Оң ойлау арқылы жетістікке жету: 7 кеңес

Сіздің қаншалықты көңілді әрі бақытты екендігіңіз, басқа факторлармен салыстырғанда, тікелей позитивіңіздің деңгейіне байланысты. 

Дұрыс тамақтану денсаулық пен энергияға әсер етеді. Егер сапалы және пайдалы өнімдерді тұтынып, зиянды азықтан бас тартсаңыз, онда сіздің қуатыңыз әлбетте молая түседі. Ағзаңыз көптеген ауруларға төтеп бере бастайды. Ұйқыңыз тыныш болып, өзіңізді сау әрі бақытты сезінесіз.

Ақыл-ойға берілген азықтың сапасы да айтарлықтай мінезіңізге, даралығыңызға және жалпы айтқанда сіздің өміріңізге қатты әсер етеді.

Миыңызды позитивті ой мен дұрыс ақпараттар, пайдалы кітаптар және болымды адамдармен әңгімелесу арқылы қанықтырсаңыз, онда тұлғалық қасиеттеріңіз конструктивті әрі позитивті дамып, ықпалды әрі сенімді адамға айналасыз. Өзіңізге сеніміңіз артып, өзіңізді бағалай бастайсыз.

Санаңызды толық өз бақылауыңызға алу, сізді өткен шақта ұстап тұрған жағымсыз ойлар мен эмоцияларды жою және толықтай позитивті адам болу үшін нақты әрі салмақты шешім қабылдаған болсаңыз, тұлғаңызға өзгерістер жасауға мүмкіндігіңіз туады. Сіздің міндетіңіз — өз нұсқаларыңыздың ең үзідігі болу.

Ақыл-ой жаттығулары дене жаттығуларына ұқсайды. Сіз білім алу және оны практикада қолдану арқылы, өзіңізді жоғары бағалау және оң ойлау рухани көңіл-күй сезімін дамытасыз.  Толықтай позитивті адам болуға көмектесетін 7 пайдалы кеңес.

1. Жағымды ішкі диалог

Өзіңізбен жағымды ішкі диалог жүргізіңіз. Өзіңіздің ішкі диалогыңызды қадағалап, оң әрі шын мәнінде бар мәлімдемелерді осы шақта айтыңыз. Мысалы: "Менің қолымнан келеді", "Мен өзімді жақсы сезініп тұрмын", "Мен жауапты адаммын". Бұл жетістікке жеткен адамдардың уақыттарының көп бөлігінде ойлайтын ойлары мен сөздері.

Психологтар көңіл-күйдің 95% -ын күні бойы өзіміз жайлы айтатын сөздеріміз анықтайтынын білдіреді. Ол ішкі диалог деп аталады. Бұл күні бойы қалыптасатын ой мен сезімдердің ағыны, олар санаңыз арқылы өтеді. Егер сіз біле тұра өзіңізбен жағымды диалог жүргізбесеңіз, онда автоматты түрде сізді бақытсыз етіп, уайымдауға мәжбүрлейтін нәрселерді ойлай бастайсыз.

Есіңізде болсын, сіздің санаңыз бос кеңістік емес. Ол ешқашанда бос болып қалмайды. Егер сіз оны дұрыс ойлармен толтырмасаңыз, онда ол теріс ойларға толы болады. Санаңызды бақша деп алсақ. Осы бақшаға нысаналы түрде гүл егілмесе, ол жерде арамшөптер өсе бастайды. Егер сіздің ойларыңыз оң болмаса және оларды басқара алмасаңыз, онда теріс ойлар автоматты түрде санаңызды жаулап алады.

2. Жағымды визуализация

Қазіргі уақытта сізде бар ең мықты қабілеттің бірі — визуализация жасау және алдыңызға қойған мақсаттарыңызды орындалып қойған, жетіп қойған түрінде көру. Өміріңіздің үйлесімді әрі мінсіз болып қойған сәтін елестетіп көріңіз. Бұған қол жеткізу үшін қажет болған болымды міндеттеріңіз бен мақсаттарыңызды және мінсіз өміріңізді елестетіп көріңіз. Және бұл көріністі санаңызда жиі ойнатыңыз.

