Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы менің ұстазым!

Мақтарал ауданы Асық ата кенті
«Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебінің
4 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Жасұлан
Жетекшісі Гаухар Бексеитова           

Менің алғашқы ұстазым - Гауһар Бексеитова. Ол - біздің екінші анамыз. Ұстазымыз бізге жазуды, оқуды, есеп шығаруды үйретті. Біз ұстазымызды сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз.

Біз биыл 0 сыныптан бері сабақ беріп келе жатқан Гауһар апайымызбен, бастауыш сыныппен қоштасамыз. Жоғары сыныпқа өтеміз. Ол жақта бізге басқа апайлар сабақ беретінін білемін. Бірақ «А» әрібін үйреткен Гауһар апайымды ешқашан ұмытпаймын. Әріптерді, жазуды, сызуды, оқуды үйреткені үшін мен ұстазыма қарыздармын. Эссемнің соңында ұстазыма өлеңімді арнаймын.
                   
Алғашқы менің ұстазым,
Әліппені үйреткен.
Шаршамаңыз ешқашан,
Бізге білім беруден.
Гауһар апай ұстазым,
Жақсы көрем өзіңді.
Тыңдап жүрем әрдайым,
Айтқан ақыл сөзіңді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Каракат

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз