ине пластинасының бұрандалары босаған

Босаған бұранданы бекіту

14

Ілмек жасағыш тетікке жіптің өз уықытында келмеуі

Жіп бергіш жұмысын өз уақытында жөндеу

15

Материалдың өз увқытында жылжымауынан ине басқа жаққа қисаяды

Материалдың өз уақытында жылжытуды реттеу

16

Материалды жылжыту механизм пластинасына немесе ине баспа табанға тірелді

Матаны жылжыту механизм пластинасын немесе баспа табан жағдайын өзгерту

17

Баспа табан ине пластинасына материалды нашар қысады

Материалдарға баспа табан қысымын жөндеу

18

Иен үшін баспа табандағы тым үлкен саңылау

Баспа табанды ауыстыру

19

Жіп тартқыш серіппенің ауытқуы тым жоғары

Жіптартқыш серіппенің ауытқуын өзгерту

20

Алдыңғы операциядан кейін жіптің соңының қысқасын алу

Жіпке салыстырмалы пышақтың жағдайын және жіпті тартқыш ұзындығын жөндеу

21

Жіп дұрыс сабақталмаған

Жіптің сабақталмауын тексеру

22

Жіптің сапасы төмен

Жіпті ауыстыру

23

Ине нөміріне, жіптің нөмірі сәйкес келмейді

Жіпті және инени сәйкестендіріп таңдау

24

Қайық тұмсығы инеге кеш келеді және жіп тартқыш жіпті үзеді

Ине ілмегіне немесе қайық тұмсығыны өз уақытында келуін реттеу

25

Қайық бүкпе сақинасына май жеткіліксіз келеді немесе келмейді

Қайық бүкпесіндегі май бергіштің жұмысын реттеу

 

Қазақтың ұлттық киiмдерi

Қазақтың ұлттық киiмдерi адамның өмiр тiршiлiгiмен, философиясы, дәстүрi, әдет-ғұрпымен тығыз байланысты дамыды. Ұлттық киiмдер үздiксiз (эстетикалық жағынан) жетiлдiру процесiн бастан кешiрдi, оның формасы, түр-түсi, конструкциясы (құрылымы) көп ғасырлық тәжiрибеден өттi. Халық өзiнiң эстетикалық талаптарына, iс-әрекетiне, тұрмысына, географиялық және климаттық ерекшiлiгiне сәйкес костюм формасын жасап, оны сақтап киген.
Ұлттық киiмнiң – барлық құрамдас бөлiктерi (бас киiмi, иығы, белдiгi және сыртқы киiмi, аяқ киiмi, безендiрiлуi) бiрiн-бiрi толықтырып бiртұтас көркем ансамбль құрайды. 
Оған көркем сипаттағы құрылым тән. Бұл костюмде (мата дайындау тәсiлiнен, киiм түрiнiң әр түрлi пiшiмiмен, кестелуiнен аппликациялауынан нәзiк ойықтарынан, кестеленуiнен бастап халықтың рухани мәдениетiмен қоса аса маңызды дәстүрлiк жай-күйi орын алған.
Ұлттық киiмде жеке бөлiктерi мен компоненттерi үйлесiм тапқан.
Ұлттық киiм эстетикалық және форма көркемдiлiгiмен, сымбаттылығымен, сәндi өрнектерiмен өте әсем көрiнедi.

Қазақтың ұлттық киiмдерiнде халықтың этникалық тарихы, әлеуметтiк-экономикалық және климаттық жағдайы, салт-дәстүрлерi көрiнiс тапқан. Қазақтар құланның, сайғақ пен арыстанның, сондай-ақ жанат пен сусардың, бұлғынның, су тышқанның, ақ тышқанның және күзеннiң терiлерiн бағалаған. Ақ тышқан мен бұлғынның терiсi өзге аң терiсiнен гөрi қымбат бағаланған. Терiден сыртқы киiм тiгiлген. Оның жалпы атауын қазақ «тон» деп атаған. Аң терiсiнен тiгiлген сыртқы киiмдi iшiк деп атаған. Жанат iшiк – жанат терiсiнен, қара түлкi iшiк қара түлкi терiсiнен, қызыл алтай түлкiсi iшiгi – қызыл алтай түлкiсiнiң терiсiнен дайындалған. Түктi жiбектен тысталған былғары iшiк қалыңдық жасауының ең қымбатты бағалы бұйымдарының бiрi болды, бұл бұйым «бас тон» деп аталды. Қазақтар аққу, гагар (теңiз құсы) көкқұтан жүнiнен тон жасау әдiсiн жақсы бiлдi. 1879 жылы Ақмолада қазақтың қол өнерi көрмесiнде гагар жүнiнен жасалған тон экспонатқа қойылды. Гагар терiсiнiң жүнiн таңдай бiлу үшiн және жақсы өңдеу үшiн ерекше қабiлеттiлiк қажет. Сақ дәуiрiнде дәстүр бойынша аққу мамығынан жасалған бақсылар киетiн шекпен мен күртешеге қөңiл бөлiндi. Былғары тондар шұғамен, қамқамен, жiбекпен тысталып, матаның түсiмен ерекшелендi. Тек атақты адамдар ғана құндыз терiсiнен жасалып, көп шұғамен тысталған көк тон кидi. Кең әрi сәл ұзынырақ жағалы тондар құлын терiсiнен тiгiлдi, ол «жарғақ тон» деп аталды. Тон ешкi терiсiнен де дайындалған. Олардың ұзын қылшығын жұлып тастап, түбiтiн қалдырды. Мұндай терiден жасалған тон «қылқа жарғақ» деп аталды. Ешкi терiсiнен қазақтар күдерi иледi, шапан, жеңiл шекпендер, шалбарлар тiктi. П.С.Паллас айтқандай, қазақтардың киiмi бәрiнен бұрын», «өңделген ешкi терiсiнен дайындалған». «Ешкi терiсi жұмсақ әрi жауын-шашынға төзiмдi. Ешкi терiсi сыртқы киiмге өте қолайлы», - деп жазды И.П.Фальк. Сол сияқты А.И.Левшин де ешкi терiсiнен дайындалған шапандар өте ыңғайлы екенiн, ылғал өткiзбейтiнiн, жел мен жауын-шашыннан қорғайтынын жазады. Ешкi терiсiнен жасалған шапандар «жарғақ тон» деп аталды.

Шапандар мен кең шалбарлар (дамбалдар) жiбек кестелермен безендiрiлген.

Киiз – ежелгi мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың дәстүрлi әрi ең көне матасы. ХҮI ғасырға тиесiлi жұқа киiзден дайындалған киiмдер қазақтың ұлттық киiмiн зерттеушiлердiң еңбектерiнде талданған.

Қазақтар қой жүнiнен басқа түйе жүнiнен де киiм дайындаған. Бұндай киiмнiң көне түрiнiң бiрi – шекпен, ол – жауын-шашыннан, бораннан, табиғаттың жағымсыз құбылыстарынан қорғану үшiн түйе жүнiнен дайындалған кең әрi ұзын шекпен.

Шекпендi боялмаған түстен (сары, ақ) және көк, алқызыл түске немесе басқа түстерге бояп дайындаған. Сәндi шекпендi, әдетте, боялған жүннен жасады, тiгiстерiн жiңiшке алтын не күмiс оқамен безендiрген.

Шапан (IХ-ХIҮ ғасырларда) – қазақтардың негiзгi және байырғы киiмi. Оны әйелдер де, ерлер де киген. Халаттар тек күдерiден ғана тiгiлмеген, сонымен бiрге басқа жақтан әкелiнген жiбек, жүндi және мақта-матадан да тiгiлген. Орыстарда халатты кафтан деп атайды. Ерлер мен әйелдерге арналған қазақ костюмiнiң құрамдас бөлiгi – былғарыдан, барқыттан, жiбектен, жүннен жасалған белдiк. Осындай белдiктiң әшекейлi түрi – кiсе. Бұл бұйым әйелдердiң өте кең және сәндi белдiгiне ұқсас. Негiзiнен, әйелдер белдiгi жiбектен жасалады. Белдiк сәндi тоқылған жiбек матадан, түйе жүнiнен, ешкi түбiтiнен тоқылған. Әйелдер белдiгiне барқыт та қолданылды. Iнжумен тiгiлiп барқыт пен жiбектен дайындалған қапсырмалы белдiк «амар белдiк» деп аталды. Сондай-ақ, жұмсақ маталардан белбеулер тiгiлген.

Қазақ костюмiнiң құрамына аяқ киiмдер де ендi: етiктер, кебiстер т.б. ХIХ ғасырдың ортасында Орманов «қырғыз етiктерiнiң өте жұмсақ, жылы, ыңғайлы» екенiн жазса, М.А.Леванский «аяққа қонымдылығы туралы» айтқан. Салт атқа мiнiп жүру үшiн күмiс жапсырмалы қаңылтырмен безендiрiлген жеңiл етiк - кебiс-мәсi қолданылды. Әйелдер етiгi жiбекпен әдiптелiп, қызыл не жасыл нефтиден тiгiлген. Әйелдер мәсi, кебiстерi ұсақ күмiспен өрнектелген.