Мұның мәні, сіздің сыртқы өміріңізде болатын оң өзгерістердің барлығы ішкі әлеміңіздегі бейнені жақсы жаққа өзгерткеннен бастау алады. Және санаңыздағы бейненің мағынасы (оң/теріс) тек сіздің ғана толықтай бақылауыңызда. Сіз ішкі әлеміңізде өзіңізді қалай елестетсеңіз, сыртта да сондай болып қалыптасып, жетістіктеріңіз де сондай деңгейде болады.

3. Позитивті адамдар

Өмір сүретін, араласатын және бірге жұмыс істейтін қоғамды таңдауыңыз, басқа аспектілермен салыстырғанда сіздің сезімдеріңіз бен жетістіктеріңізге өз әсерін көбірек тигізеді. Себебі сіздің ішкі диалогыңыз бен ой қалыптарыңыз тікелей қоғамға тәуелді. Барынша негативті адамдардан аулақ жүріңіз. Өйткені олар өміріңіздегі бақытсыздықтың ең басты себебі болып табылады.

4. Ақылға дұрыс қорек беру

Деніңіздің саулығы ағзаңыз үшін пайдалы, сапалы азық берумен тікелей қатысы бар. Сол сияқты санаңыздың саулығы да оны немен қоректендіретініңізге байланысты. Сізге жігер, білім, шабыт беретін кітаптар мен мақалалар оқыңыз.

Көлікте немесе бос уақытыңызда конструктивті, позитивті аудио жазбаларды тыңдаңыз. Білім және нәр беретін бағдарламаларды, онлайн курстарды, мотивация беретін материалдарды қараңыз.

Әр жаңа нәрсе үйренген сайын, миыңыз бақыт гармоны саналатын эндорфинді бөледі.

5. Дұрыс білім алу мен даму  

Бұл өмірде көптеген адамдар істерін шектеулі қаражатпен бастайды. Кейді тіпті ақшасыз да. Әдетте кез келген байлық қарапайым қызмет көрсетуден басталады. Бүгінгі күнде биіктен көрінген адамдардың көбі нөлден бастау алған.

Білім беру мекемелерінен алған стандартты білім, бізге өмірде ақша табуға ғана мүмкіндік береді, ал стандартты біліммен шектеліп қалмай, өзіңізді ары қарай жетілдіру сізді байлыққа итермелейді.

Өзіңізді білімге, өз-өзіңізді дамытуға, жетілдіруге арнап, іс-әрекетіңіз бен ойыңызды сапалы әрі тиімді етсеңіз, өміріңізді толықтай бақылауға алып, жаңа белестерді бағындыру үшін, шыңға ұмтылу жылдамдығыңызды үдемелі түрде көбейте аласыз.

6. Позитивті әрі сау әдеттер  

Денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз. Өзіңіз үшін  80, 90 немесе 100 жыл өмір сүріп, соның өзінде өмірге құштар әрі әл-ауқаты қуатты адам боламын деп шешім қабылдаңыз.  Дұрыс үйлесімді тамақтану мен күнделікті дене жаттығуларын жасау, сіздің сезімдеріңіз бен ойларыңызға оң әсер етеді.

Бұл қарбалас өмірде бір мезгіл демалуға да уақыт табыңыз. Өзіңізді қуаттандырып тұруыңыз керек. Әсіресе қиыншылыққа тап болып, күйзеліске түскен кезіңізде бұл өте маңызды. Жұмыс пен демалыстың арасында баланс таба біліңіз.

7. Оң үміт

Бұл позитивті тұлға болып қалыптасу үшін, қорытындылар оң болып, өмірде ең үздік нәтижелерге жету үшін қолданатын ең мықты әдіс болып табылады. Үмітіңіз жеке жол бастаушыңызға айналады.

Жетістікке кенелетініңізді, танымал болатыныңызды... күтіңіз. Үлкен белестерді бағындырып, биік мақсаттарыңызға жетіп, өзіңізге керемет жағдай жасайтыныңызға сеніңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Бейбіт

Келисемин!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)