сайыс
ozgetil.kz

Ағаштан жиһаз жасау

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№16 колледж
Орындаған: Ж-56 топ студенті Мамедакимұлы Раманқұл
Жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Пантаев Еркеғали Сыдықұлы

Жиһаз  - пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек.

Жиһаздар:

1) тұрақты жиналмайтын;

2) тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;

3) әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын;

4) бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.

Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жұмыс істеп жатқан ұйымдардың болжамды санын елестетумен көз жеткізуге болады. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес. Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің  қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің  қаншалықты зор  екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер  орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс. Мұнсыз әртүрлі деңгейдегі мамандардың барынша тиімділігінің кепілі болып табылатын татулық ахуалы орнаған ұйымдасқан ұжым құруды тіпті армандауда мүмкін емес. Кеңселік шкафтар қағаздармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оларды үстелдердің үстінде ұстау қажеттілігі өзінен-өзі болмайды. Керекті құжаттамалар әрдайым бір жерде орналасатын болады, оның жоғалып кетуіне немесе бүлінуіне жол берілмейді. Қазіргі уақытта кеңселік жиһазды олардың интерьері мен дизаиндық сапаларын ескере отырып, практикалық, сенімділік және функциональдық тұрғыдан қарастырады, өйткені біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің жалпы идеясына сай болуы тиіс.

Кеңселік жиһаз жұмыс істеуі және түрі мінсіз болуы тиіс.Осы тұжырымның өзектілігін өсе түсіп отырған өмір деңгейі елеулі растайды. Ал өзіне және өзінің қызметкерлеріне құрметпен қарайтын әрбір басшы  кеңсеге арналған жиһаздардан үнем жасамайды. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігінің елеулі түрде арта түскенін атап көрсету қажет.  Жиһаз өнеркәсібі жедел қарқынмен дамуда. Әрдайым жаңа материалдар пайда болады және таңдау мүмкіндігін кеңейте түсетін табысты іске асырылатын жаңа идеялар туындайды. Алайда, сатып алушылардың сұранысына қарағанда, ағаштан жасалған жиһаз ешқашан сәннен шықпайды. Бұл Қазақстанда осындай кеңселік жиһаздарға сұраныспен де расталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)