Әйгiлi қазақ костюмiн зерттеушiсi Р.Ходжаеваның пiкiрiнше, ХҮШ-ХIХ ғасырларда шетелде туника тәрiздес кең иiнiштi киiмдер болды. Оның жағасы жабық жейде түрiнде тiгiлген. Дегенмен, ХIХ ғасырдың ортасынан бастап кең пiшiлген, иығы ойылып тiгiстелген, жейденiң кеудесi тiк ойылып, кестеленiп кең қайырылған немесе кiшкентай тiк жағалы жейделер кеңiнен тараған. Әуелi жейденiң бас ойығын тегiстеп, екi жағынан шымқап тiгiлген байлам жасады, кейiннен өңiржиек тiгiлiп, ойық баулы түймелер салынды.

Қазақ киiмiнде көшпендi және отырықшы, жартылай отырықшы халықтың кәсiбiне сай жинақталған негiзгi принциптерi мен көркем ойлау жетiстiктерi өрнектелдi. Онда халықтың қарқынды өмiрi, эстетикалық идеалы көрiнiс тапты, қазақ халқының тарихи қалыптасуына негiз болған этникалық ерекшелiктердiң әсерi болды. Мысалы, түрiк-қыпшақ этносына киiмдi сол жаққа қарай қаусыру, шапанды көмкеру, оған гүлдi сызықтар орналастыру, әйелдердiң кимешектерiн ойық шетiмен басқа дейiн кестелеу тән. Олар арқадан төмен қарай ұшбұрышталған түрiнде түсiрiлген. Балалардың, қыз балалардың, әншi импровизаторлардың бас киiмiнiң үкiмен сәнделуiн ғалымдар қазақтардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ата-бабаларынан қалған пұтқа табынушылықтың көрiнiсi деп есептейдi.

Қазақ киiмiнде көршiлес халықтардың: орыс, татар, қарақалпақ, алтайлықтардың әсерiн де байқауға болады, оның өзбек, түрiкмен, қырғыздардың ұлттық киiмдерiмен ұқсастығы да бар. Әсiресе, ерлер бешпентiнiң пiшiмiнде, тұтас пiшiлген шапандарда, етiк пен тақия үлгiлерiнде, күлiштелген әйел көйлегiнде байқалды.

Барлық ұлттық киiмдер сияқты қазақ костюмi де эволюциялық өсу жолымен дамыды, оның дамуының негiзгi формалары қоршаған орта әсерiнен, аптап желдi, қатты аязды дала тiршiлiгi жағдайында, көшпелi тұрмыста үнемi ат үстiнде еркiн қимыл-қозғалысқа бейімделінген киiм қажеттiлiгiнен туындады. Осылайша бұл костюмнiң жергiлiктi далалық аймаққа сәйкес қарапайым да төзiмдi, тұтас та ыңғайлы киiм болғанын көремiз. Далалық аймақтағы ауқатты адамдардың киiмдерi сәндi де өте айшықты етiп дайындалуымен ерекшеленедi. Бұл костюмдер алтын және күмiс жiптермен әдiптелiп, маржан-алтын не күмiс жалатылған қаңылтыр металдармен әшекейлендi.

Қазақ ұлттық киiмдерiнде белгiлi бiр жас айырмашылықтарына байланысты сәндi киiм мен күнделiктi тұрмыстық киiм арасында өрескел айырмашылық болды.Қазақтың ұлттық киімдері ұрпақтан–ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай мұра

Қазақ ұлттық киiмдерiнiң классификациясы

Қазақ ұлттық дәстүрлi киiмдер ерлер, әйелдер, балалар киiмi және жеңiл және сыртқы киiмдер, сондай-ақ маусымдық, мерекелiк, күнделiктi тұрмыстық киiмдер боп бөлiнедi.

Қазақ ұлттық киiмдерiнiң iшiнде, әсiресе әйелдер киiмдерiнiң, силуэт, пiшiм және әшекейлеу тәсiлiнiң ұқсастығына қоса, пропорциясында, мата таңдауда, оның түсiнiң үйлесiмдiлiгiнде айырмашылықтар болады. Бұл кейбiр жеке аймақтарда сұлулық пен үйлесiмдiлiк жайлы қалыптасқан ұғым қолөнер дәстүрiне бағынғандықтан, киiмнiң байырғы формаларының көбiрек сақталуына байланысты. Әр аймақта киiм әр түрлi тiгiлдi, бiрақ бойжеткен қыздардың киiмiнiң жас келiншектiң киiмiнен немесе жасы ұлғайған әйел киiмiнен айырмашылығы болды.

