http://a-brands.kz/

Қарағанды облысы: Қала жастарының «Дипломмен ауылға» барғысы жоқ

Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға!» аттанған жастарға көтермеақы есебінде 16 миллионға жуық теңге төленді, деп өңір басшылығының баспасөз қызметіне хабарлайды.

«95 жас маман «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында көтерме ақы алды. Өткен жылы бұл бағытқа 15 миллион 88 мың теңге бөлінген болатын. 

2017 жылы жобаға қатысқан 39 жас маманға баспана сатып алу үшін 131 миллион 673 мың теңге бөлінді. Биылғы жылы бұл мақсатқа қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Көтерме ақы мен баспана сатып алуға арналға қаражат бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілерден сәйкесінше өтінім түскен соң республикалық бюджеттен бөлінеді», - делінген әкімдік сайтында. 

Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысы Мирас Құттыбайдың айтуынша,  қала жастары арасында ауылда еңбек етемін деушілердің қарасы аз.

«Негізінен оқу бітірген соң ауылға баратын жастар - ол ауылдан оқуға келген жас азаматтар. Олар үшін аталмыш бағдарлама - ауылға оралуға, жұмыс табуға, көтермеақы алып, өз баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік болып табылады. Қалалық жастардың арасында бұл бағдарламаға қатысамын деушілер кемде-кем», - деді ол.

Ол сонымен қатар ауылдық жерлерде көбінесе түрлі бағыттағы дәрігерлер мен оқытушылар, оның ішінде ағылшын пәнінің мұғалімдері тапшы екенін атап өтті. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына білім, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары да қатыса алады.

Ауылдық жерлерде жұмысты ЖОО түлектері өздері таңдайды, сонан соң бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдайтын аудандық комиссияға құжаттарын тапсырады. Егер кандидатураны құптайтын болса, қатысушыға 70 айлық көрсеткіш көлемінде (2018 жылға бұл сома 168 350 теңгені құрайды) көтермеақы беріп, баспана салуға немесе сатып алуға 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 1500 айлық көрсеткіш көлемінде (2018 жылы 3 607 500 теңге) несие беріледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)