Жасырын майнинг

Жасырын майнинг – бұл криптовалюталарды өндіру үрдісінің заңсыз жолмен іске асырылатын түрі. Мұндай өндірісте майнерлер өздері ештеңе есептемейді, олар басқа біреулердің есептеулерін ұрлап пайдаланады. Жасырын майнинг компьютер желісін бұзып, майнинг және табылған криптовалюта монеталары туралы ақпаратты жүктеп алатын вирустар (соның ішінде трояндар) түрінде жиі жасырынады. Корпоративтік желіге енген қастық ойлаушы зиянкестің де жасырын майнингті пайдалана алу мүмкіндігі бар.

Криптовалюталар майнингін неғұрлым тиімді жүзеге асыру үшін адамдар өздігінен фермалар жүйесін құрады және оған орасан зор қаражат жұмсайды, алайда адал ойнамайтын майнерлер де болады. Жасырын майнинг осындай айналма жолдардың бірі болып табылады.

Жасырын майнинг қалай іске асады

Криптовалюталардың жасырын майнингі жұмысын жүргізу үшін қандай да бір қаражат жұмсауға тура келмейді. Алаяқ майнерлер компьютер қосылған сәтте криптовалюталарды өндіруге мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдаланушыға көрінбей жасырын түрде іске қосылатындай етіп жасайды. Сонымен бірге, жасырын майнинг пулдары толықтай дербес жұмыс істейді, өйткені олар құрылғының нақты конфигурациясына сәйкес нұсқаны автоматты түрде таңдауға икемделген.

Сондай-ақ, ұтыс алаяқ майнердің берген реквизиттеріне аударылады. Сонымен бірге, ол бір тіркеулік жазбаға ноутбуктардың шектеусіз санын тіпті заңды түрде қоса алады, ал бұл пайдаланушыны аталмыш әрекеттің жазба иесінің келісімімен жүзеге асырылғандығын дәлелдеуге міндеттемейді деген сөз.

Жасырын майнингті бірнеше тәсілмен іске қосуға болады:

- іске қосу жүйесіне кез келген типтегі файлдарды енгізу жолымен;

- санкцияланбаған сипаттағы қашықтан кіру рұқсаты арқылы.

Көбінесе видео ойындарға тәуелді адамдар жасырын майнингтің құрбаны болады. Олар өз құрылғылары үшін жоғары қуатты бейнекарталар мен процессорлар орнатады, ал бұл алаяқтар үшін қолайлы жағдай.

Жасырын типтегі майнер ұзақ уақыт бойы қолданылуы мүмкін, себебі ол:

-дыбыссыз режимде жұмыс жасайды;

- визуалды ақпаратпен, соның ішінде суреттермен және xабарламалармен таралады;

- Windows қызметтерінің бірінде жасырынуы мүмкін;

- желінің шамадан тыс жүктелуі туындаған кезде бірден өшеді.

Дербес компьютерде жасырын майнинг орнатылғанын қалай білуге болады

Егер компьютер айтарлықтай баяу жұмыс істейтін болса, онда компьютерді жасырын майнингтің қолданылуы тұрғысынан тексерту қажет. Жүйені антивируспен тексеріп көру керек, бірақ бұл толыққанды көмектеспеуі мүмкін.

Жасырын типтегі майнерлер оларға жасалуы мүмкін кедергілердің алдын-алу мақсатында:
- әдеттен тыс іске қосуды пайдаланады;

- оларды тоқтатудың санкцияланбаған/рұқсат етілмеген әрекеті кезінде бірнеше қайта іске қосу үрдістерін қолданады;

- егер жасырын майнингке қажетті файлдарды біреу өшіруге тырысса, шұғыл қайта жүктеуді пайдаланады;

- антивирустар үшін тосқауылдар енгізеді.

Айта кетерлік жайт, криптовалюталарды жасырын майнинг көмегімен өндіру — заңды іс-әрекет емес, сондықтан оны xакерлік шабуылдарға теңестіріп, ол үшін жауапкершілікті арттыру жоспарлануда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)