http://a-brands.kz/

Тропикалық жемістер

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Ерубай Аружан
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Сагимова Ақшолпан Нұрлыбайқызы

ЖОСПАР

1. Кіріспе
Жеміс- жидектердің жіктелуі
2. Негізгі бөлім
Тропикалық жемістердің құрамы
Банан
Ананас
Манго
Тропикалық жемістердің пайдасы
3. Зерттеу бөлім
Ананасты үй жағдайында өсіру
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аннотация
Шығармашылық-ізденіс жұмысты жазу барысында студент тропикалық жемістер туралы жазып оны үй жағдайында өсіруі өсіру және оның адам ағзасы үшін пайдалы екендігін жазып көрсеткен. Студент бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Жасалынған тағамдарды, дайындауы сапалыекені жұмыстарынан байқалып тұр. Мұндай үздіксіз ізденістің арқасында тропикалық жемістердің пайдалы екенін жазып оны пайдалана білу және үй жағдайында өсіруге болатын екендігін зерттеп шықты.
Арнайы пән жетекшісі: Сагимова А

Мақсаты:
Студенттің дұрыс тамақтану туралы түсінігін қалыптастыру үшін денсаулыққа пайдалы, дәрумендерге бай тропикалық жемістер туралы білімін тереңдету және ізденушілікке, шыдамдылыққа, білімділікке дағдыландыру.
Міндеттері:
• Әдебиеттермен жұмыс жасау, іздену, тақырып бойынша білімін байыта түсу, қажетті ақпараттарды зерттеу, өңдеу;
• Тропикалық жемістерге тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, жақын танысу;
• Ғылыми-шығармашылық жұмыспен айналысуды үйрену.

Кіріспе
Жеміс –жидектердің жіктелуі

Жеміс–жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми–зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары)
• бұталар (қарақат, тұшала т.б.)
• жартылай бұталар (таңқурай, т.б.)
• лиандар (актинидия, жүзім, т.б.)
Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай
• шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.)
• сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.)
• жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.)
• жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.)
• шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.)
• субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.)
• тропиктік (банан, ананас, манго, т.б.) болып бөлінеді.
Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызы раушан гүлділер тұқымдас.Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді.Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б.Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша,
дәнек.

Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б.,
Бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс.
Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий)-жылтыр, балауызды, қатты болып келедіжылтыры: шие, алма.

Балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік,
қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.

Көкөніс дақылдары. Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам түрі өсіріледі.
Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш
• жапырақтылар: қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және сарымсақ
• тамыр – жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам.

Негізгі бөлім
Тропиктік жемістердің түрлері (банан, манго, ананас)
Банан (лат. Musa) — Банан тұқымдасының өсімдіктерінің жемістерінің жалпылай атауы. Көбіне Musa acuminata, Musa paradisiaca, Musa balbisiana, Musa fehi, Musa troglodytarum биологиялық түрлерінің жемістері. Сондай-ақ, банан деп Ensete ventricosum түрінің жемісін
айтады. Банан құрамында 22 — 25% көмірсулар, 14 — 22% қант, 5 — 8% крахмал, 1 — 1,5% ақуыз, 0,5% май, сонымен қатар минералды тұздар, А, В, С, Р витаминдері бар. Банан жемістерін жас күйінде және кептіріп те жеуге болады, одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындалады. Банан жемістердің ботаникалық жіктеуі бойынша жидек болып есептеледі. Бананның дәндері көп, сыртқы қабаты қалың болады. Ауыл шаруашылығында мәдени сұрыпты тұқымдар түрлерінің жемістерінде дәндер болмайды. Орташа ұзындығы 15 см, диаметрінде 3-4 см болады. Жемістер 300 данаға дейін шоғырланып өсіп, жалпы салмағы 50—60 кг-ға дейін жетеді. Банан ағаш дақылдарына ұқсас аласа сидамды, биіктігі 1,5 — 8 м-ге дейін, жапырақтары өте үлкен — ұзындығы 1,5 — 3 м, ені 0,6 — 1 м. Гүлі дара және қос жынысты, жемісі — қабығықалың жидек. Тропиктік және субтропиктік Африкада, Азия және Австралияда бананның 60 — 70 түрі бар. Банан вегетативтік жолмен көбейеді, мәдени сұрыптары тұқым байламайды. Банан тәтті және крахмалды болып екі топқа бөлінеді. 95 кг жемісі жас кезінде пайдаланылатындары тәтті сұрыптарына жатады. Жемістері тәтті, дәмді. Өнімділігі жоғары: бір сабақта жалпы салмағы 50 — 60 кг 300-дей жеміс өседі. Ол тропиктік аудандардың халқы үшін бағалы тағам, әрі шетелге шығарылатын өнім. Жер жүзіндегі жеміс дақылдарының ішінде жалпы өнімі бойынша банан екінші орын алады (жылына 55 — 60 млн. т).