Күнделiктi көйлек бұл мықын жағы жиi бүрленген, етегi өте толқынды, өте үлпiлдеген жеңiл матадан жасалған бойжетн қыздардың күнделiктi киетiн көйлегi. Жеңi ұзын, бүрмеленген, жағасы дөңгелек, ашық.

Оңтүстiктiң бойжеткендерi сарыарқадағы құрбыларына қарағанда, тiк силуэттi 2-3 қатпарлы жеңiл көйлектер кидi, желбiршек орнына белдемшелер кидi. Кейде қатпардан жоғарырақ ұсақ желбiреуiштер, барқытты қамзол, терi калош-кебiс кидi. Басына ұзын әрi жиi шашақты жiбек орамал жамылды, кейде шапка қасаба киген.

Бойжеткен костюмiне алтын және күмiс жiптермен, iнжу маржан моншақтармен, алтын, күмiс әшекейлермен, қымбат тастармен көмкерiлген жапсырмалар ерекше сән бередi, бас киiмдерiне үкi тағылды.

Күйеуге шыққан әйел (әйел және ана болған соң), әдет-ғұрып бойынша бойжеткен қыздың киiмiнен гөрi ұзынырақ, желбiршексiз көйлек киген. Ол металл қапсырмасы бар (кейде түймеленген) қамзол кидi. Бас киiм – (кимешек) кию және оның әр түрi сұлама, күндiк, орамал тарту дәстүрге айналған. Күйеуге шыққан әйел шашын, әсiресе, маңдай шаштарын, басқалардың көзiнен жасыруы тиiс болған. Күйеуге шыққан әйелдiң үйден жалаңбас шығуына және шашын екi өрiм немесе көп өрiм етiп өруiне тыйым салынған.

Қысты күнгi әйелдер костюмi комплектiсiне алып-салмалы астары бар барқыттан жасалған шапан енедi, ал ауқатты әйелдер өздерiнiң әл-ауқатын көрсету үшiн аң терiсiнен жасалған iшiк киген. Бұл орамалмен немесе бас киiммен, бөрiк пен (аң терiсiнен жасалған) толықтырылған. Әйелдер аяқтарына жылы етiк кидi.

Әйелдер костюмiнiң бiр бөлiгi шалбарлар – дамбал болып саналады, ол тұтас бiр матадан (пiшiмi тiк сызықтар болып келедi) тiгiледi. Осылай сыртқы шалбарлар да тiгiлген.

Өзбек-тәжiк шалбарларына қарағанда, қазақ шалбарлары кеңiрек және қысқарақ. Оны етiктiң iшiне салып киген.

Әйелдердiң бас киiмi iшiнде ең негiзгiсi – үйлену тойында киiлетiн бас киiм – сәукеле.

Сәукеле – ХIХ ғасырдың соңына дейiн қолданылған ертедегi киiмнiң бiрi. Я.И.Ибрагимовтың сипатауынша: «Сәукеле – күмiс және алтын тиынмен, маржанмен, iнжумен әшекейленген конус тәрiздес биiк етiп жасалған бас киiм. Оның ұзындығы – 1,5 аршын. Бұл бас киiмдi алғашқы үйлену кезеңiнде, бiр жылға жуық уақыт киген, сонан соң төрт не бес жыл бойы, тек қана үлкен той-томалақтарда киген. ХIХ ғасырда қымбат сәукелелер мың сомға дейiн немесе таңдаулы жүз аттың құнына дейiн жеткен.

Күйеуге шыққан соң, бiр жылдан кейiн әйелдер бас киiмге өте қарапайым әрi төзiмдi де қолайлы желек таққан. Бұл конус тәрiздес тiрегi алтын және күмiс немесе әр түрлi түстi таңбамен әшекейленген, жарқыраған матадан тiгiлген, алтын-күмiс жiппен көмкерiлген, фольгамен қапталған сәукеленiң бiр түрi. 

Бала туылғаннан кейiн жас келiншек үшiншi бас киiмге көшедi. Бұл ақ матадан тегiс етiп тiгiлген кимешек. 

Қазақтарда балалар мен жасөспiрiмдердiң киiмi құрылымы жағына ересек адамдардың кiшiрейтiлiп алынған түрдегi киiмiне сәйкес келедi. Ит көйлек пен мақта сырып тiккен кеудешелер мен шалбарларынан басқасының үлкендер киiмiмен ұқсастығы олардың өз балаларын тезiрек ересек болуын көргiсi келетiндiктерiнен болса керек. 

Қазақтарда ерлер костюмi әйелдер костюмiне қарағанда бiркелкi. Ол iшкi жейдеден (көйлек, шалбардан), шапаннан, бiр тектес шұғадан жасалған шекпеннен, қой жүнiнен жасалған табиғи түстi кең дамбалдан (шалбардан) тұрады, шалбардың балағы, саптама етiкке салынады, кейде iшiнен киiз шұлық-байпақ киiледi.

Оңтүстiк Қазақстанда бешпент жамбастан сәл төмендеу, мықынға жабысыңқырап тiгiлген, жоғарғы жағынан бiр ғана түймемен түймеленген. Осы бешпентке сәйкес тiк жағалы жұқа мақта-матадан көйлек тiгiлген, ол қиғаштау түймеленiп, белдiкпен шалбарға салынған. Жiгiттiң костюм комплектiсi шалбарының түймеленуi, кең белдiкпен белдiктену ХIХ ғасырда орыс пiшiмiнiң әсерiнен пайда болған.

Жас жiгiттiң бешпентi, сайғақ құлын терiсiнен жасалған бiз кестелi шалбары кең таралған. Маусымға байланысты бешпенттер жылы етiп жасалынған. Қыс түсiсiмен, еркектер қой не қасқыр терiсiнен дайындалған. Тұлыпқа оранып, бастарына түлкi терiсiнен тiгiлген тұмақ, аяқтарына ауыр былғары етiк-саптама киген. Қой терiсiнен жасалған тұлып терi және жүндi астармен түймеленген, күпiмен сирек ауыстырылған. Күпi – қазақтардың, әсiресе, мал бағушылардың ең ежелгi киiмiнiң түрi. 

Ерлер костюмiнiң жиынтығының құрамына ежелден берi келе жатқан киiзден дайындалған кебенек енедi. Бұл киiмдi қыстық киiмнiң сыртынан табыншылар (малшылар) киген.

Ерлердiң сыртқы киiмiне түймелер қадалмаған себептi оған белдiк тағу қажет болды.

Ерлер бас киiмi. Ерлер бас киiмдерiнiң негiзгi түрi болып ернеуi үлбiрмен көмкерiлген, дөңгелек пiшiндi бөрiк саналған. Оның құндыз бөрiк, пұшпақ бөрiк, қара бөрiк және т.б. түрлерi бар. Олар материалдарына, пiшiм бөлшектерiне қарай ажыратылады. 

Ерлер аяқ киiмдерi. Ер адамдар оңы мен солын айырмайтын, бiр аяғынан екiншi аяғына ауыстырып кие беруге болатын етiктердi ұзақ уақыт киген. Қазақ халқының етiктерiнiң оң сыңары мен сол сыңарына ажыратылатын түрлерi кейiнiрек, Еуропа мәдениетiнiң әсерiмен пайда болды.

Камзол дайындау технологиясы

P

Бұйымның өңделу

 Операциясы

Құрал-жабдықтар

Тігіс ені

Уақыт

1

Матаға үлгіні орналастыру

қол жұмысы

--------

5 мин

2

Пішім бөліктерін

қайшы

 

5-7 мин

3

Алдыңғы бой бүкпе салу

лекало

 

5 мин

4

Бүкпені бастырып тігу

Brother

LX1400

3-5 мм

5-7 мин

5

Жанына қарай жатқызып үтіктеу

үтік

-------

5 мин

6

Артқы бойға бүкпесінн белгілеу

бор лекало

 

5-7 мин

7

Бүкпені бастыра тігу

Brother

LX1400

3-5 мм

 

8

Жатқыза үтіктеу

үтік

Қол жұмысы

 

9

Алдыңғы бойды ж/е артқы бойды қосып тігу

Brother

LX1400

 

15 мин

10

Торлау

Brother

LX1400

5 мм

15 мин

11

Алдыңғы ж/е артқы бойдың төменгі бөлігін қосып тігу

Brother

LX1400

10 мм

10 мин

12

Торлау

Brother

LX1400

5 мм

15 мин

13

Жатқыза үтіктеу

Үтік

------

5 мин

14

Алдыңғы ж/е артқы бойға төменгі бөліктеріне ою мен әшекейлеу

ПФАФФ 2140

 

30 мин

15

Артқы бойға сыдырма орнын белгілеу

бор

-------

7 мин

16

Сыдырманы қосып тігу

Brother

LX1400

7 мм

10 мин

17

Мойын ойындысына таспа қосып тігу

Brother

LX1400

5 мм

10 мин

18

Қолтық ойындысына таспа қосып тігу

Brother

LX1400

5 мм

10-15 мин

19

Бұйымның артық жіптерін тазалау

Қол жұмысы

-----

5 мин

20

Дайын бұйымды ЫЖӨ операциясымен өңдеу

Қол жұмысы

----------

10 мин

21

Барлығы

 

 

183 мин

 

Бұйым етегін өңдеу.

Бұйымның төменгі бөлігін өңдеу торланған қиықты, қосарлы бүгілген тігісті,ирек тігіммен өңделген жабық қиықты,жабық қиықты болып бөлінеді. Өңдеу тәсілі матаның түріне байланысты.Бұйымды тігін машинасында немесе қолмен жымыруға болады. Мақта мата немесе жібек матадан тігілген көйлек, халат, блузканың етегін жабық қиықты бүгу тігісімен машинада өңдеген дұрыс. Қалың матада тігілген бұйымның етегін алдын ала қиықтарды торлап алып,ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу. Жұмыс аяғында бұйым етегі міндетті түрде ылғалды-жылумен өңделеді.

1. Бұйым етегін ашық қиықты бүгу тігісімен өңдеу жұмысын реттілігі бойынша орындау.  

Бұйымның  төменінен 2-6 см-ге дейін өлшеніп белгіленеді, сызық жүргізіледі.

Төменгі шетін машинамен зигзаг тігісімен, қолмен торлау тігісімен жиектеу.Үтіктейміз.

Төменгі және жоғары көктеу тігістерін жүргізу.

Қиық шетін ашық қалдырып, терістеме жағына қайырып бүгіп шығу.

Бұйымды теріс жағынан үтіктеу.

 

Қорытынды

Біз киімді модельдеудін негізгі процестерін киім түрлерінің компазициясын менгердік және киімдерде үлгілеу барысында ойымыз дамып көркемдік құралдарды таңдауды үйрендік біз мамандар яғни тігінші модельдеудін жана модельдерің жана процестерімен сән бағыттымен суретші-модельдер шығармашылығымен таныстық. Киім-дизайн обьектісі дизайн іс-тәжірибе мен көркемдеу әдістерінің жиынтығы негізінде материалдық және рухани құндылықтар жасау саласына жатады.Көп бұйымдардың жиынтығынан құралған киім мынадай қызметтерді атқарады. Шығыс Қазақстанда ерлер тақияны астыңғы бас киім ретінде міндетті түрде киген. Оларды сапасы және түсі әр түрлі маталардан тіккен. Әдетте олар жұқа маталармен астарланған, кейде олардың арасына жүн немесе мақта салынған мата қабаттары болған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ең көп таралған тақиялар түрінің төрт үшбұрышты қимадан түратын қалқаны мен төбесінен 5-7см енділікте аузы сәл кеңейтілген. Ұлттық бас киім түрлі пуліштен тігіліп жасалады, мандай жағы оюлармен безендірілген ер азаматтарға өте ынғайлы .

Қорта айтатын болсам бұл жұмысты жазу барысында маған ұлттық бас киімдер ұнаған боладын. Сол себепден мен дипломдық жұмысымды бастаған едім. Дипломдық жұмысымда қазақ халқының бас киімі жайлы жаздым.ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдығын жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, қажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата-бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығыушылығымызды тудырып отыр. Осы мақсатта  бүгінгі жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық бас киімін танытып, жаңғыртқым келді. Менің тандаған тақиям әркімнің көнілінен шығады деп ойлаймын. Өйткені қазіргі заманға сай тігілген.

Қолданатын әдебиеттер

1. Тігін өңдірісінің технологиясы. Б.Сатыбалдинова.М Сәлімбаева
2. Киімді дайындау технологиясы. М.Нұржасарова К. Кучарбаева. А.Рустемова
3. Тігін өңдірісінің жобасы. А.Оралбекова С.Әбдіжарова
4. Киімді конструкциялау және тігің технологиясы. А.Асанова Г.Тастанбекова
5. Ою-өрнектің жасау жолдары. Сапар Төленбаев. Маргарита Өмірбекова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз