Өлең, жыр, ақындар

Македонияда Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды

Македония астанасы Скопьедегі «Қасиетті Климент Охридский» Ұлттық университеттік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды, деп «ҚазАқпарат» Қазақстанның Мажарстандағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталықтың ашылу рәсімі 19 желтоқсан күні өтті.

«Осы кітапхананың қорына Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған 100-ден астам көркем, ғылыми-публицистикалық, т.б. кітап берді», - делінген хабарламада.

Орталық Қазақстанның әдеби мұрасын насихаттауға, халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға септігін тигізеді. Шарада Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы мен «Қасиетті Климент Охридский» Ұлттық университеттік кітапханасының арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Шараны Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінің қолдауымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдаламалық мақаласында ұсынылған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына сәйкес ұйымдастырды.

Қазіргі кезде осындай орталықтар Қытай, Ресей, Түркия, Мажарстан, Финляндия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Швеция, Франция, Жапония, Болгария, Чехия және ТМД елдерінің ұлттық кітапханаларында ашылған


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар