Өлең, жыр, ақындар

Қолданушылар арқылы пайда табу (майнинг) – ғаламтордан ақша табудың жаңа әдісі

Бүгінде адамзатты Марсқа ұшумен де таң қалдыра алмайсыз. Әрине, ақыл-ойы жоғары адамдар үшін ол ойланарлық жағдай. Бірақ, соңғы кезде көптігінен көз сүрінетін криптовалюта мен блокчейн тақырыптары оның не екенін білмейтін адамдарды да әуреге салып қойды. Бүгінде осы блокчейн, криптовалюталар және криптовалюталар майнингінің (олжа) дәуірі жүріп тұр. Мұндай өрлеу тіршіліктің басқа салаларына да ақылға сыймайтын өзгерістер әкеліп жатыр. Мысалы, ғаламтордағы жарнаманы алайық. Бір жыл бұрын ғана ешкім көпшілік кеңістікте ғаламтордағы классикалық жарнамалардан құтылып, оны сайтқа кірушілердің есебінен «крипталардың» майнингімен алмастыруға болады деп ойламаған. Ал бүгін осы әдістерді сынап көріп, тіпті қолданысқа енгізуге тырысып жатыр.

Ғаламтордағы әдеттегі жарнаманың несі жаман?

Ғаламтордағы қазіргі жарнамалардың қандай екенін еске түсірейік. Бәрі айдан анық, оның мақсаты – пайда табу. Ал ол пайданы сайтқа кіріп, өзіне қажетті ақпараттарды алған қолданушылардың арқасында табуға болады. Қолданушыларды ғаламторда қажетті ақпараттармен, ресурстармен қамтамасыз ете отырып, әрі жұмысқа қабілетті инфрақұрылымды сақтай отырып, мұны пайдаға кенелу жолымен жалғастыру үшін өзін ынталандыруы керек. Сол себепті бір шертіп қалсақ, бізді одан әрі ала жөнелетін көптеген баннерлер мен коммерциялық сілтемелерді көреміз. Кейбір жағдайда жарнаманың қаралым саны ғана жеткілікті. Сондықтан жарнама үшін қолданушылар тарапынан болатын әрекет қағидасы бойынша бөлінетін бірнеше себепті негізге ала отырып ақы төлеуге болады – жарнамаға жай ғана қарайды (арзан), сілтемені басады (қымбатырақ) немесе сілтемеге өтіп ашылған сайтта қандай да бір әрекет, мысалы сауда жасайды (қымбат). Бірақ, жарнаманы пайдаланып қандай да бір әрекет жасайтын қолданушылар саны үнемі көп бола бермейді, оның көрсеткіші ешқашан да 100%-дық белгіні көрсеткен емес. Оның үстіне, көптеген қолданушылар пайда табу жолын кесіп, жарнамаларды мүлдем бұғаттап тастайды.

Сайт қолданшуылары арқылы веб-майнинг (веб-пайда табу)

Қолданушылар есебінен криптовалюта майнингі бұл жүйені түбегейлі өзгертті. Ақпарат алу үшін сайтқа кірген кезде сайт кодына кіріктірілген арнайы скрипт автоматы түрде қолданушының компьютерінің процессорлық қуатын немесе смартфонын майнинг үшін қолдана бастайды. Оның қарымтасына қолданушы жарнамаларға назар аудармастан, сайттан өзіне қажетті мәліметтерді тез ала алады. Батыста кең тараған The Pirate Bay торрент сайты дәл осы әдісті пайдаланған. Бұл ресурс негізі қолданушыларына ешқашан жарнама көрсеткен емес. Тек кейбір тақырыптық парақшаларда ғана жарнамалық баннерлер болған. Негізгі пайда көзі сайтты жақсы көретін қолданушылардың қайырымдылық ретінде берген садақалары болды. Бірақ майнинг үшін скриптіні қолдану сайттың ақша табудың жаңа деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

Бұл технология ThePirateBay сайтында қолданушылардан жасырын болды. Сайт қолданушылары өздері күдіктенбестен сайт қожайындарына Monero криптовалютасынан пайда табуға көмектесті. Құпия ашылып қалған кезде көпшілік оған наразылықтарын білдіріп, ақпарат құралдары ресурс қожайындарын алаяқ деп айыптады. Бірақ торрент ресурсының қожайыны бәріне ақылға сиымды түсініктеме берді: «Біз сіздерге ресурстарыңызды криптовалюта майнингіне пайдалану мүмкіндігінің орнына жарнама көрсетпейміз». Ойлап қараңызшы, The Pirate Bay-ды айына 347,5 миллион қолданушы пайдаланады. Бұл әдеттегі режимде әрі кеткенде 20%-ға қолданылатын дербес компьютерлердің, ноутбуктердің, планшеттер мен смартфондардың бүтін бір жасағына тең.  Онда, ең болмаса қалған 50%-ды майнинг үшін неге қолданбасқа? 

Мұның арты немен аяқталуы мүмкін?

Қолданушылар үшін бұл жағдайдың екі жағы бар. Бір жағынан, көпшілік көз алдына көлбеңдеп жарнама шыға бермейтініне қуанса, екінші жағынан, осындай пайда табу жүйесі ресурсқа кірген сайын құрылғысының «қиналып, баяу жұмыс істеп» қалғаны елдің бәріне ұнай бермесі анық. Өйткені қолданушылардың бәрінде қуатты, заманауи ноутбук жоқ, ал смартфондары жүктеудің шегіне жетіп қалғанда батареясы отырып қалуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда компьютерге жүктеу қалыпты болып есептеледі. Мысалы, графикалық редакторлар, бірнеше мессенджер, 30+ ашық қосымшасы бар бірнеше браузер терезелері бар iMac 5K қарастырайық. Осының бәрі процессор қуатының тек 30% ғана пайдаланады. Қалған 70%-ы майнинг үшін қол жетімді. Ал The Pirate Bay болса ол көрсеткішті 20-30%-дан асырмаған. Осыдан шығатыны, егер браузерлер ресурстарды тек парақшаның белсенді жүктелімі кезінде пайдаланатын болса, онда қорқатын ешнәрсе жоқ. Оның үстіне, пайда табудың осындай әдісін ашық пайдаланатын немесе пайдалануды жоспарлап жүрген сайттар  скриптінің жұмысын реттей алады. Мысалы, жүктеу пайызын белгілеу, бірегей қолданушылардың белгілі бір кіру санында скриптерді қосу санын шектеу немесе алынған валютаның белгілі бір мөлшерін қолданушының өзіне беру. Егер бұл шарттар көңілге қонымды болса, онда олармен келісуге болады. 

Ал егер мұндай шешім қолданушының келісімінсіз немесе ондай әрекеті туралы сайт қолданушысы да, сайт әкімшілігі де білмейтін үшінші тұлға тарапынан болса, онда бұл басқа мәселе. Мұндай жағдай үшін веб-майнингті бұғаттауға арналған плагиндерді қолдануға болады. Иә, ондайлар да бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз