http://a-brands.kz/

Мұғалімдердің жалақысы қаншаға артады - Білім министрлігінің жауабы

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова орта білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламаға көшірілуіне орай мұғалімдердің жалақысы қалай өзгеретінін мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру білім берудің жаңа мазмұнына көшумен тікелей байланысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысы көбейеді. Ал қыркүйек айынан бастап, 3-ші, 6-шы және 8-ші сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Осылайша, 2019 жылдың қыркүйегінде 4-ші, 9-шы және 10-шы сынып ұстаздарының жалақысы артса, 2020 жылы 11-сынып мұғалімдерінің еңбекақысы жоғарылайды.

"Үстемеақы көлемі Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқандай, 30 процентті құрайды. Мысал келтірер болсақ, 15 жылдық еңбек өтілі бар 1-санаттағы қала мұғалімінің жалақысына 24 мың теңге қосылады. Дәл осындай еңбек өтілі бар 1-санаттағы ауыл мұғалімінің жалақысына 25 860 теңге қосылады", - деп атап өтті Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Атап өтілгендей, үш жылдық өтілі бар, еш санаты жоқ мұғалімдердің лауазымдық жалақысы 56 мың теңгені құрайды. Оған дәптер тексергені және кабинетке жетекшілік еткені үшін 22 мың теңге үстемеақы қосылады. Яғни, қазіргі уақытта олардың жалақысы 78 мың теңгені құрайды. Білім берудің жаңартылған мазмұны үшін үстемеақы қала деңгейінде - 16 мың, ауыл деңгейінде 21 мың теңгені құрамақ. Яғни, үш жылдық өтілі бар, санаты жоқ мұғалімдердің жалақысы қала деңгейінде - 96 мың теңге, ауыл деңгейінде  115 мың теңге болмақ.

Егер 25 жыл еңбек еткен жоғары санатты мұғалімдердің қазіргі жалақысы 83 мың теңгені құрайтын болса, оған 25 мың теңге көлемінде үстемеақы және жаңартылған білім беру бағдарламасы үшін тағы 24 мың теңге қосылады. Осылайша, еңбекақының жалпы сомасы 133 мың теңге болмақ.

Сонымен бірге, БҒМ өкілдерінің айтуынша, биыл мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау арқылы қосымша ақы тағайындайтын жаңа жүйе енгізіледі.

"Жаңа жүйеге сәйкес, ұлттық біліктілік тестін тапсырып, өз деңгейлерін растау арқылы мұғалімдер жалақыларын 20-50 процентке дейін көтере алады. Мәселен, бір саты жоғарылаған 15 жылдық еңбек өтілі бар 1-санаттағы қала мұғалімінің еңбекақысына 28 мың теңге қосылса, ауыл мұғалімінің жалақысына 36 мың теңге қосылады", - деді вице-министр. 

Айта кетейік, биылғы Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырған еді.

"Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін санаттардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет", - делінген Жолдауда.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (47)

ммм

Қосатын ақшасын жыр қылып айтып ит қылып қосады.ақша қостық деп мың тексеретін шығар

Гулмира

Китапханашылардын жалакысы кашан котерилет.

Ержан

Китапханашылар қазақша дұрыс жаза бастағанда)

Ляззат

Жөндеп қосу керек!

Ннн

Қосылса жаксы болар еді. Тексеруді тоқтатамыз деген еді.

Айнур

Педагог-психолог əлеуметтік педагог ,организаторға қашан қосылады ?

Бердибекова Молдир

Егер енбек отили 5 жыл санаты2 болса ше калай канша косылады

Катира

Лабарантарга косылады ма

Гулжан

Медиктерге неге косылмайды осы?

Айнур

10жыл стаж категория 1ши канша косылады екен

Айнур

жауап кашан келеди

Жақсылық

Қосса бәріне бірдей қоспайма

Дәулет С

Неге бәріне бірдей қоспайды?

Айнур

Будет справедливо,если надбавка будет всем.Я считаю так,ведь все мы люди.как так ?

Такен

5 жыл стажым бар канша косылады болп жармай тугел коссында

Гульбарам

Еңбегіміз зор деп білемін

Такен

менин сыныбым 4 сынып мен сонда 2019 жылдын кыркуйегинде алам ба? болип жару дурыс емес

РРР

Бəріне бірдей қалай қосады, сіздер алдымен жаңартылған мен сабақ беріп көріңіздер, сосын айтатындар. Негізі былтыр қосу керек еді, біз былтыр түнімен ұйықтамай жазып, ізденіп өттік

Лаура

Осығанда шүкір...қанша қосылсада ризамын...1000т болсада...таза жерде істегеніме қуанамын..берекесін берсін..əке шешеме рахмет оқытқанына..