Ананас — қарағай бүршігі тәріздес пішінді, тропик өсімдігінің жемісі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып, су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар,
сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) там аққа пайдалануға болады. Ол үшін ананасты тілімден немесе дөңгелектеп кеседі (кейде қант ұнтағын себеді)

Манго - тропикалық жемістердің арасындағы ең тәттісі, ең жақсысы. Қабығы жасылдау сары, абрикос тәріздес немесе алқызыл түсті келеді. Іші сары немесе тоқсары түсті, дәмді, хош иісті. Мангоның құрамында қант- 21%, қышқылдар – 0,2-0,5 %, С дәрумені, мен каротин бар.
Оларды жаңа піскен күйінде пайдаланып, шырынын алады. Манго сөзін санскрит тілінен аударғанда «ұлы жеміс» деген мағынаны білдіреді. Әлем халықтары бұл жемісті "тропикалық жемістердің патшасы" деп атайды. Жеміс осыдан 4000 жыл бұрын өзінше танымал, мәдениеті, дәстүрі мен аңызы бай Үнді жерінде пайда болған. Осыдан болар, манго үндістердің ұлттық жемісі саналады. Ақиқат бар жерде аңыз да бар.
Манго жемісінің төңірегінде шертілетін аңыздарға да көз жүгіртіп көрелік. Бағзы замандарда Шива құдай өзінің сұлу сезімінің нышаны ретінде сүйікті әйеліне манго ағашын сыйға тартады. Ағаштың көз тартар көркі мен жемісінің тіл үйірер дәмін ұнатқан жер бетіндегі адамдар да оны
аз уақыттың ішінде жақсы көріп кетеді. Бүгінде азиялық континенттің өте көп бөлігінде осы бір мәңгі жасыл болып тұратын жеміс ағашы жайқалып тұр. Олардың табиғатта 1000-ға жуық түрі кездеседі. 35-ке жуық түрі Үндістаннан басқа, Филиппин, Тайланд, Африка жерлерінде өседі. Мангоның ел арасында танымалдығының артуына оның шығу тарихы ғана әсер еткен жоқ, пайдасының шаш-етектен екендігі де ешкімді бей-жай қалдырмады.

Тропиктік жемістердің пайдасы

Банан - әлемдегі ең пайдалы жемістердің бірі. Оның шырынының адам денсаулығына пайдасы мол.

1. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады.
2. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді.
3. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді.
4. Ішек микрофлорасын жақсартады. Банан құрамындағы ферменттер арқасында ағзаға тағаммен түскен пайдалы заттар әдеттегіден қарағанда жылдамырақ сіңіріледі.
5. Іш қату. Іш қатуы бар адамдар үшін банан өте пайдалы жеміс. Әрдайым банан жеу іш қатудан мықты қорғаныш.
6. Банан асқазандағы изжога секілді жағымсыз жағдайдан құтылуға да бірден бір себеп.
7. Асқазан жарасы. Банан жегеннен кейін ол асқазан шырышты қабатында қорғаныш қабатын түзеді. Соның әсерінен ондағы қышқылды агрессивті заттар асқазан шырышына зиянын тигізе алмайды. Бұл әсіресе асқазан жарасымен аурыратын адамдар үшін пайдалы. Себебі асқазан әртүрлі бөліменде орналасқан жараларды жауып, қышқылдан қорғаған сайын, оның жазылуы да жылдамрақ жүреді.
8. Диарея кезінде көмек. Диареядан зардап шегетіндерге банан жеу ұсынылады. Бұл жақсы қалпына келтіргіш жеміс.
9. Көп жүріп, физикалық жаттығулармен айналысып, спортпен айналысатындар үшін балтыр бұлшықетінің дірілінен сақтайтын қасиеті бар, себебі банан құрамындағы калий бұлшықетке оң әсер көрсетеді.
10. Ісінулер. Бананды жиі жеу, ағзадағы ісінулерден арылтады.
11. Энергия көзі. Егер спортпен шұғылданбас бұрын банан жеп алсаңыз, бұл жаттығулардың эффективті өтуіне септігін тигізеді. Себебі ағзада қант мөлшері көбейіп, энергия жаттығулардың соңына дейін жететін болады.
12. Ас қортылудың жақсаруы. Банан құрамындағы пектин және хелат тәрізді заттар ағзадан токсиндер мен басқа да зиянды заттарды шығарып, астың жақсы қортылуына алып келеді.
13. Әйелдер үшін. Банан құрамындағы серотонин және басқа да пайдалы заттар етеккір кезінде оның симптомдарын жеңілдетіп, бұрынғыдан қарағанда қолайлырақ өтуге көмектеседі. Егер етеккір кезінде банан жесе, онда нашар көңіл күйден және оның симптомдарынан құтылуға
болады.
14. Анемия. Қаны аздар үшін банан таптырмайтын тағам. Оның жұмсақ затындағы темір мөлшері айтарлықтай көп болуы, анемиясы бар адамдардың тағам рационына қосуға бірден бір себеп болып табылады.
15. Жүрек ауруы. Банан құрамындағы көп калий қан тамырлардың жағдайын жақсартып, инфаркт және инсульт пайда болу жиілігін азайтады. Гипертонияға ем.
16. Иммунитет. Бананда бар антиоксиданттар және аминқышқылдар ағзаны қолайсыз факторлардан қорғап, қорғаныштық қасиеттін, яғни иммунитетті жоғарылатады.
17. Бүйрек. Банан бүйрекке оң әсер көрсете алады. Пайдалы заттар, микроэлементтер бүйрек қызметіне көмектесіп, құм мен тастардан арылуға көмегін тигізеді.
18. Жүрек айну. Банан жүрек айну немесе жүктілер токсикозы кезінде көмектесетін ғажап тағамдардың бірі.
19. Жәндіктер шаққандағы қышу. Банан қабығы жәндіктер шаққаннан кейін пайда болатын қышуға жақсы көмектеседі. Қабығын ішкі жағынан шаққан жерге біраз уақыт қойса, нәтижесі бірден байқалады.
20. Ыстықтан қорғаныш. Банан дене температурасын қажет кезде төмендету қабілеті бар. Бұл әсіресе күн ыстық кезде немесе қызба кезінде аса пайдалы.
21.Шылым шегуді қою. Никотинді тәуелділіктен құтылып келе жатқан адам үшін банан жеу пайдалы. Көп мөлшердегі дәрумендер, калий, магний ағзадағы қалып қойған никотинді шығарып, темекісіз өмірге жылдам үйренуге алып келеді.
22. Ақыл ой қызметін жақсарту. Жоғары мөлшердегі калий адамды жаңа ақпарат алып, танып білу жағына қолайлы жағдай жасайды. Бұл әсіресе сабақ оқу немесе емтиханға дайындалу кезінде таптырмайтын құрал

Ананас - әлемдегі ең пайдалы жемістердің бірі. Оның шырынының адам денсаулығына пайдасы мол.
1. Иммунитетіңізді көтереді. Ананас шырынының құрамында дәрумендер мен органикалық қышқылдар көп. Олар ағзаның әлсіреуінен және түрлі аурулардан құтқарады.
2. Көздің көруін жақсартады. Құрамында бета-каротин мен А дәрумені бар тағамдардың көзге пайдасы көп екені бәріңізге мәлім. Тіпті қартайғанда да көру қабілетіңіз бұзылмайды.
3. Қызыл иек пен тісіңізді қатайтады. Сонымен қатар ананаста қызыл иегіңіз бен тісіңізді қатайтатын С дәрумені бар. Ол пародонтоз ауруынан аман сақтайды.
4. Буын ауруларына көмектеседі. Егер буындарыңыз ауырып жүрсе, ас мәзіріңізге ананасты қосыңыз. Өйткені оның құрамында бромелайн ферменті бар.
5. Жүрегіңізге де пайдалы. Жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алу үшін анда-санда болса да, ананас жеп тұрыңыз.
6. Қан қысымын төмендетеді. Бұл жемісте калий бар. Ол гипертонияға қарсы күреседі.  
7. Сүйектеріңізді қатайтады. Ананас сіздің сүйектеріңізді қатайтады. Себебі онда марганец пен кальций көптеп кездеседі. Бір стақан шырынының өзінде 73% марганец бар. Ол күнделікті мөлшерге жеткілікті.
8. Ас қорыту жүйесін жақсартады. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі бірқалыпты жұмыс істеу үшін ананас
шырынын ішіңіз.

Манго жемісі сан түрлі дертке дауа, оның ішінде ішек обыры мен демікпенің алдын алады. Мангоның сондай-ақ шаш пен тері күтіміне де пайдасы зор. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, манго семіздіктің алдын алады. Мамандар бұл жемісті диабет пен жүрек-қан тамырлары, ас
қорыту мүшелерінде қиындықтары бар адамдарға жеуге кеңес береді, деп жазады шетелдік Гарвард университетінің мамандары мангоның құрамындағы бета-каротин демікпе ауруының алдын алатындығын айтуда. Сондай-ақ күнделікті тағам рационына бета-каротинді қосу
обырды да болдырмайтын көрінеді. Сонымен қатар мамандар манго обырдың барлық түрін болдыртпауға көмектеседі. Ананасты үй жағдайында өсіру

Тропикалық жемістен ананасты үй жағдайында қалай өсіруге болатынын зерттеу барысында өз жұмысымды ұсынамын.

Ананас - бромелиялар тұқымдасына жатады. Бромелия тұқымдасына жатқанымен, ананас басқа бромелиялар сияқты эпифитті емес, яғни ылғалдылықты ауадан алып, басқа өсімдіктің үстінде өспейді, топырақта өсіп-өнеді. Отаны Орталық Бразилия. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. 8-ге жуық түрі бар. Қысқа сабақты, жапырақтары бір-біріне тығыз жанаса, сабақты айнала орналасқан. Жапырақтары семсер тәріздес ұзын сүйір, қатты, қалың, қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Табиғатта есейген өсімдіктің бойы 1 метрге, диметрі 2 метрге дейін өседі. Жапырақтарының ортасынан етті жуан негізгі сабағы шығып, сабақ басына 30-60 см-лік гүл шешек атады. Гүлдеп болған соң, жеміс береді. Жемісі 4-5 айда жетіліп өседі. Жемісінің ортасынан негізгі сабақ өсіп шығып, тәжге ұқсас жаңа қысқа сабақ, жапырақтар шығарады. Жапырақтарының біркелкі жасыл түстісі, сарғыштау, ақ жолақтары бар түрлері болады. Үй жағдайында: «Ananas comosus», «Ananаs bracteatus», «Ananas nanus» түрлерін өсіреді. Мен өзімнің тәжірибемде кәдімгі өзіміз жеп жүрген ананасты, үйде жапырақ қалемшесімен өсіруге болатынын дәлелдегім келді. Маған осы жемістің қалай өсетіні туралы қызық болды. Ол үшін жемісінің басында жақсы шоқтанып өсіп тұрған жапырағы бар ананасты алып, қалемшені жемістің 2-2,5 см-дей бөлігімен бірге кесіп алдым. Төменгі 10-15 жапырағын бір-бірлеп алып тастауға болады. Жемісінің жұмсағын тазалап алып тастап, марганцовка ерітіндісіне шайып, ағаш көмірін жағып, 2 күн көлеңкелі жерде кептірдім. Кепкен көшетті, бойы аласа, кеңдеу түбекке отырғыздым. Күнара суғарып ылғалдандырып тұрдым. Жеміс 22-24 0 С температура жылылықта, жарық жерде 1,5 айда тамырланды.

Қызықты мәлімет!

