Өлең, жыр, ақындар

Сызу пәнінің маңызы мен міндеті

Шығыс Қазақстан Облыстық Білім Басқармасының
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дайындаған: ІІІ курс студенті Серікбеков Әлібек
Жетекшісі: Арапбаева Шарбат Бейсенгалиевна

 

Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп білімді де білікті, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне қатысуға дайын құзіретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек,осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).

Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл - өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп, оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді.    

Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба — ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын т.б. жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес.

Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі орасан зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетік бөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдерін құрастырады. Сызу техникада ғана керек емес. Біздің  заманымызға сай кез келген мамандық иелерінің үнемі серігі болып табылады. Біз бұл құбылысқа көңіл бөле бермейміз. Тек қана, «неге мұндай?, неге сондай?, неге қисық?, неге түзу?» т.б. осындай сұрақтар туындағанда ғана, сол сұраққа жауап іздеп шытырман сызықтар, өлшемдерді қағаз бетіне қалай түсіргенімізді білмей қаламыз. Бұл – сызу. Демек, техниканың дамуының тілі.

Сызу пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу — жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.

Сызу пәнінің міндеті. Құрама сызбаларды оқи білуге студенттерді оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық формалары жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың белгілі бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.

Сызу сабағы студенттердің логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. Бағдарлама әрбір сабаққа оқу материалдарын тиянақты дайындап, олардың студенттерге көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылуы керек. Берілетін тапсырмалардың көп уақытты алмайтындан, бірақ терең түсінетіндей жаттығылардың үлгісі дайындалады. Қоғамның даму жолындағы өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды. Техникалық білімдерін жан-жақты терең игерудің мақсаты, сызба түрлерін практика жүзінде орындай алуы мен қатар ауызша оқи алуы жетістіктері, графикалық сауаттылық екендігін түсіну керек.

Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, студенттердің кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамытутехникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету болып табылады. Бұл келешекте  әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Оқытушы сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, студенттердің бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.

Әрбір оқытушының алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту.

Оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: Сызба әдістері  - бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.

Сонымен қатар сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамытуды кеңінен қамту керек. Бірақ әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.Әрбір тәжірибелі оқытушы әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.

Аталған мақсатты орындаудағы негізделген талаптар төмендегідей:

-  сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;

-  оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;

-  аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;

-  практика жүзінде сызбаларды оқи да, орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар;

Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн. Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық, болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс. Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да,орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.

Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Оқытушының сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен /кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с./ әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халқына  жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»,- деп атап өткен. Білім беру саласының басты міндеті – білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны  орындай отырып, осы саланың қызмет көрсету аясын кеңейту.

Білім және ғылым министрлігі заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын деді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында: ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады, - деп атап көрсетті. Жолдауды орындай отырып, біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек.

Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі заманауи технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, яғни мұғалім оқушыны оқытпайды, ол оны өздігінен оқып білім алуға жетелейді. Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін өзі таңдаған жолында қамтамасыз етіп, жетістікке жетуге мүмкіндік алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз