http://a-brands.kz/

Павлодар пединститутына университет мәртебесі берілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болды, деп ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біз бұл мәртебені көптен бері күттік. Алдағы уақытта бірнеше магистратура, докторантура мамандықтарын дайындаймыз. Бізге қолдау көрсеткендерге, сенім білдіргендерге алғыс айтамын», - деді білім ордасының ректоры Алтынбек Нұхұлы.

Ректор сонымен қатар, университет мәртебесі оқу ордасының келешегіне зор үлес қосатынын және мамандық дайындау деңгейінің жоғарылайтынын да айтты.

Павлодар педагогикалық институты 1962 жылдың желтоқсанында ашылған болатын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)