Менің Отаным — Қазақстан

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Әйтей ауылы
Ленин жалпы негізгі білім беру мектебінің
2-сынып оқушысы Ерболатов Ермұрат
Жетекшісі: Аубашева Баян Егеуовна

Отан – оттан да ыстық

Мен өзімнің Қазақстан жерінде туғаныма қуанамын. Менің  Отаным – Қазақстан деп мақтанамын себебі, менің еліме, менің жеріме жететін ел де жоқ, жер де жоқ деп ойлаймын.

Менің Қазақстаным пайдалы қазбаларға бай ел, біз оны дүниетану пәнінен оқып,біліп жатырмыз. Адамның өміріне қажетті керекті заттардың бәрі біздің Қазақстанда бар. Сондықтан біз өзіміздің жеріміздегі байлығымызды өмір бойы сақтауымыз керек деп ойлаймын. Оны ысырап жасап, төгіп шашпай керсінше үнемдеу керек.

Қазақстанның табиғаты қандай әсем! Біздің жеріміздің табиғаты көрсең көз тоймайтын жерлері бар. Мен нағашы әпкеммен бірге еріп Алматы қаласына бардым. Қаланың әсем жерлерін көріп тамашаладым.Алатау бөктерінде орналасқан Медеу мұз айдынына бардым. Мұз айдынына барып коньки тептік. Мұз айдыны өте керемет екен. Машинамен тауға шығып келе жатқанда құлағым бітіп кетті.Маған Алматы қаласы өте ұнады. Сол жерде мен тауды бірінші рет көрдім.

Біздің  ауылдан 45 км жерде Шарбақты деген жер бар сол жерде қарбыз алқабы бар екен. Оған мен өзімнің ағаммен бірге еріп бардым. Өсіп жатқан қарбыздарды көрдім, қарбыз телегей-теңіз болып жатыр. Бұл жерде жылда карбыз фестивалі өтеді, оған барлық жақтан адамдар келіп тамашалайды. Фестиваль өте қызықты өтеді, қарбыздардан жасалған түрлі әшекейлерді көруге болады.

Біздің жеріміздің ұшан-теңіз екеніне көзім жетті. Былтыр мен нағашы әпкеммен еліміздің елордасы Астана қаласына барып, ЭКСПО көрмесін тамашалап қайттым. Астанада мен бір үлкен ертегілер еліне кіріп кеткендей болдым, алған әсерімді мен көпке дейін ұмыта алмай көз алдымда елестеп тұрды. Мен өз Отанымның гүлденіп, көркейіп жатқанына көзім жетті. Алдағы уақытта бұдан артық гүлденіп, көркейе берсін, Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын, бүкіл әлемде тек қана бейбітшілік болсын деп тілеймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)