Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды - министрлік

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жұмыс жүргізуді бастады.

«Біз қазір оқушыға артылатын тұтас жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында  бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген», - деді вице министр Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол министрліктің оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап, бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді», - деді Б.Асылова.

Оның айтуынша, бұл мәселе педагогтар қауымында кең талқыланады, ал ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне жеткізілген.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Бейбіт қыз

Жақсы жағалық, барлық үй жұмыстарын құртасалу керек, сабақты мектепте, мектептің сыртында өмір болу керек

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)