Оңтүстік шаруалары тропикалық аймақтарда ғана кездесетін жемістерді де өсіре бастады. Сарыағаштағы тұқымбақта кәдімгі киви мен банан, анар, құрма мен лимон жайқалып өсіп тұр. «Олардың дәмі мен сапасы өзге топырақта өскен шетелдік жемістерден еш кем түспейді», –
дейді бағбандар. Сарыағаштық кәсіпкер Танабай Шынтасов осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы орман тәлімбағынан кивидің бірнеше көшетін әкеліп отырғызыпты. Алдымен тәжірибе ретінде оны жылыжайға, кейін ашық аспан астына егеді. Тропикалық аймақта ғана өсетін жеміс ағашы биыл көктемде бүршік жарып, гүлдей бастаған. «Ағаштың ашық далада өнуі оңтүстік топырағын жерсіне бастағанын көрсетсе керек», – дейді бағбан. Көшеттің шығуын 90-95 пайызға жеткізу ол тек қана ғылым мен өндірістің бірлескен жетістігі деп біледі.

Ананастан әзірленетін салат

Құрамы:
- Картоп-2дана
- Жұмыртқа-3дана
- Алма-1дана
- Консервіленген ананас
- Шұжық-200гр
- Грек жаңғағы
- Майонез
Дайындалу тәсілі:
Алманы жуып тазалаймыз. Шұжықты және алманы жіңішкелеп тураймыз. Картоп пен жұмыртқаны қайнатып аламыз. Картоп суыган сон үкіштен өткіземіз, жұмыртқаны төртбұрыштап тураймыз. Салатты ыдысқа үсті-үстіне саламыз.
1. Жарты үкіштен өткізілген картоп
2. Майонез
3. Жарты туралған шұжық
4. Майонез
5. Туралған жарты алма
6. Майдаланған грек жаңғағы
7. Жұмыртқа
8. Консервіленген ананас
9. Майонез
10. Үстінен дәл осылай қайта салып шығамыз
Салатты бир сагатқа қойып қоямыз. Беткі жағын өз ойңызға қарай сәндеп қойсаңыз болады.

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

Сырты ашылған бананды қалыңдығы 5-6 мм етіп
дөңгелеп турайды, тәрелкеге салып үстіне қант
немесе ұнтақталған пудра себеді.

  Салқын сүтпен немесе қайнатылған кілегеймен ұсынады.

Азық-түлік атауы

 Шикізат массасы

Сыбаға көлемінің есебі

3

7

20

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

банан

167 100      

қант

5 5      

кілегей

100 100      

сүт

158 150      

Шығымы

430 355      

 

Технологиялық нұсқау

Банан мен консервіленген ананастан жасалған тосап

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

Көстірелге су құйып туралған ананас салып,кокос
ұнтағын қосып және туралған бананды салып
қант себеміз. Отқа қойып қайнаған соң бәсеңдетіп
лимон шырынын қосамыз. Баяу отта 20 минут
қайнатамыз. Барлығын қопсытқышпен араластырып
ыдысқа құямыз.

  Тосап тоңазытқышта 1 айға дейін сақталады.

Азық-түлік атауы

 Шикізат массасы

Сыбаға көлемінің есебі

3

7

20

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Банан

650 590      

ананас

850 700      

кокос ұнтағы

25 25      
лимон шырыны 50 50      
қант 320 -      

Шығымы

1895

-      

 

Технологиялық нұсқау

Ананастан, мангодан әзірленген кисель

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

Жемістердің қабығынан аршып шырынын аламыз. Қайнаған суға күнжара қант,жеміс шырынын қосып араластырып қайнатамыз. Сүзгіден өткіземіз. Алынған қоспаға картоп крахмалын қосып түйіршік болмайтындай етіп бәрін бірге қайнатып араластырамыз.

  Кисельді салқын және жылы күйінде ұсынамыз.

Азық-түлік атауы

 Шикізат массасы

Сыбаға көлемінің есебі

3

7

20

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

ананас

200 100      

манго

200 100      

қант

200 25      
картоп крахмалы 30 30      
су 1 л -      

Шығымы

631

255      

 

Қорытынды

Мен өз ойымды қорытындылай келе торпикалық жемістердің адам ағзасына пайдалы екенін және ананастың үй жағдайында өсіруге болатындығын айтқым келеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
2. Тамақ өнімдерін тану. К.Кузембаев, Г.Кузембаева.
3. Аспаздық. К. Кузембаев.
4. Интернет желілері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)