Аружан

Мұғалімге тиын қосамыз деп қанша жыр қылды.Ал жепутаттарға бірден 1мил қылды..

Такен

брак ол да дурыс оган да шукир айтамыз да коямыз

Аружан

Шындық жазылса барібір шығармайсыңдар-Əділет жоқ

Райгұл

Лаура, қандай сен бейшара сын

Лара

Ұстаздың еңбегі зор қанша қосса да артық емес əкім де шахтёр де дəрігер де жұмысшы да ұстаздан тəлім тəрбие алған

Айнур

Ирина Смирнованын айтканы отте дурыс.

999

Жалпыға бірдей коспайма. Айлық көтеріледі деген əңгімені естіп саудагерлер бағаны көтеріп тастады. Бізге немене сенің айлығың қосылмаптығой деп затты арзан беремекен. Былтыр қаңтарда айтты көтеріледі деп содан бері зат қымбаттап келеді. Ал айлық..........

Жора

3 айлық курста оқығандарға неге қоспайды Қосса бөліп жармай бəріне қосса

Гулнара

Сынып жетекшiлікке канша косады

Мари

Менде 32 жыл пед стаж бар Пенсияга али бес жыл бар. Маган тагы оки дейди. Сонда не болмак? Не мазак?

рах

Жыр кылып айтып журіп коскандары осыма біреуге бар біреуге жое

Ляззат

Бары орынды,ұстаздардың жұмыс стаждарын ескеру керек деп ойлаймын.Жастарға осылай ақылардың көтеріп көмек көрсеткендер дұрыс.Ел аман,жұрт тыныш болсын.

Аааа

Мен жанартылган багдарламасы бойынша курстан откенмин. Бирак мен 5 пен 7 сыныптарга сабак бермеймин. Бизге сабак бермегесин акша косылмай ма?

М.Ш

Мұғалімдердің жалақысын көтереді дегенде қуандық əрине. Бірақ 3,4-сыныппен жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің жазығы не.Өкініштісі 3-сыныпты оқытып жатқан 31жыл еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы емес 4жыл еңбек өтілі бар санаты жоқ мұғалімнің жалақысы көбейіп жатса қандай көңіл күйде болатынын ойлайтын жандар табылар ма екен. Амал қанша көнеміз де. Екі жыл бойы тек 1-сынып алатын мұғалімдерді ғана даярлады емес пе. Немесе қыркүйекте жалпыңа бірдей қосу керек еді

Алия

Балабакшадагы тарбиешилерге. Осы 2018 кантарынан бастап акша посылать

Алия

Ммм сонымен тарбиешилерге ягни балабакшаларга айлык косылады мекен

айнұр

Мектептегі іс жүргізушілерге 50 пайыз қосылды дейді, рас па?

Жансая

Жаңартылған бағдарламаны оқымағандар не істейді. Мысалы мен декреттен жаңа шықтым.

айгул бабаева

10 жылдан аса еңбек өтілі барларға да қосылса

айгул бабаева

мектетің хатшыларна да қосылды ма

Сандугаш

Кәсіптік техникалық білім беру мекемелерінің педагогтарын мүлдем ұмытып кеткен ба, не категория есептелмейді, не ғылыми дәрежесі есептелмейді, әділетсіздік қой ????

Кенже

Өте орынды пікірлер сонда, біреуге қосып, біреуді алалайсыздар ма, қашан əділет болар екен

Култай

20 жыл жумыс істегендердің не жазыгы бар , ҰБТ- ға бала дайындап жаңартылған білім мазмунын оқымаған ы ушін бе? Кудай берекесін берсін, денсаулык берсін

айнур

мектеп хатшыларына қанша пайыз қосылды, олардың да еңбегі бар . оны ешкім біле бермейді.

Айнұр

МАД Мұғалімдеріне айлық көлемі өседіме қалай төленеді даярлықтар туралы айтылмады , ақшамыз тіптен аз 30,40мың? ??

данабек

Ақша тек сендерге керек Оданда от басын ойландар

Назко

Әрине ақша қосқандарына ризамыз, бірақ алаламау керек деп ойлаймын. Қаңтардан бастап қосылды дейді де неге сәуірден бастап аласыңдар деп айтады міне қызық!

ммм

Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқыған жоқпын , бірақ 5 пен 7-ге сабақ беремін. Ақша қосыла ма екен?

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)